КЕМПІРҚОСАҚ
Тұнық аспанның төрінен гүлдей құлпырған кемпірқосақты көргенде қуанбайтын, жүрегіне ынтық-тық, құмарлық нұры себілмейтін адам жоқ. Ол - жақсылықтың, шарапаттың нышаны. Түрлі-түсті боялған шеңберлер көктен төмен иіліп, ғажайып құдіреттің түсін танытады. Доғалана иілген жарты шеңбер тылсым әлемге енгізетін сиқырлы қақпа тәрізді.
Жердің төбесінде жібек орамалдай желбіреп , мың құбылып тұрады да, құпия құбылыстарды көлбеңдетіп елестеді. Жай көзбен қарағанда қол созым жерде тұрғанымен, кемпірқосаққа жақындай алмайсың, өте алыс...
Мәтінде не туралы айтылған?
Кемпірқосақтың түсі қандай?
Кемпірқосақты қайдан көруге болады?
Мәтінде табиғат құбылыстарының бірі – кемпірқосақ жайлы айтылған. Автор түрлі теңеулер арқылы кемпірқосақты сипаттайды және көрініс барысындағы сезімдерін білдіреді.
Үйлесімділік дегеніміз сөйлеу және жазу тілінде грамматикамен сөздердің логикалық үйлесімде болуы. Ал үйлесімділік құралдары мыналар: үстеулер (кейін, сосын, келесі); есімдіктер (ол, сол, бұл,); шылаулар (дегенмен, әйткенмен, себебі).
Жүйелілік дегенге келетін болсақ, ол оқырманға түсінікті болу үшін жазу тіліндегі идеялардың жүйелі және логикалық дұрыс байланыста болуы.
Белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасалады:
Әуелі жазғың келетін нәрсені анықтап алу.
Ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау
Бірінші нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру
Түзету ( қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)
Тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)
Дұрыс нұсқаны (екінші немес соңғы нұсқаны жазып шығу) жазу.
Достарыңызбен бөлісу: |