ЖҮкті әйелдердегі ішкі ағзалардың аурулары. ЖҮктілік және бүйрек



Дата19.05.2017
өлшемі8,68 Kb.
#16407

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ІШКІ АҒЗАЛАРДЫҢ АУРУЛАРЫ. ЖҮКТІЛІК ЖӘНЕ БҮЙРЕК.

БІЗ КІМГЕ НЕ ҰСЫНАМЫЗ?

  • «Жалпы медицина» - 051301 мамандығы бойынша V курс студенттеріне арналған «Жүкті әйелдердегі ішкі ағзалардың аурулары. Жүктілік және бүйрек» біріктірілген элективті модулі, барлығы 135 сағат, оның ішінде «Жүкті әйелдердегі ішкі ағзалардың аурулары» - 90 сағат (тәжірибелік сабақ – 60 с., СӨЖ – 30 с.), «Жүктілік және бүйрек» - 45 сағат (тәжірибелік сабақ – 30 с. СӨЖ – 15 с).
  • Дайындау бағыты: «Жалпы тәжірибелік дәрігер», «Терапевт»

ОЛАРДЫ ОҚУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

  • Жүкті әйелдердегі ішкі ағзалардың экстрагенитальді аурулары ананың аурушылдығы мен өлімінің себебі болуы мүмкін, фетальді асқынулардың (плацентаның ажырауы, құрсақ ішіндегі дамудың кідіруі және ұрық дамуының аномалиялары, ұрықтың жатыр ішіндегі өлімі, уақытынан бұрын босануы) қаупін жоғарылатады

БІЗДІҢ МАҚСАТТАРЫМЫЗ:

  • жүкті әйелдердегі ішкі ағза ауруларының диагностикасы мен емдеу әдістері туралы білім беру және үйрету

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ҚАНДАЙ ІШКІ АҒЗА АУРУЛАРЫН ОҚИСЫЗ?

  • Біріншілік және екіншілік артериальді гипертензия
  • Туа пайда болған және жүре пайда болған жүрек ақаулары
  • Жүрек ырғағының және өкізгіштігінің бұзылыстары
  • Перипартальді кардиомиопатия
  • Пневмония
  • Бронх демікпесі
  • Созылмалы гепатит
  • Ревматоидты артрит
  • Дәнекер тіндерінің диффузды аурулары

ЖҮКТІ ӘЙЕЛДЕРДЕГІ ҚАНДАЙ ІШКІ АҒЗА АУРУЛАРЫН ОҚИСЫЗ?

  • Зәр шығару жолдарының инфекциясы
  • Гломерулонефриттер және басқа созылмалы
  • бүйрек аурулары
  • Жедел және созылмалы бүйрек
  • жетіспеушілігі
  • Диабетикалық нефропатия

БІЗДІҢ МОДУЛЬДІ ОҚЫҒАННАН КЕЙІН СІЗДЕР БІЛЕСІЗДЕР:

  • жүктілік кезіндегі ішкі ағза ауруларының этиологиясын, патогенезін, клиникалық ағым ерекшеліктерін және асқынуларын
  • ішкі ағза патологиясы бар жүкті әйелдерді зерттеудің қазіргі кездегі клинико-лабораторлық және аспаптық әдістерін

БІЗДІҢ МОДУЛЬДІ ОҚЫҒАННАН КЕЙІН СІЗДЕР БІЛЕСІЗДЕР:

  • жүкті әйелдерде ішкі ағза патологиясы анықталғанда жүктілікті жалғастыруға және босануға қарсы көрсеткіштерді
  • ішкі ағза патологиясы бар жүкті әйелдерге және ұрыққа төнетін қауіп-қатерді

БІЗДІҢ МОДУЛЬДІ ОҚЫҒАННАН КЕЙІН СІЗДЕР БІЛЕСІЗДЕР:

  • гестациялық кезеңде, босану және босанған кейінгі кезеңдердегі ішкі ағза патологияларының дәлелдемелі медицина және халықаралық стандарттарға негізделген, жүкті әйелге және ұрыққа қауіпсіз фармакотерапияны

БІЗДІҢ МОДУЛЬДІ ОҚЫҒАННАН КЕЙІН СІЗДЕР БІЛЕСІЗДЕР:

  • жүкті әйелмен және оның туыстарымен, қызметтестермен сенімді қарым-қатынасты қалай орнату керектігін;
  • ана мен баланың денсаулығын сақтаудың құқықтық мәселелерін

БІЗ СІЗДІ ҮЙРЕТЕМІЗ:

  • ішкі ағза патологиясы бар жүкті әйелден анамнез жинауға;
  • ішкі ағза патологиясы бар жүкті әйелге объективті зерттеу әдісітерін: пальпациялауды, перкус-сиялауды, аускультация-лауды қолдануға, артери-альді қысымын өлшеуге және тамыр соғысын зерттеуді

БІЗ СІЗДІ ҮЙРЕТЕМІЗ:

  • ішкі ағза патологиясы бар жүкті әйелдерге керекті клинико-лабораторлық және аспаптық зеттеу әдістерін таңдауға және олардың нәтижелерін талдауға
  • жүкті әйелдердегі ішкі ағза ауруларының диагнозын құрастыруға

БІЗ СІЗДІ ҮЙРЕТЕМІЗ:

  • ішкі ағза патологиясы бар жүкті әйелдерге гестациялық кезеңде, босану және босанған кейінгі кезеңдерде емдеу жоспарын құруға;
  • пациенттермен және оның туыстарымен, қызметтестермен сенімді қарым-қатынас орнатуға;
  • командамен жұмыс істеуге

БІЗДІҢ МОДУЛЬДЕ ОҚУ БАРЫСЫНДА СІЗДЕР ИГЕРЕСІЗДЕР:

  • Клиникалық ой-өріс дамытуды;
  • Ғылыми ақпарат пен дәлелдемелі зерттеулерді сараптауды және ойластыруды
  • Ақпараттармен (оқулықтардағы, ғылыми әдебиеттердегі, анықтамалардағы) өздігіңше жұмыс атқаруды

БІЗДІҢ ДЕВИЗ: ДЕНІ САУ АНАЛАР – ДЕНІ САУ БАЛАЛАР



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет