7 сыныптың алгебра сабағында мәтіндік есептерді шығаруда дидактикалық принциптерді қолдану әдістері



бет7/17
Дата29.12.2021
өлшемі210,29 Kb.
#106159
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17
Байланысты:
Аббасов А.

Математикалық ұғымдарды меңгеруге арналған есептер.оқушылар есептерді шешіп, жаттығуларды орындап, сұрақтарға жауап беріп ондағы кездесетін формулалар, анықтамалар, теоремалардың мағыналарын түсіну арқылы пәнді жете меңгеруге мүмкіншілік алады. Сонымен қатар алған білімдерінің қасиеттерін, ережелерін, талаптарын, белгілерін ажырата алуы шарт. Айталық квадрат теңдеу ұғымын басқа теңдеулерден қатесіз, көп ойланбай ажырата алуы үшін сол тақырыпта жеткілікті дәрежеде есептердің түрлерін шығартып, қалай шығарғандарын тексеріп отырса, оқуыш санасы білімді терең қабылдайды.

  • Математикалық таңбаларды түсіндіруге арналған есептер.

    Есептер шығарудағы басты ережелердің бірі таңбалардан қате кетпеу болып саналады. Сондықтан математиканы оқытудың бастапқы кезеңін осы таңбалармен таныстырудан бастаған дұрыс. Таңбалардың бейнеленуі, олардың қай жерде қолданыс табатыны алғашында оқушы үшін жат болғанымен, оқыту барысында үйреніп алады, сонымен бірге сол білімі есептерді шығаруда қай кезде болмасын пайдасын тигізіп отырады. Мысалы, жақшаларды ашқандағы минус, плюс таңбаларының өзгеретін, өзгермейтін тұстары, амалдардың қатар келіп қалғанда бірінші қайсысын орындауы және т.с.с. есеп шығарудағы кездесетін, білімнің арқасында оңай шешімін табатын, дұрыс қолдана алатын мәселелер өте маңызды болып табылады.

    1. Дәлелдеуді оқытуға қажетті есептер.

    Математика пәніндегі ең маңызды міндетердің бірі болып саналатын дәлелдеуді үйрету. Элементар есептерді шешуде ,зерттеу мен дәлелдеу алдыңғы қатарда тұратын амалдардың бірі. Дәлелдеу арқылы берілген есептің дұрыстығын көрсетуге мүмкіндік туады. Бастапқыда дәлелдеу есеп, сұрақ түрінде болуы мүмкін, себебі, өтілген тақырып бойынша ұғымдарды нақыталуға, айқындауға қатысты оқуышлардың зерделеулерін дамытудың алғашқы қадамдары болады.

    1. Математикалық іскерлігін қалыптастыруға арналған есептер.

    Оқытудағы оның ішінде математиканы оқытудың маңызды міндеттерінің бірі – оқушылардың математикалық іскерліктерін қалыптасытру. Оқушылар есептерді жаңа тәсілдерді меңгере отырып, алгоритм құрып, өрнектерді ықшамдап, теңдеулерді шешкенде есеп шығару іскерліктері шыңдалады.

    Сондықтан есептерді шығаруда жеңіл есептен күрделі есепке, белгісізден белгіліге ұстанымын сақтап, алдыңғы білімдерінен алған мәліметтерді қолданып, жаңа тақырып бойынша берілген есептерді шығару барысында жан жақты түсіндірмесін айтып, толық жазып шыққан жөн болады. Осылайша оқуышлардың есеп шығару іскердіктері қалыптасады.



    1. Математикалық ойлауды дамытуға арналған есептер.

    «Математикалық есептерді шешу арқылы ерекше ойлау стилі, ойымыздың формальді – логикалық схемасы, ойдың орнықтылығы, ойлау жолының дәлдігі, таңбаларды қолдана білу, еске сақтау, көз алдына келтірудің дәлдігіне үйрету»[18,28]. Есеп арқылы оқуышлардың логикалық ойлауы, кеңістікті елестетуі жеке тұлғалық қабілеттерінің дамуына ықпал етеді.

