1 Дидактикалық принциптер жүйесі
Математиканы оқытудағы дидактикалық принциптер
Білім мазмұнын меңгерту, алған білімнің өмірдегі қоладнысын ұғындыру, пәнді игеріп, қойған мақсатына жетуге талпындырудың ең тиімді құралы математиканы оқыту. Ал оқытудың басты әдісі дидактикалық заңдылықтарды тәжірибемен ұштастырса, оқытудың ғылымилық тұрғысы айқындалады. Егер математиканы оқытуды сипаттайтын маңызды қағидаларды мұғалімдер өз жұмыстарында қолдана алатын дәрежеде болса , олар оқытатын пәндерінің ғылыми бағытына талдау жасай алатын болады. Жалпы оқыту үдерісі педагогикалық үдерістің бір бөлігі және оның басты бағыты жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, зияткер етіп қалыптастыру.
Принцип (латын сөзі) – басшылыққа алатын идея, негізгі талап, қағида дегенді білдіреді, жалпы айтқанда ұстаным.
Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін, әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі. Дидактикалық категориялардың қатарында оқыту ұстанымдары да бар. Онда жалпы оқыту әдістерінің заңдылықтарын сипаттайды.
Зерттеулерде осы дидактикалық оқыту ұстанымдарына көп көңіл бөлінгенін байқаймыз. Негізінде дидактикалық ұстанымдар нақты жағдайларға қатысты, атап айтқанда тарихи, әлеуметтік, қоғамдық. Әр заманның оқыту үдерісіне қоятын талабы үнемі өзгеріске ұшырап отырады. Заман ағымымен бірге қойылатын талаптар да, ұстанымдар, қағидалар да жаңа көрініс тауып, мазмұнын жаңартып отырады. Себебі, өмір, жыл өткен сайын алға жылжып, оқытудың әдістерінің де ескіріп, әсер етпей қалуы заңдылық.
Дидактикалық принциптер оқу-тәрбиенің бір мезгілде, бір-бірін толықтыра отырап жүзеге асуын және дамуын қамтиды.
Жалпы педагогикада, оның ішінде математканы оқытудың келесідей дидактикалық принциптері қалыптасқан:
Оқу мен тәрбиенің бірлігі
Оқытудың ғылымилығы,
Жүйелілік бірізділік,
Түсініктілік,
Көрнекілік,
Білімнің баяндылығы.
«Аталған принциптер өзара тығыз байланысты. Олардың математканы оқытудағы қолданылуларын айтып өтейік.
Оқу мен тәрбиенің бірлігі принципі математиканы оқыту өз бетінше
жеке-дара жүргізілмей, шәкірттерге жан-жақты тәрбие беру функцияларын қатар атқаруға міндетті.
Оқытудың ғылымилық принципі ең алдымен оқу бағдарламасында
оқушыларға және мұғалімдерге арналған методикалық құралдарда жүзеге асырылатын бұл принциптің басты шарттары:
а) білімнің мазмұны, ғылымның қазіргі деңгейіне сай болуы;
б) ғылыми танымның жалпы әдістері жайындағы оқуышларда
дұрыс түсініктер қалыптастыру;
в) таным үдерісінің маңызды заңдылықтарын оқушыларға көрсету болып табылады.
Бұл шарттар өзара тығыз байланысты, әрқайсысының алдыңғысы келесісінің қажетті шарты болып табылады.
Бірінші шарты мектеп математикасының мазмұнын анықтайтын материалдың математика ғылымының бүгінгі деңгейіне барынша сай болса, ұғымдардың анықталуы мен сөйлемдердің тұжырымдалуы олардың мазмұнын дәл толық және дұрыс ашып беретіндей болса, ал дәлелдеу үрдісі баянды және жүйелі жүргізілсе сонда ғана ғылымилық принцип орындалады»[6,7].
«Екінші шарт бойынша оқытудың ғылымилық принципі ғылыми таным жөніндегі білім талап етіледі және оқып үйренетін құбылыстардың математикалық модельдерін жасауды міндеттейді.
Үшінші шарт математика сабақтарында абстракциялау, нақтылау, анализ, синтез, индукция және дедукция, аксиоматикалық әдіс және таным заңдарын жүзеге асыруды жүктейді. Бұл шартты жүзеге асыруға математика пәнінің мүмкіндігі мол.
Саналылық пен белсенділік принциптері мұғалімге сабақты
оқуышлар әрдайым белсенді және өз беттерімен жұмыс істейтіндей етіп ұйымдастыруды міндеттейді. Сонымен бірге математика сабағында оқушыларды білімді саналы меңгеруге үйрету мұғалімнің бұлжымас міндеті»[6,9].
Оқыту үдерісіндегі саналылық пен белсенділік оқу материалының түсінікті әрі тиянақты болуын математикалық сөйлемдер мен дәлелдемелердің мәнін түсінуді математкалық теориялардың практикалық қолданысын игеруді талап етеді.
«Оқуға саналы қатынас алдымен оқушылардың өз міндеттерін дұрыс түсінуден оларды орындауды ынталандырудан басталады. Математиканы оқуға ынталылықтың тууы оқулықтың сапасына оқытудың әдістері мен құралдарына оқушылардың жеке басының математикаға бейімділігіне, мұғалімнің педагогиккалық іскерлігіне байланысты. Оқушылардың белсенділігін арттырудың әр алуан тәсілдері бар және сабақтың міндеттеріне қарай әр қилы қолданылады»[8,11].
«Мәселен, жаңа материалды өткенде проблемалық оқыту әртүрлі жолдармен проблемалық ахуалдар туғызу, эвристикалық әңгімелер ұйымдастыру оның практикалық маңызын көрсететін мысалдар шығару арқылы оқушылардың белсенділігін оятуға болады. Мұғалімнің маңызды міндеттерінің бірі оқушыларды өз жанынан сұрақ қоя білуге үйрету. Мысалы, белгілі бір есепті шығаруда оқушы қандай теорема пайдаланғанын, неге пайдаланғанын білуі керек. Егер оқушы өзіне өзі сұрақ қоя алмаса, онда есепті жете түсінбей шығарғаны»[4,10].
Жүйелілік пен бірізділік принципі мектеп математикасының
логикалық желісі арқылы анықталады. «Математиканы оқытудағы жүйелілік дегеніміз пәнді өзінің құрылымы мен ішкі логикасына сай белгілі бір тәртіппен оқыту және оның негізгі ұғымдарын, қағидаларын біртіндеп игеру деген сөз. Оқушы игерген білімінің әрбір буынын бұрын меңгерілген біліміне негіздесе ғана баянды білім алатындығы педагогика теориясынан белгілі. Математиканы оқытудағы бірізділік дегеніміз оқыту процесі 1) қарапайымнан күрделіге; 2) түсініктен ұғымға; 3) белгіліден белгісізге; 4) білімнен білікке; одан дағдыға ұласады деген сөз»[5,13].
«Мұғалім оқу материалын мүлтіксіз жүйемен әрбір соңғы ғылыми қағиданы алдыңғыларға сүйеніп, ал алғашқы қағидаларды кейінгіге өрістетіп ескі материалдармен жаңа материалдарды сабақтастыра отырса, оқуышлар білімді әрі саналы, әрі баянды меңгереді»[7,12].
5. Түсінік принципі оқытылатын материалдың мазмұны, көлемі және оқыту әдістері жағынан оқушылардың жас ерекшелігіне дайындық деңгейімен танымдық мүмкіндіктерімен шама шарқына сай болуы керек. Бірақ бұл принциптің мақсаты жеңіл материалды ғана оқытып қиын тақырыптарды алып тастау емес. «Математиканы үйрету барысында оқушылар өздерінің білім қабілеттеріне лайық қиындықтарды жеңіп, олардың бойында өз күшіне деген сенім пайда болуы керек. Әрі математикалық әрекетке деген құштарлық күшеюі керек»[9,14].
«Педагогикалық ережелер сақталмаған сабақтарда оңай сабақтардың өзі қиындап кетуі мүмкін. Керісінше, дұрыс ұйымдастырылған сабақ үрдісінде күрделінің өзі жеңілдейді. Сондықтан мұғалім оқу материалдарын өңдегенде, оқытудың әдістері мен түрлерін таңдағанда шығармашылық қажырлылық көрсетуі тиіс»[16,20].
6.Көрнекілік принципі. Ол оқушылардың оқу материалын қабылдау
талдау және жалпылау үрдісінің мәнінен туындайды. Оқу барысының әртүрлі кезеңдерінде көрнекілік түрліше функциялар орындайды. «Математиканы оқыту практикасы бұл принципті жүзеге асыруға бағытталған арнайы құрал-жабдықтар жасауды қажет етеді (геометриялық фигуралар, олардың модельдері, кестелер, диафильмдер т.б.)»[12,19].
Білімнің баянды болу принципі. «Математиканы үйретуде оқушының алған білімі, дағдылары берік болу үшін мұғалім өткен материалдарды қайталауды білікті түрде ұйымдастыра білуі қажет (жаңа тақырыптарды өтер алдында, өту барысында қайталау, қорытынды қайталау)»[12,23].
Достарыңызбен бөлісу: |