Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті КеАҚ Ветеринария және агроменеджмент факультеті
«Ветеринария» оқу кафедрасы
Курстық жұмыс
Пән: Паразитология және инвазиялық аурулар II
Тақырыбы: ірі қара малдың гиподерматозы,кезінде шаруашылықта емдеу алдын алу шаралары
Орындаған: Тексерген: Нуржуманова Ж.М.
Топ: ВМ-803
Қолы: ____ ___ Қолы:______ _
Тапсырған күні: ________ Бағасы:_____ __
Күні:_________ ____
Семей қаласы, 2022 жыл.
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
Әдебиетке шолу
Анықтамасы
Морфологиясы
Патогенезі
Эпизоотиялық деректер
Патоанатомиялық өзгерістер
Балауы
Шектеу іс шаралары
Ауру малды емдеу
Дифференциалды диагноз
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Мал шаруашылығы халқымыздың ежелден келе жатқан ауыл шаруашылығының негізгі саласы. Мал өнімдері халқымыздың басты тағамы болып саналатыны белгілі. Ауыл шаруашылығындағы басты мәселенің бірі дайын өнімдердің сапасынкөтеру болып табылады, әсіресе ол адам тағамына пайдаланатын өнімдер үшін өте қажет. Тағамдық шикізат өнімдерінің сапасын анықтауда малдәрігерлігі мамандарының орны ерекше. Мал өнімдерін дайындау барысында, өңдеуде, тасымалдауда, сақтауда және базарда сатқанда малдәрігерлік – санитариялық сараптау жүргізіледі. Дұрыс ұйымдастырылған және жауапты жүргізілетін малдәрігерлік – санитариялық бақылау жұмыстары биологиялық құндылығы жоғары тағамдық өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етумен қатар, адамды мал өнімдерінен жұғатын аурулардан сақтайды. Шаруашылықта, сондай – ақ ет комбинаты тоңазытқыш, темір жол, базардағы малдәрігерлік – санитариялық сараптау лабораторияларында, тағы басқа орындарда жұмыс атқаратын малдәрігері мамандарына үлкен жауапкершілік жүктеледі. Малдәрігерлік – санитариялық бақылаудың жүргізілетін орындары жағдайы мен жұмыс ерекшеліктеріне орай малдәрігерлік мамандарынан тиісті кәсіби мен дағды талап етіледі. Республикада мал басын көбейту және олардың басын арттыруда инвазиялық аурулар үлкен кедергілер келтіруде. Қазіргі кездегі мал сою орындарының жетіспеушілігі малды көбінесе үй жағдайында сою, яғни ветеринарлық – санитариялық шараларды толық сақтамау инвазиялық ауруларға үлкен әсер тигізіп отыр. Инвазиялық ауруға шалдыққан малдарда аурудың клиникалық белгілері, сипаты көп жағдайда уақытылы байқалмайды. Сондықтан да шаруашылық жағдайында оларды анықтау қиынға түседі. Инвазиялық аурулардан мал өлім – жітімге ұшырайды немесе ауру созылмалы түрде өтіп малдан алынатын өнімнің мөлшері мен сапасының төмендеуіне байланысты шаруашылыққа үлкен экономикалық зиян келтіреді. Инвазиялық аурулардың көбінесе созылмалы өтуіне байланысты ауырған малдардың бірте – бірте қоңы төмендейді, арықтайды, салмағы азаяды, малдардың етінің, жүнінің сапасы төмендейді, сүт беруі азаяды немесе сүттің бөлінуі мүлде тоқтайды. Жануарлардың жұқпалы және паразитті ауруларына төзімділігі нашарлайды, кей жағдайда малдар қысыр қалады. Көптеген ғалымдардың зерттеуі бойынша гельминт жұмыртқаларымен зақымданған малдардағы витаминдердің концентрациясы төмендеп, олардың өнім бергіштігі кемиді. Малдардың ас қорыту жүйелері бұзылу салдарынан денедегі биохимиялық реакция дұрыс жүрмейді.Соның салдарынан ағзаға кажетті заттардың жетіспеушілігі туындайды. Гельминттер мал ағзасына механикалық және уытымен әсер етеді. Ағзаның кілегей қабығын тітіркендіріп, беку аппаратымен олардың бүтіндігін бұзып, қанталатып, жара пайда болуына және қабыну үрдісінің дамып, ағзаларының қызметінің бұзылуына әкеп соқтырады. Гельминттер жануарлардың денесіндегі дайын белоктармен, витаминдермен, амин қышқылдарымен, басқа да қоректік заттармен қоректенедң, макроденедегі бұл заттардың жетіспеушілігіне себеп болады. Сонымен қатар, дизбактериоз тудырады. Гельминттер орналасқан ағзаның қызметін, зат алмасуын және ағзадағы нейрогуморальды реттеуді олардың морфологиялық тұрғыдан өзгеруіне мәжбүр етеді. Ветеринарлық – санитариялық сраптаудың мәні – гельминттермен зақымданған мал етінің биологиялық құндылығына қарай сапасын анықтап, осыған байланысты сауда жүйесіне түсетін өнімнің құндылығына байланысты тұтынушының таңдап алуына мүмкіндік туғызу. Менің курстық жұмысымның мақсаты – халықты сойыс өнімдерінен жұғатын, соның ішінде гиподерматоз ауруынан сақтандыру және бұл ауру кезінде сойыс өнімдеріне ветеринарлық – санитариялық сараптау жүргізу болып табылады. Осы курстық жұмысымды орындау барысында мынадай міндеттер айқындалады:
➢ Гиподерматоз ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту.
➢ Бұл ауру кезіндегі сойыс өнімдеріне сезімдік, зертханалық зерттеулер жүргізу
➢ Зерттеу нәтижелеріне баға беру
➢ Ен бастысы гиподерматозға сақтандыру шараларын қарастыру
Достарыңызбен бөлісу: |