    Есептерді шешуде алдын белгілі ережелер, формулалар, қағидалар, дәлелдеулер қолданылады. Логикалық ойлауды дамыту үшін есептерді шығару барысында берілгендерге талдау жасалады, шамалардың мәндері анықталады, алдыңғы өтілген тақырыптардағы есептермен салыстырылады, есептің шығару шарттары бойынша қасиеттерге сүйенеді. Есептерде кездесетін қарапайым модельдер құру, елестету арқылы тәжірибені іске асыру, синтездеу, қажетті болған ақпараттарды таңдау және оларды бір жүйеге келтіру, зерттеу жұмыстары шешімнің толыққанды шығуына септігін тигізеді және осылардың жиынының арқасында оқуышлардың ойлауы, логикасы артады. Математикалық есептерді шешудің оқуышлардың шығармашылық қабілетін туындататынын, ойлау қызметін жандандыратынын байқауға болады және пәнге қызығушылықтарын арттырып, ынталандыратынын көреміз. Логикалық ойлауларын, шығармашылығын дамытатын есеп түрлеріне зерттеу элементтерінен тұратын, ойын есептер, күрделі есептер және ертегі есептер болып табылады. Сонымен қатар осындай есептерді шешуде, қатені табу, бірнеше жолдармен есепті шығару, өз бетінше есеп құрастыру оқуышлардың зейінін ашып, тақырыпты меңгеруіне, іс-әрекетін зерделей алуына ықпал етеді.

    Есептерді шешуде оқуышлардың шығарамшылық қабілеті артып, олардың іденімпаздық қасиеттері дамып, берілген есептерді шешуде түрлі әдістерді қолданып, әдістердің ішінен қарапайымын таңдап алып, тиісті шешімге қол жеткізуге бар ықыластарын салады.

    Өзбетінше есеп құрастыру арқылы оқушының сенімділік, нәтижені болжай алуышылық математикалық ойлаулары қалыптасады.

    Мысалы, 10 + 30 = 40 теңдігін қанағаттандыратын есеп құрастыру талап етілсін:

    а) Алуа апа 10 жастық және 30 көрпе сатып алды. Ол барлығы қанша бұйым сатып алды?

    ә) Диас пен Ғани бірінші күні 20 бас орамжапырақ, ал екінші күні бірінші күнгіден 10 бас орамжапырақ артық әкелді. Олар барлығы қанша бас орамжапырақ әкелді?

    «Оқушыларды есеп құрастыруға үйрете отырып, құрастыратын есептердің түрін өзгертіп беру дұрыс. Сонымен, әр түрлі есептерді шешу ойлау қабілетін тәрбиелеуге, ойын анық жеткізуге, қысқа сөйлеп, терең ойлауға ықпал жасайды»[13,17].

    «Математикалық есептерді шеше білуге үйрету және одан әрі оған дағдыландыру-мұғалімдер алдында тұрған негізгі, жауапты жұмыс. Әр оқушының математикаға деген ұқыптылығы мен зейінділігін түрліше есептерді шығару арқылы қалыптастыруға болады. Есепті шешуге үйрету мен дағдыландыру көбіне сабақ өту кезінде болатындықтан, барлық оқушыларды есеп шығарудың жалпы әдіс-тәсілдерімен қаруландыру керек. Мұны іске асыру үшін олардың есеп шығару процесіндегі іс-әрекеттерін басқарып, жұмысты белгілі бір жүйемен жүргізген жөн. Оқушылардың математиканы оқып білудегі жетістігі олардың есепті шығаруға қаншалықты төсілгендігіне қарай бағаланады. Есеп шығару кезінде математикалық ұғымдардың мағынасы анық ашылып, нақтыланады»[16,27,30].



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   17




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет