Джабаева Махаббат Нурболовна. МКМ 19-5
Ерік ұғымы . Кәсіби маманның ерік қасиеттерінің дамуы.
Ерік деп саналы түрде алға тұтқан мақсатқа жету үшін жұмсалатын жан қуатының белсенділігін және адамның өзін меңгере алу қабілетін айтамыз. Ерік алға мақсат қоюдан басталады. Ал мақсат адамға айқын ашық саналы түрде түсінікті болу қажет .Алға тұтқан мақсаттарын жүзеге асыру үшін адам алдындағы ұшырайтын бөгеттерді қиындықтарды жеңіп отырмаса болмайды Ерік- саналы әрекеттен туындайды. Адамның ерікті әрекеті жүзеге асу үшін мынандай шарттар қажет ;
1) алға қойған мақсатты орындау қайткенде де соған жету
2) жолда ұшырайтын кедергілерді, бөгеттерді жеңу
3) мақсатқа жету жолында қайраткерлік ерлік табандылық көрсету,. қиыншылықтан жол табу тәсілқой болу т б..
4) қиындықтарға қарсы тұрып ,үрейленбеу қорықпау т. б.
Міне, осы шарттар орындалған уақытта ғана адамды ерік жігері жеткілікті қажыр қайраты бар кісі деп айтуға болады .
Ерік пайда болу үшіін ең алдымен оны тудыратын себеп түрткілер болу керек. Бұлар адамның мұқтаждықтарынан туындайды. Кісінің күн көруі тіршілік ету үшін оған өзінін табиғи және руханим мұқтаждықтарын қанағаттандыру керек . Мақсатты жүзеге асыруда адамда пайда болатын бір көмескілеу түрткі болады. Оны психологияда тілек деп атайды. .Адам көп нәрсені тілейді біреуін жақтырады, екіншісін жақтырмайды қажеттісін орындасам жүзеге асырады.
Тілектен кейін бір түрткі қалау туындайды. Қалау тілекпен салыстырғанда белсендірек әрекет. Мұнда адам өзінде мүмкіншіліктің бар жоғын ескеріп оның жүзеге асу жолдарымен санасып отырады .
Адамның ерік жігері салалары :
Шыдамдылық Табандылық Дербестілік Шешімге келгіштік
Маслоудың қажеттілік пирамидасы
Физиологиялық қажеттіліктер
Адамның күнделікті тіршілігіне қажетті: тамақ, су, ауа, ұйқы, демалыс және тағы басқалары жатады. Бұл қажеттіліктерді қанағаттандырмаса адам өмір сүре алмайды немесе толыққанды жетіле алмайды. Мысалы, адам 2 күн ұйықтамаса, физиологиялық қажеттілігін қанағаттандырмаса жұмысын, күнделікті тіршілігін дұрыс істей алмайды. Барлығы нормаға келген жағдайда ғана қажеттіліктің келесі сатысына өте алады.
Қауіпсіздік қажеттілігі
Қауіпсіздік және қорғанысты әр адам сезінгісі келеді. Сол үшін де есіктеріне сенімді құлып қою, өмірлерін сақтандыру, аурудан, басқа қайғы-қасіреттен алшақ болуға тырысады.
Әлеуметтік қажеттіліктер
Адамның махаббат, жақын адамдарынан жылулыққа, достық қарым-қатынас, әлеуметтік топқа пайдасының тиюі сияқты әрекеттерге ұмтылу. Әлеуметтік ортада адам өзінің керек екенін сезіну арқылы мотивация алады.
Мойындату қажеттіліктері
Әлеуметтік ортаға пайдасы тигеннен кейін, махаббатты, жақындықты сезінгеннен кейін өзін мойындатып, мықты әрі сенімді адам болып көрінгісі келеді. Сыйласымдылық пен атақ дәрежені алған адам өзіне сенімді бола бастайды. Сол арқылы өмір сүруге де ұмтылысы күшейеді.
Өзін-өзі басқару
Соңғы сатыда адам жан дүниесінің қажеттілігі сипатталады. Іштей тұлға болуға ұмтылу, өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру сияқты белгілермен сипатталады. Төмендегі сатылардан өткен адам ендігі өмірдің мәнін, қоршаған ортаны зерттеу, жаңаша дүниеге көз-қарас қалыптаса бастайды.
Маслоу пирамидасы бізге не үшін қажет?
Жоғарыда айтылған сатыларға қарап адам өзінің қалаулары мен мұқтаждықтарын дұрыс түсініп отыруы тиіс. Әрбір ата-ана баласының, әрбір мұғалім оқушысының қарапайым мұқтаждықтарын өтемегенше, жоғарғы дәрежедегі қажеттіліктерге қызықпайтындығын түсінуі керек. Абрахам Маслоудың болжауынша соңғы бесінші сатыға тек екі пайыз адам ғана шыға алады екен.
Сарапшылардың айтуынша, Маслоу пирамидасын ұзақ мерзімді жоспар мен болжау жасау кезінде пайдаланған тиімді. Әртүрлі топтағы адамдардың қажеттіліктерінің қанағаттандырылуына байланысты алдағы бір немесе бес жылға қандай қажеттіліктер басым болатын жоспарлауға болады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1) Қ .Жарықбаев Психология Алматы “Дарын” 2011жыл 690 бет
2) Ж. Аймауытұлы Психология Алматы “ Рауан “ 1995жыл 312 бет
3) Т. Тәжібаев Жалпы Психология Алматы “Қазақ университеті “ 1993-240 бет
4) Н. М. Итбаев Жалпы Психология Ақмола 1992 , 174 бет
5) Ә. Алдамұратов Қызықты психология Алматы ''Қазақ университеті’’ 1992, 112 бет
6) Қ .Жарықбаев Психолигя негіздері Алматы ’’Эверо’’ 2005 ,464 бет
Достарыңызбен бөлісу: |