Математиканы оқытудың негізгі құралы –есеп.
Математиканың әдістерін, ұғымдарын, теорияны оқушы санасына сіңіріп, білімін қолдануға дағдыландыратын негізгі құрал ол математикалық есептер екені аян. Есептерді шығара отырып оқушы теориялық білімін тәжірибе жүзінде бекітіп ,біліктілігін қалыптастыра алады. Оқытудың әдістері оның ішінде математикалық оқыту әдістерінің нәтижесі оқушы үшін жоғары деңгейдегі математикалық білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыратын маңызды, бағыттаушы тәсіл болып саналады. Жалпы алғанда математикалық есептердің оқушы үшін пайдаланылу қажеттіліктері келесідей болады: а) математикалық жаңа ұғымдарды, ақпараттарды үйрету; б) тәжірибелік шеберліктерін, дағдыларын қалыптастыру; в) білімнің тереңдігі мен баяндылығына көз жеткізу; г) шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Оқу процесінде есеп оқушыларды жаңа математикалық біліммен қаруландырып, қалыптасқан білім мен біліктілігін жүйелеуге және нақтылауға көмектеседі»[16,24].
Оқу, тәрбиелік үдерістерді ұйымдастыруда есептердің атқаратын маңызы зор.
Математиканы оқытуда есептердің қатысуынсыз теориялық білімнің оқушыларға түсінікті болуы қиын, себебі, есеп оқушының ойын дамытады және математиканы оқытудың мақсатына жету үшін қолданылатын құралдың басты бөлшегі болып саналады. Есептер арқылы оқуышлар өзерінің теориялық білімдерін практикалық тұрғыда жалғастыру шеберлігін көрсете алады.
Өткізілетін сабақты жоспралауда мұғалімдер тарапынан математикалық теориялар ұғымдары есептер арқылы жеткілікті деңгейде түсінілетіндей етіп таңдалғаны дұрыс, өйткені теорияны есептерді шығару барысында меңгеру жүреді.
Есеп шығару кезеңін оқушылардың білім деңгейін ескерек отырып қолданған жөн: үлгерімі төмен оқушыларға бағдарлама талаптарына сай келетін жеңіл есептерді, ал білім деңгейі қалыпты деген оқуышлар үшін жеңілден күрделірек есептерді анықтап алған дұрыс. Сабаққа дайындалып ұсынылатын есептер оқушының қиналысқа түсіп шығаратындай дәрежеде болса пәнге қызығушылық төмендейді, сондықтан оқушылардың білім деңгейлеріне қарай дайындалуы тиіс.
Есептердің математиканы оқыту үдерісіндегі білімдік, практикалық, дамытушылық, тәрбиелік маңыздылықтарына тоқталайық:
а) Білімділік маңызы. Есептерді шеше отырып оқушылар өздеріне белгісіз болып келген жаңа ұғымдармен, жаңа ақпараттармен танысады. Есептің шартында берілетін ұғымдарды, әдістерді тани отырып, теориялық білімдерін есептерде қолдануын үйренеді, танымдық сипаттағы жаңа салаларға қызығушылығы артады.
Теориялық ақпараттарды жеткілікте деңгейде меңгеру үшін біршама есептерді шығарып жаттығады. Білімділіктің маңызы қоршаған ортаға, құбылыстарға ғылыми көзқарасты қалыптастырады, яғни алған білімдерін практикада қолдана алуына үйретеді.
б) математикалық есептердің практикалық мәні. Математикалық есептерді шеше отырып алған білімдерін практикада, болашақта өмірге қажетті деген тәжірибелерде қолдануға талпынады. Практикада қажет болатын барлық есептерді математикалық есептер арқылы ғана шешеді.
