7 сыныптың алгебра сабағында мәтіндік есептерді шығаруда дидактикалық принциптерді қолдану әдістері



бет1/17
Дата29.12.2021
өлшемі210,29 Kb.
#106159
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Аббасов А.


7 сыныптың алгебра сабағында мәтіндік есептерді шығаруда дидактикалық принциптерді қолдану әдістері






Мазмұны







Κіріспе................................................................................................

5




Негізгі бөлім......................................................................................

7

1

Дидаκтиκалық принциптер жүйесі.................................................

7

1.1

Математиκаны οқытудағы дидаκтиκалық принциптер...............

7

1.2

Математиκаны οқытудың негізгі құралы –есеп............................

9

2

7 сынып алгебра пәніндегі мәтіндіκ есептерді шешу әдістері...

14

2.1

7 сынып алгебра пәнінде κедесетін мәтіндіκ есептер түрлері...

14

2.2

Теңдуе құру арқылы шығарылатын мәтіндіκ есептерді шешу..

23

2.3

Пайызға қатысты мәтіндіκ есептерді прοпοрция құру арқылы шешу..................................................................................................

29





Қοрытынды.......................................................................................

35




Қοлданылған әдебиеттер.................................................................

36


Кіріспе

«Ғылым мен техниканың ұдайы өсуі қоғам өміріне мәнді өзгерістер әкеліп жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге жоғары талаптар қояды. Мұндай талаптар Қазақстан Республикасы жоғары білімінің мемлекеттік стандартында бекітілген. Олар «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында», Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында міндеттер түрінде нақтыланды. Атап айтқанда: «...жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту».

Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңына» мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай зияткерлік дамуы, жеке адамның дарындылығын дамыту секілді өзекті мәселелер енгізілген» [1,3].

Жалпы білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру екендігі көрсетілген. Оны жүзеге асыру – мектептерде оқушылардың танымдық белсенділігін арттыруға септігін тигізетін оқу процесін ұйымдастырудың тәсілдерін, әдістері мен нысандарын іздестіруге өзекті сипат береді.

А.Н.Колмогоровтың «Математиканы білмей, осы күнгі техниканың негіздерін де, ғалымдардың табиғи және әлеуметтік құбылыстарды қалай зертейтіндігін де түсінуге болмайды» деген сөзінің астарында математика пәнінің әлеммен, өмірмен, қоршаған ортамен тығыз байланысты екенін аңғаруға болады.

Орта мектепте оқыту тәжірибесінің оқушылармен қарым-қатынас, оқыту әдістерін, құралдарын таңдау бойынша талап бірыңғай болады. Дидактика педагогиканың бір бөлігі болып табылады. Онда математиканы оқытуға қойылатын талаптар математиканы оқытудың дидактикалық қағидаларына негізделеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет