Жобалап оқыту технологиясын физика сабағында қолдану әдістері



бет1/2
Дата26.05.2022
өлшемі1,04 Mb.
#145070
  1   2
Байланысты:
жобалап оқыту тех
1603685593 1, фарм 11, патофизиология 6, Тапсырма днк

Жобалап оқыту технологиясын физика сабағында қолдану әдістері
Орындағандар: Қаппарбек Ұлдар
Нұралы Ақнұр
Төлендиева Арайлым
Исраил Аида
Тобы: 1508-19
«Баланы өз күшіне сендіріп оқыту керек»

Мағжан Жұмабаев
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халыққа арнаған кезекті Жолдауында «оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу, қазіргі заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электронды оқулық, интерактивті тақта қолдану жақсы нәтиже беруде. Білім беру жүйесі электрондық байланыс, ақпарат алмасу,интернет,электрондық пошта,телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда. Жаңа ақпараттық технологиялардың негізгі ерекшеліктері – оқушыға өз бетімен немесе бірлескен түрде шығармашылық жұмыспен шұғылдануға, ізденуге, өз жұмысының нәтижесін көріп, өз-өзіне сын көзбен қарауға және жеткен жетістігінен ләззат алуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық –ғаламдық коммуникациялық желіге шығу» - делінген.

Жобалап оқыту технологиясына тереңірек үңілсек, дəстүрлі сабақ беру жүйесінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мүмкін еместігіне көзжеткіземіз. Жобалап оқыту технологиясы педагогтың интеллектуалдық,кəсіби, моральдық, рухани, азаматтық жəне басқа да сапалы қасиеттерінқалыптастырып отырып, мұғалімнің жеке тұлғасына тікелей əсер етеді. Еңалдымен оқу барысында оқушыны өз бетімен іздендіре отырып, өзіне дегенсенімділік күшін тудырып, өз ойын анық жеткізе біліп , дұрыс шешімқабылдауға, яғни жеке тұлға болып қалыптасуына бейімдеу қажет. 21ғасырдаəлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгібасымдылықтарының бірі - мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардыңнеғұрылым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде қолдана білу қажеттілігінтəрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыружəне жоба жұмысын жасауға мақсатты əрі жүйелі түрде бағыттау керек екенбүгінгікүн талабы.
Жобалау технологиясы негізінде - оқушылардың жұппен немесе топпенбірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр.Оқушылардың жоба жұмыстарын ұйымдастыру үшін жоғарғыдаайтылғандай, оны жоспарлай білу қажет.
Жоба жұмысы кезеңдері.
Жұмыстың мазмұны.
Мұғалімнің тəрбиелік мақсатты шешудегі негізгі іс-əрекеттері.
Оқушылардың іс - əрекеттері.
1. Дайындық кезеңі «Жоба тақырыбын анықтау»
Бір бағыт төңірегінде оқушыларды тақырып таңдауға ынталандырады.Топтағы əрбір оқушының пікірін ескере отырып жұмысты жоспарлауғаүйретеді.Əр оқушы өмірлік тəжірибесіне (егер ол болса) , сүйене отырып, өз ойынортаға салады, бірігіп жобаның мақсаты анықтайды.
2. Жоспарлау. Топқа бөлу.
Ақпарат жинау жəне талдаудың жолдарын көрсету. Əрбір топмүшесі алдындағы жұмысын анықтау.Оқушыларды өз бетімен акпарат жинауды бағыттайды. Əрбір топмүшесінің пікірін ескере отырып, ұжымдық талқылау шешімін тыңдайды,қажет болса өз ойымен бөліседі. Оқушылардың жобасы бойыншакүнделігін тексереді.Топ арасында əркімнің атқаратын қызметін анықтайды, өз тақырыптарынанықтау жұмыс істеу кезеңдерін жоспарлап , бірінші нəтижеге жету уақытын белгілейді. "Қоғамдық" тапсырманы орындауға дайындығын көрсетеді.
3. Зерттеу жұмысы.
Ақпарат жинау, аралық нəтижені талдау, зерттеудің негізгі құралдары:сұхбат, анкета бақылау, алынған түрлі ақпаратты талдау.Оқушы күнделігін бақылап, əрбір жетекшісімен топ мүшелерімен жеке -жеке сөйлесу , талдау, нəтижені салыстыру арқылы алдағы жұмысқа бағытберу.Жеке жəне жұптық жұмыс, анкета сұрақтарын құрастыру. Қажет болсасценарий жазу, қоғамдық ұйымдар мен қарым қатынас қалыптастыру.Білімінəр пəндік салада кеңейтеді, түрлі қоғамдық жұмыстармен танысады,шығармашлық, белсенділік, талаптылық қасиеттерін бойындақалыптастырады.
4. Нəтижені талқылау.
Ақпаратты талдау , шешім шығару, тұсау кесердің қандай түрде өтетінінжоспарлау.Бақылайды, кеңес береді. Топ ішіндегі жеке оқушылардың еңбегін бағалайотырып, бірігіп қорғау үшін ынтымаққа бір-біріне деген сыйластыққашақырады. Тұсау кесерге келгетін қонақтар тізімін жазады, қажетті аудиовидотехниканы жабдықтайды.Топ арасындағы əркімнің рөлін анықтап, алынған ақпараттың арасынан еңнегізгіні белгілеп жазады. Проблемаларды сұрақтарды анықтап, оны біргешешуге дайындалады.
5. Жұмыстың тұсау-кесері.
Тыңдайды, проблемалық сұрақтарды қоя отырып, оқушыны сөйлетугемүмкіндік жасайды.Алынған нəтиже туралы есеп береді. Бір-бірін мұқият тыңдайды, сөйлеумəнерін ескере отырып, бір-бірінің ойларын жалғастырып отырады.
6. Бағалау жəне жоспарлау.
Шығармашылық жұмысты бағалайды, еңбек иелерін алдыңғы үлкен мақсаттарға жетелейді. Ұжымда талқылай отырып бір-біріне, өздеріне баға береді, алдағы жұмыс жоспарын құрады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет