Жоспар: І. Шығыстан шыққан ғұлама



Дата07.05.2020
өлшемі15,1 Kb.
#66560
Байланысты:
шығарма
1-лекция. Кинематика (1)

Әл – Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы

Жоспар:


І. Шығыстан шыққан ғұлама.

ІІ. Әл – Фараби мұрасы.

ІІІ. Әлемнің екінші ұстазы.

Әл – Фараби – бүгінде Отырар аталатын ежелгі Фараб қаласында дүниеге келген шығыстың ғұлама ғалымы. Бабамызды әйгілі ғұлама ғалым деп бекерден бекер атамаса керек. Себебі жастайынан білім жолына түсіп, көптеген тілдерді меңгеріп, еліне ғана емес бүкіл адамзат баласына пайдасын тигізбек ниетте болды. Осы ниетін асыл арманына айналдырып, алға қойған мақсатынан айнымай орасан зор жетістіктерге де жете білді. Әлемдік деңгейдегі философтардың қатарынан көрініп, ізденімпаздылығынын арқасында Аристотельден кейінгі «Әлемнің екінші ұстазы» деген атауына ие болды. Бұның барлығы Әл – Фарабидің заманының заңғар ойшылы, өз кезенінің кемеңгер ғұламасы болғандығынын дәлелі деп білемін.

Алайда жоғарыдағы айтылған жетістіктерге жету үшін Әл – Фараби жастайынан көп еңбектенді. Бастапқыда өзі туып – өскен Фараб қаласы мен Бұқарада білім алып, ғылым жолындағы алғашқы қадамын басты. Есейе келе нағыз білім орталықтарына айналған қалалаларды аралап, білімін жетіктірді. Көптеген кітаптар оқыды, құнды зерттеулермен айналысты, жиған – терген бар білімін қағаз беттеріне түсіріп, болашақ ұрпаққа өшпестей мұра қалдырды.

Әл – Фараби бабамыздың өзін мен ғасырлар бойы сарқылмайтын білім дариясына теңер едім. Себебі ғұламаның қалам тербемеген, айналыспаған ғылым мен өнер саласы жоқ деуге толықтай негіз бар. Музыка мен медицина, жаратылыстану мен философия, поэзия, саясат салаларындағы еңбектері – бабамыздың бізге жеткен мол мұрасының бір бөлшегі ғана. Әл – Фарабидің әлі де толықтай зерттелмеген, тарих қойнауында қалып қойған, бізге жетпеген шығармалары қаншама...



Әл – Фараби әлемді адамгершілікке, бейбітшіллікке шақырып, білім жолына жетелей білді. Еңбектерінде бақыт, қамқорлық, азаматтық, ізгілік сынды асыл қасиеттерді насихаттап, адам баласын мейірімді болуға үйретті. Білімді болуға, алған білімді дұрыс пайдаланып, елге қызмет етуге шақырды. Сол үшін де Әл – Фараби бабамыз өз жұртының ғана емес «Әлемнің екінші ұстазы» аттанды деген ойдамын. Әл – Фараби бабамыздың «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие беру керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген қанатты сөзі мені жігерлендіре түсті. Болашақта тәрбиелі, саналы ұрпақ болып қалыптасып, білім көкжиегімді кеңейтіп, бабамыздың бізге артқан сенімін ақтағым келеді.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет