Жоғары мектеп педагогикасының мақсат міндеттері



Дата08.10.2023
өлшемі14,93 Kb.
#184106
Байланысты:
ЖМП мақсат міндеттері


Жоғары мектеп педагогикасының мақсат міндеттері
Жоғары мектеп педагогикасының негізгі мақсат, міндеттері – жоғары мектептің болашақ оқытушысының кәсіби-педагогикалық мәдениетінің негізін қалыптастыру, қазіргі педагогикалық ғылымның теориялық негіздерін меңгерту және кәсіби міндеттерді шығармашылық тұрғыдан шешуге дайындығын қалыптастыру болып табылады.
Педагогиканы білу қазіргі мамандар үшін өз бетінше білім алуға және өздігінен үйренуге көмектеседі. Білім беру технологияларын меңгеру білім берудің қазіргі «өмір бойы білім алу» секілді парадигмасы жүзеге асады. Сондай-ақ «адам-адам» жүйесінде жұмыс жасайтын көпшілік мамандықтарда нақты педагогикалық ағартушылық қызметтің негізі қалыптасуы қажет, яғни заңгер немесе полиция инспекторы , экономист, менеджер немесе маркетолог, саясаттанушы немесе психолог болсын кез-келген жеке тұлғалардың өмір бойы отбасында немесе жұмыстағы әріптестерімен қарым-қатынаста педагогикалық білімдер негізін меңгеруге деген қажеттілігі зор.
Жоғары мектеп педагогикасы курсын меңгеру бізге:

  • Білім беру жүйесінің жалпы және педагогика ғылымының жеке өзекті мәселелерін;

  • ЖОО оқытушысының педагогикалық қызметінің мәнін түсінуге септігін тигізеді.

Жоғары мектеп педагогикасы – бұл жоғары оқу орны талаптарына сай мамандарды кәсіби даярлау, білім беру, тәрбиелеу туралы ғылым. Жоғары мектеп педагогикасы ғылым ретінде XX ғасырдың ортасында анықталды.
Жоғары мектеп педагогикасының бөлімдері

  1. Жоғары мектеп дидактикасы

  1. Жоғары мектеп тәрбие теориясы

  1. Жоары мектеп ғылыми іс-әрекет теориясы

  1. Жоғары мектеп педагогикалық теориясы

  1. Жоғары мектеп менеджменті

Жоғары мектеп педагогикасының пәні жоғары мектептегі педагогикалық үдерістер болып табылады.


Жоғары мектеп педагогикасының міндеттері ғылым ретінде:

  • жоғары білімнің дамуын болжау және қазіргі жағдайын талдау,

  • жоғары білімнің даму тарихын білу,

  • жоғары кәсіптік білім берудің теориялық-әдістемелік негіздерімен таныстыру,

  • жоғары білім берудің заңдылықтарын анықтау,

  • жоғары білім беруді анықтау,

  • білім беру стандарттарын, жаңа өзгерістер мен оқу формаларын қарастыру, өңдеу,

  • педагогикалық тәжірибен жинақтау және зерттеу, педагогикалық инновацияларды ғлыми талдау,

  • ғылыми-зерттеулердің нәтижелерін тәжірибеге енгізуді қарастыру.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет