Оның кемшіліктері:
1.Дәрінің жалпы қан айналымына баяу түсуі (асқазанның толуына, қабылданған ас сапасына, дәрілердің сіңірілу қабілетіне байланысты). Асқазанның шырышты қабаты арқылы ендірілу де баяу жүреді, тек майға еритін заттар ғана сіңіріледі, және сіңірілу үрдісі негізінде ішекте өтеді. Бірак дәрілік заттардың қанға баяу түсуі әркашан кемшілік болып табылмайды. Мысалы, ішке бір рет қабылдағаннан кейін жалпы қан айналымына ұзақ уақыт бірқалыпты түсуі үшін арнайы жасалынгған дәрілік формалар болады.
2. Тамақтың заттармен өзара әрекеттесуінің және бауырдағы химиялық өзгерістердің нәтижесінде асқазан мен ішек сөлдерінің әсерінен дәрілердің ыдырауға дейін өзгеруі (адсорбция, еру, химиялық реакциялар). Бұл барлық дәрілер үшін дұрыс бола бермейді. Мысалы, кейбір дәрілік заттар белсенді емес түрінде шығарылады, олар бауырда өзгеріске ұшырағаннан кейін ғана әсер ете бастайды. Мысалы, гипотензивті препарат эналаприл ренетик әсер ету үшін алдымен бауырда өзінің белсенді түріне (эналаприлат) ауысуы керек.
3. Заттың сіңірілу жылдамдығының және сіңірілген мөлшерінің белгісіз болуының себебінен дәрінің қандағы және тіндердегі мөлшерін анық білуге мүмкіндік жоқ. Бұл теріс әсерді азайту үшін дәрілерді ас алдында қабылдайды (асқазанның шырышты қабатын тітіркендіретін дәрілерден басқаларын), капсулаға салу арқылы асқазан сөлінің әсерінен қорғайды, он екі елі ішекке зонд арқылы енгізеді.
Артықшылықтары :
1. Тез сіңірілуі және мөлшерлеудің туралығының жоғары болуы
2. Дәрі ферменттердің әсеріне ұшырамайды, өйткені тік ішекте ферменттер болмайды, және, дәрі төменгі геморраидальды көк тамырлар арқылы сіңіріліп, бауырға соқпай бірден төменгі қуыс көк тамырға түседі
3. Бұл тәсіл құсудың болуының, өңештің тарылуының, жұғынудың бұзылуының салдарынан ауыз арқылы қабылдай алмайтын науқастарға, дәріні қабылдаудан бас тартқан, қозу жағдайындағы (сандырақтап жатқан) психикалық сырқаттарға дәріні енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай кезде тыныштандыратын заттарды дәрілік клизмамен енгізу козумен нәтижелі күресуге мүмкіндік береді.