І.Кіріспе Әуезов үлкен гуманист адам еді. Ол өз халқын, оның биік мәдениетін шексіз сүйетін. Өзге халықтың әдебиетін өз халқының әдебиетіндей терең түсініп, оны құрмет тұтып, үнемі қошеметтеп отыратын.
Александр Корнейчук Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткерi, филология ғылымдарының тұңғыш докторы, еңбек сiңiрген ғылым қайраткерi Мұхтар Әуезов.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов фольклорды жинаумен, зерттеумен жастайынан шұғылданғаны белгілі. Ол ХХ ғасырдың жиырмасыншы жылдары «Таң», «Шолпан» секілді журналдарға өзінің ілкі зерттеулері мен жинаған фольклорлық мәтіндерінің бір парасын жариялай бастайды. Мәселен «Қазақ әдебиетінің қазіргі дәуірі», «Халық әдебиеті туралы», «Қобыланды батыр», «Әдебиет ескілігін жинаушыларға» секілді мақалалар осы кезеңде жарық көреді. Жиырмасыншы жылдардың басында жарық көрген осынау зерттеулер Мұхтар Омарханұлының жасы отызға толмағанымен ойы толысқан кәсіби зерттеушінің ғылым әлемінің табалдырығынан аттағанын көрсетеді. Бұл зерттеулерде Мұхтар Омарханұлының фольклор туралы ғылыми көзқарасы, анығырақ айтқанда фольклор табиғатының күрделі ерекшелігі, фольклор мен әдебиеттің айырмашылығы, фольклордың халықтың тұрмыс-тіршілігі, салты, тарихымен тікелей қабысып тұратындығы туралы ойлары анық бой көрсетеді.
Ұлы тұлға алғашқы жазушылық қадамын драматургия жанрынан бастаған. 1946 жылы Қазақстан Ғылым академиясының толық мүшесi болып сайланады. «Қыр суреттерi», «Үйлену», «Оқыған азамат», «Жетiм», «Заман еркесi» әңгiмелерi, «Еңлiк-Кебек», «Хан Кене», «Түнгi сарын», «Қарагөз», «Бәйбiше-тоқал» т.б атты пьесалардың авторы.
Әуезовтің қаламынан туған «Абай жолы» роман-эпопеясы әлем әдебиетiнiң таңдаулы туындыларының бiрi.
Сонымен қатар, жазушы қаламынан әдебиеттану саласының бірнеше жанры туралы өзекті зерттеу мақалалары мен сыни еңбектері де қазақ әдебиетінің ұлы мұрасы.
Жұмыстың өзектілігі. М.Әуезовтің қазақ әдебиеті мен тарихындағы алар орнын оның әдебиеттану ғылымына сіңірген еңбектерінсіз, атап айтқанда талант қыры жан-жақты ғалымның әдеби сын, теориялық тұжырымдарға толы ғылыми зерттеу еңбектерінсіз толық күйде сипаттап, талдап шығу мүмкін емес. Ол – қазақ әдебиеттану, фольклортану ғылымының негізін салушы ғалымдардың бірі. Әдебиетші ғалымның фольклор, әдебиет тарихы, әдебиеттер байланысы, абайтану мәселелері бойынша жазған еңбектері бір ғана қазақ әдебиеттану ғылымында емес, кешегі кеңес одағы көлемінде де аса жоғары бағаланып отырғаны тарихтан мәлім.