Жұмыстың тақырыбы: Ауданымызда жиі кездесетін паразит құрттар Жұмыстың ғылыми бағыты



бет1/4
Дата11.09.2017
өлшемі0,64 Mb.
#32015
  1   2   3   4
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ


ҒАБИТ МҮСІРЕПОВ АТЫНДАҒЫ АУДАН
НОВОИШИМ ҚАЗАҚ ОРТА МЕКТЕБІ

Жұмыстың тақырыбы: Ауданымызда жиі кездесетін паразит

құрттар

Жұмыстың ғылыми бағыты: Медицина және денсаулық

Секция: Өлкетану

Ғылыми жетекшінің аты-жөні: Галиев Жақсылық Мукажанович

М.Қозыбаев атындағы СҚМУ-нің

биология факультетінің аға оқытушысы


Жетекшінің аты-жөні: Қасымова Ләзім Талғатқызы

Биология пәнінің мұғалімі

Петропавл

2006 жыл

Мазмұны:


І Кіріспе.............................................................................................................6-7.

1.1 Паразит құрттар және олардың тіршілігі.................................................8-10



ІІ Зерттеу бөлімі

2.1 Ауданымызда кездесетін жануарлардағы паразит құрттар...................11-12

2.2 Адам ағзасында кездесетін паразит құрттар...........................................13-14

2.3 Құрттардың көбеюі мен дамуы.................................................................15-16

2.4 Жұғу түрлері мен аурудың белгелері.......................................................17-18

2.5 Кездесу жиілігі...........................................................................................20-23

2.6 Күресу шаралары.........................................................................................24

ІІІ Қорытынды.......................................................................................................25

ІV Пайдаланған әдебиеттер................................................................................26

2

Аңдатпа (аннотация)

Бұл тақырыпты алудағы басты себебіміз қазіргі таңда ең бір маңызды өзекті мәселелердің бірі- адам денсаулығы. Бұл мәселе бүкіл дүниежүзілік , мемлекеттік, облыс, аудан, ауылдық денсаулық сақтау мекемелері мен атқарушы органдардың тарапынан ғана орындалып жүзеге асатынын көруге болады. Зерттеу мақсаты: адам денсаулығы үшін зиянды паразит құрттардың тіршілігін, жұғуын және олардан сақтану жолдары талқылау. Осы таңдағы аудан адамдарының жағдайы.

Зерттеу жұмысымен айналысудың негізін санитарлық эпидимиологиялық станцияның анықтамалық материалдары құрайды.

Негізі ауданымызда жиі кездесетін қандай паразит құрттардың бар екенді туралы толық мағлұмат берілген, оған анализ жасалынған.

Зерттеу барысында сәйкестендіру, салыстыру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерді қолданылды.

Кіріспе бөлімінде жалпы паразит құрттар туралы мәлімет берілген. Ал негізгі бөлім алты бөлімшеден тұрады. Онда ауданымызды кездесетін жануарлардағы паразит құрттар, адамдағы паразит құрттар туралы, олардың көбею , жұғу, даму жолдары қамтылған. Сол сияқты паразит құрттармен күресу жолдары көрсетілген.

Жұмыстың ең негізгі бөлігі біздің ізденіс пен зерттеу жұмысы болып саналатын (2.5 көрсетілген) құрттардың кездесу жиілігі. Мұнда 2002-2006 жыл аралығындағы аудан бойынша зардап шеккен адамдар зерттеліп кесте, график, диаграмма арқылы көрсетілген. Рабинович әдісі арқылы зерттеушімен бірлесе отырып, балалардан үшкірқұрт пен ішексорғы құрты табылып зерттелген. Соңында берілген қорытындыда жұмыстан шыққан нәтижелер мен оқушының өз пікірі жасалынған.

Зерттелген жұмыстан мынадай қорытынды шығады:


  • біздің ауданда 2002-2006 жылы аралығында 431 адамның ауырғандығы;

  • бұл аурулар әсіресе балаларда көп кездесетіндігі;

  • құрттардың зардабынан адам өлімі болғандығы;

  • ересек адамдарға қарағанда балалар үшін өте қауіпті болдатындығы;

  • бұл аурулуардың жеке бас гигиенасын дұрыс ұстамағандықтан, жануарлар мен құстар арқылы, шикі ет пен балық арқылы жұғатындығы туралы айқындалып көрсетілді.

3
Аннотация

В последнее годы становится все более актуальным изучение «Паразитология и паразитарные болезни». Следует подчеркнуть, что в настоящее время в связи со значительным расширением международных контактов все чаще отмечаются случаи завоза экзотических или практически ликвидированных на территории нашей страны тропических болезней. Эту проблему нужно решать всей нашей республикой, областью, районом.

Цель настоящего исследования заключается в обнаружении паразитических червей (гельминтов), в организме человека и их распространение.

Источником исследования послужила лабораторные исследования, отчет о профилактических мероприятиях в СЭС, диаграммы за 2002-2006 год, таблицы, графики. Приемом сплошной выборки из перечисленных источников было извлечено более 430 гельминтов. Основным методом исследования является метод Рабиновича, в рамках которого применялись приемы классификации материала, прием сравнения и анализа.

Во время исследовательской работы мы провели ряд профилактических мероприятии:


    1. «Пути заражения детей гельминтами» (лекция среди учащихся начальных классов).

    2. «Чистота – залог здоровья!» конкурс рисунков среди учащихся среднего звена.

2. Нами создано презентация на тему «Паразитические черви».

Во время исследовательской работы мы пришли к такому выводу:

- паразитические черви очень опасны для человека


  • в нашем районе за 2002-2006 годы заболело 431 человек из них 425 дети

  • эти болезни встречаются чаще у детей

  • по сравнению с взрослыми дети тяжелее переносят

  • эти болезни передаются и появляются:

  1. если не соблюдать личную гигиену

  2. через животных и птиц

  3. употребление сырого мясо и рыбы

Данная исследовательская работа может быть использована в качестве методического пособия для учителя биологии.

4

The Summary.

Studying “Parasitological and parasitic illnesses” are being more and more actual problem of our day. It is necessary to emphasize, that the world is changing rapidly and significant expansion of the international contacts, in some cases may deliver exotic or practically Liquidate in the territory of our country of tropical disease, illnesses. These disease are hah been found in our country too.

This problem needs to be solved by everyone, by our republic, regions and districts. The aim, purpose of this investigation, research consists the detection of parasitic worms (гельминтов) in the organism of a person and their distribution.

The investigation has based on laboratory researches, reports on preventive actions of CЭС, diagrams for 2002-2006, tables, schedules.

Comparative methods of the scientific work, investigation found out more than 340 гельминтов.

The basic method of the (research) investigation is the method of Rаbinovichs in method in which receptions of comparison and the analysis were applied.

During the research work we have carried out a number of preventive actions:



    1. “Ways of children’s catching infections.

    2. Cleanness is the Pledge of the health. (Competition of pictures, drawings of pupils).

  1. We created a presentation on a theme “Parasitic worms”.

During the research work we made such a conclusion:

  • Parasitic worms are very dangerous for a person.

  • In our district since 2002-2006 were ill 431 person from them 425 were children.

  • More often these are the children’s disease, illnesses.

  • Children suffer more than elder people.

These diseases pass from one to the other:

  1. If we do not keep cleanness if we do not keep personal hygiene.

  2. Animals and birds pass them.

  3. The use of raw meet and fishes.

5

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі.

Қазіргі таңда барлық денсаулық сақтау мекемелерінің және дүниежүзілік денсаулық қорғау және зерттеу мекемелерін толғандырып отырған жайт - адамның келешегі мен денсаулығы үшін өте қауіпті аурулардың етек алып жайылып кетуі. Бұл аурулардың көбі паразит құрттардың салдарынан болатыны зерттеліп отыр. Паразит құрттардың бүкіл дүние жүзін кең көлемде алып кеткені соншалықты, тіпті барлық зертханалық орындары және зерттеуші адамдардан да көп. Бүгінгі күнгі басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасап,бір елдің екінші елмен байланысы паразиттердің таралуы мен жайылуына жол ашып отыр. Міне сондықтан да санитарлық эпидемиялық мекеменің «Паразитология және паразитті аурулардың» саласы үлкен жұмыс істеуге талап қойылып отыр. Ол үшін осы саладағы ғылым мен кітаптар, зерттеу үшін зертханалық құралдар осы заман талабына сай сапалы болу керек

Олар барлық өздеріне қолайлы жерде өмір сүреді. Қазақстан елінің медицинасы әлі ақсап келе жатқаны өтірік емес, ал оған қарамастан паразит құрттармен күресу жұмыстары жүргізіліп жатыр.Олармен күресті бүкіл қоғам болып қолға алмасақ, ертең-ақ олар біздің өміріміздің бір бөлшегі болып қалмайтындығына кім кепілдік бере алады.

Зерттеудің мәселесі.

Менің осы ғылыми жобаны алу себебім: адам денсаулығы үшін паразит құрттардың қаншалықты зиян екенін және олардың қандай түрлері бар екендігін көрсету.Бұл құрттардан болатын аурулардан қалай сақтанып, қалай болдырмау керектігін үйрену. Олардың қай жас аралығында көп кездесіп, балалар қандай құрттармен жиі ауратынын көрсету.

Өзімнің тұрып жатқан жерімде қандай паразит құрттар бар, олар қандай жағдайда жұғады, неше аралық жастарда көп болды, ересек адамдар үшін әлде жасөспірімдер үшін қауіпті ме екенін зерттеу. Ауданымызда осы құрттармен қандай күресу жолдары бар, ал жалпы осы ауруларды болдырмау және оның алдын алу қандай екенін үйретіп, адамзат баласының денсаулығын нығайту жолында еңбек ету болып отыр.

Ол үшін мен 2002-2006 жылдар аралығындағы ауруларды, қай жаста көп кездесетінін зерттеймін. Зертханалық жұмыстарға қатысып паразит құрттардың түрлерімен , тіршілігімен таныстыру. Олардың қауіптісін зерттеп, оларға күрес жолдарын үйрену.Әдебиеттерден, интернет жүйесінен паразит құрттарды жаздым ,салыстырмалы кестелерді талқылап отырмын.

6
Зерттеу болжамы: Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, сәйкестендіру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім. Балаларда қанша үшкірқұрт және ішексорғы құрт барын Рабинович әдісі арқылы қалай тексеретінін сұрап, микроскоппен қарадық. Зерттеу бөлімі 6 бөлімнен тұрады. Алдыңғы үш бөлімде жалпы паразит құрттар дегеніміз не, олар қалай тіршілік ететінін , олардың көбеюі мен дамуы қалай жүзеге асатындығына тоқталынды.

Таралу және жұғу себептеріне тоқталып, анық сипаттама және мәселені шешудің жолдарына анықтама берілді.



Зерттеу пән:і Адам денсаулығы мен медицина бағыты .

Зерттеу объектісі: Ауданда кездесетін паразит құрттар.

Зерттеу мақсаты: паразит құрттардың ауданда қандай түрлері кездесетінідігі туралы деректер іздеу. Олардың адам ағзасы үшін қандай қауіп төнетіндігі туралы анықтау. Қай құрт қандай ауруды әкелетіндігін білу.Науқас адамдармен сұхбаттасып қай жағдайда паразит құрттармен ауырғандығын анықтау.

Зерттеу міндеттері: Менің міндетім барша адамға паразит құрттардың адам үшін зияндылығын көрсету. Олардың санын азайтуда мәселе қозғау. Балалар мен ересек адамдарға осы аурулардың жұғуы мен болдырмауы туралы үйрету. Мектепте алдын алу мақсатында жарнамалар жүргізу.Орта буындарда лекция оқып, «Тазалық-денсаулық кепілі» деген ұранмен сурет көрмесін ұйымдастыру, ал бастауыш сыныптарды «Паразит құрттардың жұғу жолы» деген диктант жаздырып, балаларды осы құрттардан болатын аурулардан алдын алу жұмысын жүргізу .

Зерттеу кезеңдері: Осы ғылыми жұмыс мынадай кезеңдерден тұрады. Дүние жүзі бойынша паразит құрттардан болатын ауруларды кездесу жиілігі(1996 жылғы Женева қаласында өткен бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемелерінің анализі бойынша) адамдар мен жануарлар ағзасында кездесетін құрттар туралы материалдар. Өзімнің зертеу жұмысым (диаграммалар, кестелер) арқылы паразит құрттардың аурулары туралы мағлұматтар. Соңында күресу шаралары мен қорытынды шығарылды.

Жұмыстың жаңашылдығы: Паразит құрттар жайында орысша көп материалдар болғанымен , қазақша аудармасы бар әдебиеттерді кездестіре алмадық. Сондықтан біз осы құрттар жайында табылған материалдарды қазақшаға аудардық. Паразит құрттар жайында мектеп бағдарламасында көмекші құрал ретінде пайдалануға болатын презентация жасадық. Оның ішінде паразит құрттар туралы видео және пысықтауға арналған тест сұрақтары бар. Мұны толықтырып және өңдеп мультимедиялық сабаққа қолдануға болады. Сонымен қатар құрттарға толық және тереңірек өту үшін біз кітапша ретінде дидактикалық тапсырмаларды ұсынамыз.
7

І Кіріспе бөлімі

1.1. Паразит құрттар және олардың тіршілігі

Халық мемлекеттің негізгі байлығы. Ал халық денсаулығы басты байлық. Егер халықтың дені сау болса онда алға қойған мақсатты орындап елдің ауқаты да өседі. Денсаулық сақтау мекемелері осы күнге дейін паразит құрттармен талай кездесіп олармен күрес жасап келеді. Дүние жүзінде осы паразит құрттардан миллиардтаған адамдар зардап шегеді. Дүние жүзі бойынша 10 жыл ішінде 4,5 млрд адам паразит құрт ауруымен ауырған. Оның 95%-ы паразит құрт бойынша. Санақ бойынша Еуропада үш адамның бірінде паразит құрт тіршілік етеді. Росс Андерсонның зерттеуі бойынша АҚШта болатын аурулардың 85% паразиттен болады. Жыл сайын дүние жүзі бойынша 14млн адам өледі.

Дүние жүзі бойынша 4млрд адам үшкірқұрттан, 102 млн адам ішексорғымен, 900млн адам анкилостомоздан, 700млн адам трихоцефалоздан ауырған. Осы жылғы Скрябин атындағы Академияның гельминтологтарының зерттеу барысында жалғыз Мәскеу қаласынының бақтарында иттердің денесінде кездесетін фекалиийлердің жұмыртқаларының 40%-ы болады екен.

Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау мекемелері 1996 жылы Женева қаласында мынадай салыстырмалы кестені талқылаған. Мұнда осы жылға дейінгі (рак) ісік аурумен ауырған. 1-кесте



Дүниежүзі бойынша паразит құрттардан болатын ісік аурулары

Ісік аурулары

Бір жылда қанша адам ауырады

Қаншасы паразит құрттан болады

бауыр

527

82%

өкпе

1020

90%

қуық

500

100% (шистосомоз)

жатыр ісігі

200

100% (шистосомоз)

әйел адамдағы

529-390

80-83%

Осы кестеден мен мынадай тұжырым шығарамын. Біріншіден паразит құрттар ішкі мүшелерді соның ішінде бауырды, өкпені , қуықты және жыныс мүшелерін зақымдайды. Адамға ауыз арқылы еніп асқазанға түскесін, оның қабырғаларын жыртып қан арқылы өзіне қажетті мүшелерге барып, ісік тудырады.

Гельминттер- бұл көпжасушалы, құрттардың сколецид (Scolecida) деп аталатын төмен сатысына жататын паразитті түрлері. Жалпы омыртқасыз жануарлардың құрттар тобы үлкен үш класқа жатады. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар. Ал барлық гелминттерді үш класқа бөлеміз: трематодтар немесе сoрғыш (Trematoda) құрттар , таспа құрттар немесе цестодалар (Cestoda) және жұмыр(Nematoda) құрттар. Паразит түрлері тек қана тірі ағзалардың дайын тамағымен қоректенеді. Олардың қосымша, аралық және негізгі иелері болады. Негізгі иелеріне көбіне адам немесе ірі қара малдар, ал қосымша иеге былқылдақденелер немесе жәндіктер жатып, оның ішінде құрттар уақытша өмір сүреді. Осы паразит құрттарды 1931жылы Скрябин мен Щульц зерттеп паразит құрттарды биогельминт және геогельминт

8
деп бөлді. Биогельминт дегеніміз-олар жануар арқылы адамға беріледі, ал геогельминт дегеніміз-топырақ арқылы адамға беріледі.

Трематодтар- денесі бунақталаған таспа немесе жапырақ тәрізді құрылысты дене көлемі үлкен емес құрттар. Барлық трематодтар- қосжыныстылар. Бұлардың барлығы биогельминттер. Олардың барлығында екі сорғыштары бар. Оның бірі ауызында-сору үшін, екіншісі құрсағында- бекіну үшін. Осы құрттардан болған ауруларды жалпылама трематоз деп атайды.Олардың 5000 -7000-ға дейін түрі бар деп есептелінеді.

1. Мысық сорғыш

2. Клонорх

3. Дикроцелий

4. Фасциол

5. Парагоним

6. Нанофиет

7.Метагоним

8.Шистосома

Цестода класы.

Цестодалар-олар жалпақ жіпше пішіндес болады. Құралған мүшелерін-проглатид деп атайды. Ұзындығы мен мүшелерінің айырмашылығы бір-бірінен өте көп. Оларда асқорыту жүйесі, тыныс алу жүйесі жоқ. Олардың көбі биогельминттерге жатады. Адамның ағзасын бірнеше ондаған цестод түрі мекендеп зақымдайды.Цестодадан пайда болатын ауру-цестодоз деп аталады.

1.Жіпше құрт

2.Сиыр цепені

3.Шошқа цепені

4.Эхинококк

5.Альвеококк

6.Егеуқұйрық цепені

Немотод класы.

Кей гельминтар немотод класына жатады. Олардың денелері дөңгелек, жұмыр ,цилиндр тәріздес болады. Дара жынысты. Олардың дамуы тура жолмен жүреді және бірнеше иелері арқылы беріледі. Немотодтан пайда боладын ауруды немотодоз деп аталады.

1.Үшкірқұрт

2.Ішексорғы

3.Власоглав

4.Стронгилоид

5.Трихостронгилид

6.Трихинелла

7.Филярии

Құрттар барлық өзіне қолайлы жерлерде кездеседі. Олардың саны миллионға дейін барады.


9

Сорғыш құрттардың барлығы дерлік қосжынысты болып есептеледі. Олардың көбі дерлік аталығы мен аналығы бір ағзаның ішінде кездеседі.

Ол қасиет өздігінен емін еркін қосылып ұрықтануына жол ашады.

Яғни олар тек тірі ағзаларда ғана көбейіп дами алады. Олардың бас бөлігінде және құйрық бөлігінде екі түрлі сорғыштары бар. Оның бірі сору үшін, ал бірі бекіну үшін керек. Қармалауыштары арқылы негізгі иенің денесіне енген соң мүшелердің жұқа қабырғаларын жыртып, қан тамырлар арқылы өте қажетті мүшелерге барады да, бірнеше жылдарға дейін дайын тамақпен қоректеніп жатады

Бұлар адамның ішіне енген кезден бастап-ақ, өзінің өкімін жүргізе бастайды. Олар өте қауіпті құрттар , себебі жыл сайын барлық елдерде бұл құрттармен кездесіп өлімге душар болып жатады. Ал бір адамның өлімі ол сол елдің мәселесі.

Сондықтан бұл паразит құрттарға немқұрайлы қарамауымыз керек, олардың жер бетін жайылып кетпеуі үшін алдын ала дабыл қағуымыз керек.

10
ІІ Зерттеу бөлімі

2.1. Ауданымызда кездесетін жануарлардағы паразит құрттар.

Паразит құрттардың кей түрлері біздің жерімізде біреулері сирегірек кездесіп отырады. Кейбір паразит құрттар тек қана жануардың ағзасында ғана дамып , көбейе алады.Мал шаруашылығына зиянды құрттарға тоқталып кетейік.

Иттің эхинококкозы (Echinococcus granulosus) таспа құрт. Ол иттің, қасқырдың және шибөрінің ішегінде өмір сүреді. Дене тұрқы 3-5 мм, 4 сорғышы бар екі қармалауышты басы және 3-4 таспасы бар. Соңғы таспасы дамып жетілген дене бөлігі болып саналады. Оның жұмыртқасы нәжіс арқылы шығып терісіне жұғады. Аралық иесі- сиыр мен қой, шошқа. Дернәсілі- онкосфера деп аталады. Ішке кіргесін қан тамырлардың қабырғасын жыртып ішке еніп, өкпеге, бауырға, сүйек пен бұлшықетке өтеді. Мүшелерге барған соң бірінші, екінші және үшінші реттік көпіршіктерге айналады. Өте қауіпті гельминт.

Тауықтын паразиті Eimeriamitis өзінің барлық даму кезенін (шизогония, гаметогания, ұрықтану, ооцистаның түзілуі) ішек эпителиінде өтеді.Бірақ кей жағдайда кокцидияның кейбіреуі ішек қабырғаларының терең қабатында дәнекер ұлпада өтетіндігі байқалды.

Үй қоянда паразит ететін Eimeria mаgра-ның тек қана гамонтты емес, ал шизонттары да суб эпителий қабатында дамиды екен. Кокцидияның әртүрлі даму кезендерінің дәнекер ұлпада жайласуы паразиттің зақымымен эпителий жасушаларының эпителилдық пласт түсіп кетіп өзі төменде жатқан ұлпаға қатып кетумен байланысты.Сол жерде ұзақ уақыт дамиды.

Жалпақ құрттар типіне жататын паразит құрттар: Миқұрт .

Бұл жалпақ құрттар типінің, таспа құрттар типінің өкілі болып табылады. Миқұрт иттің, қасқырдың, түлкінің және т.б. жыртқыштардың ішегінде, көпіршікті сатысында қойдың миында тіршілік етеді. Жыртқыштар ішін босатқан кезде ондағы миқұртының жұмыртқалары сыртқа шығып шөпке жабысады.

Жайылып жүрген қой шөп жегенде оған қоса миқұрттың жұмыртқасы да қарынға өтіп, одан қан арқылы миға орнығып, финканың бірнеше бастары орналасады.

Көпіршіктің көлемі де , салмағы да артып, ми сауытының ішкі жағына қысым түсіреді. Көпіршікті финканың орналасуына қарай қой басын кекжитеді, тұқыртады немесе бір орында тұра алмай , шыр айналады.

Сондықтан миқұрттың дернәсілі зақымдаған қойды айналма немесе тентек деген аурумен аурады деп есептейді.

Ғылым тілінде бұл ауруды ценуроз деп атайды. Қой- миқұрттың аралық иесі, оның негізгі иесі- қасқыр тұқымдас жыртқыштар.Жыртқыштар миқұрттың дернәсілімен зақымданған қойдың басын жеп , өзіне жұқтырады.

Миқұрттың дернәсілі жыртқыштардың ішінде дамып , тұрқы 40-100см, жалпақтығы5см –ге дейін жетеді де , көбейіп , жұмыртқалайды. Жұмыртқадан дамыған көпіршік тәрізді финканыңм үлкендігі көгершіннің жұмыртқасындай болады. Айналмамен ауырған қой отығудан қалады да , мүлде азып , ақыры өледі.

11
Айналмамен ауырған қойға ем де қонбайды, сондықтан аурудың алдын алу үшін ауырған қойдың басын ит немесе басқа жыртқыштар жей алмайтындай етіп жерге көму керек.

Қой, ешкі, сиырда кездесетін – таспа сорғышқұрт. Дикроцелиоз ауруын тудырады. Таспаша сорғыштың жұмыртқасы құрлықта тіршілік ететін ұлу денесіне түседіде , өсіп жетілісімен сілімейге шыланып, тыныс тесігі арқылы сыртқа шығады.Ұзындығы-8-10мм.

Қоздырғыш сорғыш құрттар кіреді.Олар негізінен көз және шыны тәрізді денелерде тіршілік етеді. Гельминттердің ересек кезеңдері балық жеуші құстардың , шағалалардың бірнеше түрінде, ал үйректерде сирегірек кездеседі. Аралық иенінің қызметін таспа ұлулары, қосымша қызметін тұқымтектес балықтар болып есептелінеді.

Ақыры иесі шағалалар, паразит құрттардың митоцеркарилердің зақымданған балықтарды жеп, өздеріне осы аурудың дернәсілдерін жұқтырады.

Ауру балықтың көз бұршағы мөлдір болмай, лайлана бастайды. Инвазия қарқынды өтсе және жоғары болса балық соқыр болады. Су бетіне қалқып шығады, қозғалысы бұзылады, көзі көрмей қалған балықтар балық жеуші құстардың жеміне айналады.

12

2.2. Ауданымызда кездесетін адамдағы паразит құрттар .



Ішексорғы (Ascaris lumbricoides)

Ол ақ түсті ондай үлкен емес.Ішексорғының алдыңғы ұшында ауызы, соңғы бөлігінде аналь тесігі болады. Аузында үш еріні бар.Сол еріндері арқылы ішектің қабырғасына қадалып , зақымдаған жерінен қан сорады. Дара жынысты , аналығынан аталығы қысқа және аталығының құйрығы майысқан.Аналығы 40см, ал аталығы 20см-ге дейін жетеді.



Ішексорғының жұмыртқаларының түсі-түссіз, жіңішке, ұзындықтары 1,05 мм, тегіс және сыртқы қабаты жақсы жетілген.


1-аузы


2-жұтқыншағы

3-6-жыныс мүшелері

7-аналь есігі
1- сурет Ішексорғының құрылысы.
Оның жұмыртқасының бір жағы тегіс, ал екінші жағы дөңес және жұмыртқаның ішінде қоймалжын зат бар. Лас қол немесе ыдыс-аяқ, жуылмаған көкөніс арқылы жұғады.

Сиыр цепені.(Taeniarhynchus saginatus)

Ұзындығы 4-10м . Басының диаметрі 1-2мм Денесі бастан, мойыннан және бунақтардан тұрады. Басының және мойынның бунақтары кіші, ал төмен қарай бунақтар үлкейе береді. Соңғы бунақ жынысы жағынан пісіп жетілгені болып саналады. Толық піскесін үзіліп өзі дара болып шығады.. Ол 1000-2000 бунақтан тұрады. Оның жатыры жұмыртқаға толы болады.Жұмыртқа саны -157000. Ол адам ағзасында 20 жылдай өмір сүре алады.



Үшкірқұрт Острица.(Enterobius vermicularis)

Ол ең көп тараған құрттың бірі. Оны социал- экономикалық топтарда көп кездестіреді, әсіресе балалар арасында. Олар қауіпті емес, бірақ олар дискомфорт туғызады. Олар көбіне ақ түсті болып келеді және ол баланың тік ішегіне көп жұмыртқа салады. Содан балада ұйқысыздық, шаршау, іштің өтуі байқалады.Кір қол арқылы қайта ауызға түсіп қайталануы мүмкін. Оның аталығы мен аналығы бөлек орналасқан нематод түрі. Аталығының ұзындығы 2-3 мм, ал аналығының ұзындығы 9-12мм. Үшкірқұрт үшкірлеу және ақшылт болып келеді .Бас жағын микроскоппен қарағанда үш ірі ерні болады. Аталығының құйрығы әрдайым құрсағына қарай имектеліп майысып тұрады. Жасушаның ішінде бір жасуша бар , ол қара түсті болып келеді.



8-сурет Баланың тік ішегінен табылған үшкірқұрт

13

Эхинококк(Echinococcus granulosus)

Өте ұсақ цестода түрі, ұзындығы3-5мм, ақ түсті. . Басында 4 сорғышы және 2 қармалауышы бар. Оның денесі 3-4 таспадан тұрады. Ең соңғы таспасы ірі , жынысы жетілген ,әрі жұмыртқаға толы болады, онда 800 жұмыртқа бар.Эхинококк ересек түрінде иттің , қасқырдың, шибөрінің кей кезде ғана мысықтың шегінде кездеседі . Соңғы таспасы піскеннен кейін сыртқа нәжіс арқылы шығып, жүніне жұғады. Дернәсілін онкосфера деп атайды.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет