Жолда жүру ережесін сақтаймыз!



Дата19.02.2020
өлшемі41,81 Kb.
#58390
Байланысты:
жолда жүру ережесі 2222

Жолда жүру ережесін сақтаймыз!

Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін сақтаймыз!


Мақсаты: білімділік: – ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып жолда жүру ережесімен таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, білім-білік жағдыларын қалыптастыру, жол бойында өзін дұрыстап жүруге, сабырлыққа тәрбиелеу, бағдаршам және көшедегі жол белгілерімен таныстыру;
дамытушылық – сөздік қоры, сөйлеу мәнері, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
тәрбиелік – жолда жүру мәдениетіне үйретіп, сақтыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, еденге арнай салынған жол, жол белгілері салынған суреттер , жол ережесіне арналған кітаптар. 
Сабақтың барысы: Жоспары: 1Тобыңды таныстыр. 2Жұмбақтар. 3Тапқыр болсаң тауып көр. (белгілерді анықтау) 4Жолың болсын балақай. (топ басшылары) 5Мақалдың жалғасын тап. 6Сұрақтар 7.Қорытынды.
Кіріспе.Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқ жол-көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Жол заңы дұрыс жүріп , абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба , ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны , шаңғы тебетіні , жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны ,қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін ,заңын бұзбайды.
Сонымен қандай бала жол ережесін бұзбайды ?
Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .
Мұғалім : Алдымен балалар сіздардің сайыстарыңызды әдәр бағалайтын әділғазылар сайлап алайық. Ал енді » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын.
І.Тобыңды таныстыр.
Шарты: Әр топбасшысы топтың аты мен ұранымен таныстырады
«Жас қыран» «Жас сақшы»
Жасқыран талма, Жассақшы алға,
Биікке самға. Биікке самға.
Топ намысын қорғайтын, Жарыстан қалма,
Біздің жас қыран алға. Жеңіске алға.
ІІ. Жұмбақтар.
Шарты: Екі топқа жұмбақтар қойылады 1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам) 4. Ала таяқ ұстаған, 
Жол тәртібін нұсқаған. 
Өміріңді күзеткен, 
 Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер) 
5. Көше бойлап аяңдайды, 
Адам тасып аялайды. (Автобус)
6. Көліктің қаншасын үстінен өткізген ,
Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)
7. Жоқ өзінде бас та , ауызда да , құлақ та ,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
8.Арқаным бар тым ұзын,
Ала-алмайсың бір үзім.
Табыңдаршы, балалар,
Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)
9. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»
ІІІ.Тапқыр болсаң тауып көр. (белгілерді анықтау) Шарты: Әр-бір санның артында жолда жұру ережесінің белгілі жасырылған. Екі топ оқушылары қалаған сандарын ашып белгілерді атайды және қай жерде қойылатындығын түсіндіреді. Егер белгіні анықтаса таңдаған сан ұпай болып қосылады. 

ІҮ. Жолың болсын балақай. (топ басшылары)


Шарты: Топ басшыларына арналған сайыс. Екі топ басшылары ортаға шығып жерге сызылған жолдан ережені бұзбай машинамен өтіп шығуы тиі 
Ү.Мақалдың жалғасын тап.
Шарты: Екі топқа мақл-мәтелдердің жартысы оқылып, жартысы жасырылады
• Жолаушыны жол снайды
• Қыз мұраты- кету
Жол мұраты –жету
• Жол қадірін жүрген біледі
• Ақын жігіт той бастар,
Батыр жігіт жол бастар.
• Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас.
• Жолы болар жігіттің,
Желі оңынан туады
• Жалғыз жүрсең,жолмен жүр.
• Жаяуға жол алыс
ҮІ. Сұрақтар
Шарты: Екі топқа өмір тығырығынан шығу жолын қалай табатынын байқау.
№1 тапсырма
• Сен жолға жақындағанда бағдаршам автокөлік үшін қызыл жанды. Сен жеткенде сары түс жанды. Оған қарамастан сен жолдан өтуге ұмтылып дәл ортасына жеткенде автокөлік үшін жасыл жанды сен не істер едің?
• Сенің әрекетің дұрыспа?
• Сен қай уақытта жолдан өтуің керек?
№2 тапсырма
• Көшеде келе жатырып сенің жолдың келесі бетінде шаруаң бар екені есіңе түсті. Жан-жағыңа қарасаң жаяу жүргіншіге
• арналған белгі жоқ. Ондай белгі тек алыс жерден көрінеді.Сен не істер едің
• Өмірден шаруаң қымбатпа?
• Жолдан өткенде қандай ережені сақтауың керек?
ҮІІ. Қорытынды
Мұғалім : Балалар біздің сайысымыз аяқтала келді ендігі сөзді сіздерді аділ бағалаған аділғазыларға берелік.__________________________________________________Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:
Ирек – ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де,
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет