Жомарттық ысырап пен сараңдықтың ортасы



Дата11.12.2023
өлшемі14,34 Kb.
#196299
Байланысты:
атымтай жомарт эссе


Жомарттық - ысырап пен сараңдықтың ортасы.

Әл-Фараби


Қиын-қыстау кезеңде халқына пана болып, бейбіт заманда ақыны мен батырын әспеттеп, төбесіне көтерген қазақтың қалталы азаматтары әр кезеңде болған. Өнерлісін еркелете төбесіне көтеріп, білімдісін жасына қарамай төрге оздыратын бабаларымыз рухани байлықтың бағасы өзге дүниеден басым екенін о бастан-ақ терең түсінген.Жомарттық-қазақтың төл мінезі.Халқымыздың бұл болмысы Ыбырай Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесінде айқын көрініс тапқан болатын.
Атымтай Жомарт өзі есепсіз бай бола тұрып, күн сайын бір мезгіл үстіне ескі-құсқы киім киіп, шөп тасып, жұмыс қылады екен. Бұл іс-әрекеттерден нені аңғаруға болады? Адалдық, қанағатшылдық. еңбекқорлық... Осы үш ізгі қасиет біріге отырып,кірпіштей қаланып, «адам» атты үлкен үй тұрғызды.Тарихи деректерге сүйенсек, Атымтай Жомарт - түрлі халық фольклорындакездесетін, әрдайым жағымды образ ретінде сипатталатын кейіпкер.Оның нақты қайжылдары өмір сүргені белгісіз, алайла ғалымдар арасында ҮІ ғасырда өмір сүрген деген болжам бар. Аталған кейіпкер Шығыс халықтары фольклорында хикаяттық, қиял-тажайып ертегі, тұрмыс-салт ертегі сынды үш түрлі сипатталады. Біз оқып отырған Ы.Алтынсарин әңгімесі оның өмірі мен жомарт бөлу себебін нақты баяндайтындықтан,осының алғашқысына жатады.Ал қазір жаһандану заманы. Жылдар өтіп, ғасырлар жылжыған сайын адамдар даөзгеретіні хақ. Пайдасыз тұяқ қимылдамайтын мына замандығы мырзалық қандай? Қазіргіатымтайлар күнде қаралайым киініп, ауылға барып елдің жағдайын жасап, өзінің,байлығының барлығын дерлік бөліп бермегенімен, туған жеріне пайдасы тиіп жүргені қаншама?
Бүгінгі таңда Атымтай Жомарттардың ізін жалғап жүргендер де бар. Жастарымыз көшбасшы болмаса да ,өзінің туған жерінің қара топырағына тал егіп, оның қоқысын тазалаумен айналысып жүр.Аса ауқатты,бай адамдардың да халыққа тигізер пайдасы мол.Өзі бай болғанмен,адами құндылықтарды бойына дарытқан халық перзенттерінің басты ерекшелігі-қарапайымдылық .Ал қарапайымдылықтың ізгі көрінісі-жомарттық. Қазіргі жомарт адамдардың ерекшелігі өз адал еңбегімен нанын тауып, еліне, халыққа жаны ашып, шынайы жүректерінен туған ықыластарында болар.Сол себепті,еліміздің еңбекқор адамдарын Атымтай десек те болады.
Қорыта айтқанда: балталы болу үшін білім керек. Байлықты сақтап тұру үшін қанағат пен иман керек.Осы қасиеттерді әрдайым бірге ұстасақ, әлі талай Атымтай Жомарттардың көбейетіні сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет