Компьютердің ең негізгі бөлігі . Формасы бойынша корпус түрлері мынадай болады: Desktop – жазық корпус (көлденеңінен орналасатын); Tower – баған түріндегі (тігінен орналасатын). Жүйелік блок Корпустың алдыңғы жағында Power – іске қосу, Reset – қайта қосу, қоректену және ДК жұмысының индикаторлар батырмалары болады.
Процессор немесе микропроцессор компьютердегі орталық мәліметтер өңдеу құрылғысы болып табылады. Процессор бағдарламалар жұмысына қажетті есептеулерді орындайды. Процессордың жылдамдығы мегагерц-пен (МГц) немесе (ГГц) өлшенетін оның ырғақтық жиілігімен анықталады.
Тактілік жиілік уақыт бірлігінде процессормен орындалатын қарапайым амалдардың санын (тактісін) анықтайды. Қазіргі кездегі процессорлардың тактілік жиілігі МГц-пен өлшенеді (1 Гц бір секундта бір амалды орындаумен сәйкес келеді).
Разрядтылық процессордың бір тактіде өзінің регистрінде қанша бит мәліметті қабылдай және өңдей алатындығын көрсетеді.
Кэш-жады – бағдарлама кодын және мәліметтерді уақытша сақтауға арналған жылдам әрекет жасайтын жады.