Математикалық есептердің көмегімен басқа пән салаларының мәселелері де шешіледі, айталық физика, химия т.б. жаратылыстану пәндері, электротехника, радиотехника мамандықтарындағы теориялық ұғымдары математикалық сипаттамалардың көмегіне жүгінеді. Математика пәнінен жүргізілетін сабақтардың мақсаты математикалық теориялар, идеялар, заңдар мен заңдылықтар қасиеттерін үйрету, сонымен қатар, бағдарлама аясындағы білімді, білікті қалыптастыру болып табылады.
«Мұндай білім мен біліктілікті қалыптастыруда математикалық есептерді және практикалық мазмұндағы есептерді шығару, қарапайым есептеу құралдарын қолдану, әр алуан бақылаулар мен өлшеулерді орындау, әр түрлі модельдерді, кестелерді, диаграммаларды, табиғатта кездесетін құбылыстарды математика тіліне аудару т.б. жатады. Сондықтан бұл сабақтың негізгі бөлігін есеп шығару, лабораториялық-практикалық жұмыстар орындау құрайды. Сонымен практикалық білімін және біліктігін қалыптастыру сабағына: 1) жұмыстың мақсатын анықтау; 2) оларды орындау ережелерін теориялық негіздеу; 3) жұмысты орындау үлгісін көрсету; 4) жаттығулар орындау; 5) қорытынды жасау; 6) үйге тапсырма беру сияқты құрылымдық элементтер енуі мүмкін»[17,25].
в) математикалық есептердің дамытушылық мәні. Оқушылардың есете сақтау, ойлау, елестету сияқты қабілеттерін, ерекшеліктерін дамытуда есептердің маңызды рөл атқаратынын аңғаруға болады.
Дамытушылық мәні оқушыны қалай оқытқанына тікелей байланысты, яғни мұнда мұғалімнің атқаратын қызметіне үлкен жауапкершіліктің артылып тұрғанын байқауға болады. Сол үшін дамыту бұл оқыту, ал оқыту бұл дамыту деген кері байланыстың әрдайым орындалуы заңдылық. Дамыту, оқыту әдістері, сипаттамалары заман ағымына қарай өзгеретін білімнің мазмұны мен оқытудың міндеттеріне сәйкес өзгеріске түсіп отырады.
Қазіргі заман талабы оқушыны біржақты емес, көпжақты тұлға ретінде дамыту басты орында. Сондықтан оқуышлардың пәнге қызығушылығын, қабілеттерін, бейімділіктерін дамытуда мәдениетті, белсенді, адамгершілікті, тәрбиелі, шығармашыл, әлеуметтік кемелденген тұлға қалыптастыру қажеттігін талап етеді. Дамытушылықтың мәні оқушылардың өздігінен білім алуларына, ғылыми техникалық және саяси жаңалықтардан әрдайым хабардар болуына үйретеді.
г) математикалық есептердің тәрбиелік мәні. «Есептер өзінің мазмұны арқылы оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыруға, табиғатты ғылыми жағынан танудың негізгі заңдылықтарының математикадағы көрінісін бейнелеуге тәрбиелейді»[11,26].
Есептерді шешу барысында оқушылардың табаныдылқ, төзімділік, ұстамдылық, сабырлылық, бастаған жұмысын соңына дейін жеткізуге деген жауапкершілік қасиеттері қалыптасады.
Сондықтан математикалық есептердің тәрбиелік мәні оқушылардың математикалық ойлауын дамыту, математикалық мәдениетке тәрбиелеу, оқушылардың метематикаға деген ықыласының тиянақты болуын қамтамасыз ету болып табылады.
Есеп шешуде оқуышлар математикалық ұғымдарды, таңбаларды үйренеді, дәлелдеу жолдарымен танысады. Есептердің логикалық ойлауға, ойын нақтылауға, тұжырымын дәлелдеуге, таңбаларды қажетті орнына қолдануға, есте сақтау қабілеттерін қалыптастыруға берер пайдасы мол.
Осындай қасиеттерді қалыптастыратын есептердің түрлеріне тоқаталатын болса:
Достарыңызбен бөлісу: |