АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СОӨЖ
Тақырыбы: Әл-Фараби мұрасын зерттеуші қазақ ғалымдарының еңбектері
Орындаған:Шаймерден.Назгүл
Қазақ тілі мен әдебиеті
112 топ, 3 жылдық
ЖОСПАР:
1 Кіріспе 2 Негізгі бөлім а) Әл - Фарабидің әдебиет әлеміне қатысты ғылыми еңбектері
ә) Н.Келімбетовтің зерттеген еңбектері
б) Әл-Фарабидің «Ғылымдардың жіктелуі туралы трактаты»
3 Қорытынды бөлім
4 Пайдаланған әдебиеттер тізімі. КІРІСПЕ
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениетте көрнекті із қалдырған ортағасырлық ойшыл, энциклопедист-ғалым, Шығыс Ренессансының көшбасында тұрған дара тұлғалардың бірі Әбу Насыр әл-Фараби 870 жылы Фараб (Отырар) қаласында дүниеге келген. Атақты Отырар кітапханасы орналасқан өңірдің түлегі білім баспалдағының алғашқы сатыларын осы өлкеде өткереді.Әл Фараби өмір сүрген дәуір терең тарихы, төлтума мәдениеті, озық дәстүрі бар түркі даласына ислам дінінің дендей еніп, түркі, араб, парсы мәдениетінің тоғысуы басталған күрделі кезең еді. Саналы ғұмырын ғылым-білім жолындағы ізденіске арнаған Фарабидің өмірлік ұстанымының қалыптасуына аталмыш факторлардың әсері үлкен болғаны анық.Мұсылман әлемінің сол кезеңдегі аса маңызды ғылым мен мәдениет орталықтары Бағдат, Шам, Мысыр елдеріне сапар шеккен жас Фараби араб, парсы, грек, латын, санскрит тілдерін жетік меңгеріп, сан-сала ғылымға бой ұрады. Өз дәуірінің атақты ойшыл ғалымдарымен, өнер иелерімен, сөз зергерлерімен сұхбаттас болған Фараби сол кезең ғылымындағы күрмеуі шешілмеген күрделі мәселелерді тап басып танып, ізденісін осы арнаға бағыттайды. Философия, логика, психология, этика, математика, астрономия, тіл білімі, эстетика, социология, поэтика салаларына арналған 150-ге жуық трактат қалдырған энциклопедист-ғалымның өз зерттеулерінің үлкен бөлігін Аристотель еңбектерін түсіндіруге арнауы – дәуір сұранысынан туған ізденістер еді. Көрнекті шығыстанушы Е.Э.Бертельс бұл туралы: “Аристотельдің араб тіліндегі алғашқы аудармалары мінсіз деуге келіңкіремейтін. Ғылыми терминологияның қалыптаспағандығы аудармашылар жұмысына едәуір бөгет жасады. Мәтінді игере алмағандықтан олар көбіне грек тіліндегі түпнұсқаның синтаксистік құрылымын сақтауға тырысып, аударманы араб оқырманы мүлде түсінбейтін жағдайға жеткізді. Тек Фараби еңбектері ғана көне дәуір дүниелерін дұрыс түсінуге мүмкіндік берді. Ғалым Аристотельдің “Категориялар”, “Герменевтика”, “Бірінші және екінші Аналитика”, “Топика”, “Риторика”, “Софистика”, “Поэтика” секілді еңбектеріне түсіндірме жасады. Осы еңбектері әл-Фарабиді “Екінші ұстаз” атандырды” деп жазады . (Осы орайда “Екінші ұстаз” атауы жөнінде қалыптасқан жоғарыдағы пікірден өзгеше өрбіген дінтанушы М.Бұлұтайдың: “Фарабидің “Екінші ұстаз” аталуын дәреже). жағынан емес, тарихтағы кезеңі жағынан екіншілік деп түсінеміз” деген пікірін де ескере жүрген жөн секілді Сан-сала ғылымның түп қазығын философия мен логикадан тарата зерттеуде Фараби Аристотель бағытын жалғастырды. Ғалымның өзіне дейін жасалған әдістеменің ізімен жүруі қалыпты құбылыс болатын. Шығу тегін өзі логикадан тарататын поэтика, әдебиет теориясы, тіл білімі салаларына арнап әл-Фараби “Өлең өнері туралы трактат”, “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат”, “Әдебиеттегі пікірталас туралы трактат”, “Риторика туралы трактат”, “Аристотель “Риторикасына” түсіндірменің үлкен кітабы”, т.б. еңбектер қалдырды. Сондай-ақ “Логика туралы трактат”, “Ғылымдардың шығуы туралы трактат”, “Мемлекет билеушісінің нақыл сөздері”, “Ғылымдардың жіктелуі туралы трактат” секілді еңбектерінде де Фараби әдебиет пен поэзияға қатысты бірқатар тұдің әдебиет пен өлең өнеріне қатысты біршама пікірлері тұжырымдалған.
Фарабидің әдебиет әлеміне қатысты ғылыми еңбектері мен жеке шығармашылығы белгілі ғалымдар А.Машанов, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов, Р.Бердібай, Н.Төреқұлов зерттеулеріне арқау болды. Ә.Дербісәлиев, А.Көбесов, Б.Ғафуров, Н.Келімбетов, Т.Медетбаев еңбектерінде Фараби мұраларының әдеби қырына назар аударылды. Әл-Фарабидің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты” мен бірнеше өлеңі А.Нысаналиннің аударуымен 1974 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрді. Дегенмен Фараби мүраларының басым бөлігі әзірге қазақ тілді оқырманның игілігіне айнала қойған жоқ. Бұл салада атқарылар қыруар іс келер күннің еншісіне қалып отыр.
Әл Фарабидің “Ғылымдардың жіктелуі туралы трактатында” логика ғылымының сегізінші бөлімі ретінде поэтика аталады: “Логиканың бұл бөлімі поэзияны талдау қағидаларын, кең таралған поэтикалық пайымдаулар мен өнердің өзге де салаларында қолданылатын пайымдау түрлерін қамтиды. Сондай-ақ ол өлең өнерінің барлық заңдылықтарын бүге-шігесіне дейін сипаттайды, өлеңнің, поэтикалық пайымдаудың түрлерін, олардың ерекшеліктерін, жасалу жолдарын, көркемдікке, шеберлікке, биік сапаға қол жеткізу әдістерін ашып көрсетеді” (аудармалар біздікі –А.Ә.) деп тұжырымдайды ғалым . Бұл жерде Фараби қолданған “поэтика” терминінің зерттеушілер айтып жүрген “Поэзия туралы ғылым” деген анықтамадан гөрі қазіргі әдебиеттануымызда қолданылатын көркем туындының болмыс-бітімін тұтастықта қарастыратын, жалпы алғанда “әдебиет теориясы” ұғымымен мазмұндас, жекелей алғанда әдебиеттану ғылымының бір саласы болып табылатын “поэтика” ұғымымен үйлесетінін аңғарамыз. Тағы бір назар аударатын жайт, Фараби өз еңбегінде поэтиканы логикадан таратып, поэтикалық пайымдаулар мәселесін бірінші кезекке қойғанымен, таза поэзия табиғатына тән ұғымдарды да ұмыт қалдырмай, тұтастықта қарастырған. Фараби трактаттарындағы эстетикалық идеяларды талдай отырып, осы ерекшелікке назар аударған зерттеуші Л.Исламова: “Әл-Фараби поэтикасы белгілі бір деңгейде логика ілімінің қалыптарымен шектелгенімен, ғалым өлең сөзді тыңдаушыға эмоциялық әсер беретін құрал ретінде де қарастырады” деп жазады .
Фараби ғұламаның ұшан-теңіз шығармашылығының елеулі бір бөлігін оның өлеңдері құрайды. Ғұламаның ақындығы жайлы алғашқы мәліметтерді ортағасырлық араб тарихшылары қалдырған. Фараби жайында жазылған араб тіліндегі тарихи мәліметтердің едәуір бөлігін отандық ғылымға зерделі зерттеуші Ә.Дербісәлиев таныстырды. Араб жылнамашысы Ахмад ибн Халликан (1211-1282) өз естелігінде Фарабидің өмір жолы мен еңбектері туралы айта келіп, Имад ад-Дин әл-Исфаһани еңбегіне сілтеме жасай отырып, Фарабидің бірнеше жол бәйітін келтіреді. Екінші бір арабтық автор, атақты дәрігер Ибн Әби Усайбиға (1203-1270) төмендегі жыр жолдарын Фарабидыкі деп келтіреді:
Бәйітім менің кәдеңе сенің жараса,
Нұр сәуле одан тапқаның.
Ұға алмасаң ғақлия
қараңғыда мәңгілік
Көзіңді жұмып жатқаның.
Қысыр сөз бізге не керек
әбден мезі етсе де
Нәсіп болған дәмімді
әлі де татып келемін…
Өліп-ақ кеткеніміз жақсы емес пе?!
Н.Келімбетовтің бертіндегі басылымдарға сілтеме жасай отырып (анық көрсетілмеген), Фарабидің парсы тіліндегі нұсқадан транскрипциялап, мағыналық аудармасымен бірге ұсынған өлеңдерінің бірінде жалқы шумаққа Фарабидің саналы ғұмырының соңғы түйіні, өмірлік ұстанымының мән-мағынасы, ақын-жүректің арман-дерті түгел сыйғызылғандай:
Әсрари уәжуд хам уа напухтә биманд,
Уан гауһари бәс шәриф насуфтә биманд.
Хәр кәс бәдәлили ақил чизий гуфтәәд,
Ан нүктәки әсіл бұд нагуфтә биманд.
Мазмұны: «Барлық ой-пікірлерім шикі күйінде, түйінделмей, пісіп-жетілмей қалып барады. Бұл қымбат гауһар өңделмеген күйінде, кәдемізге жаратылмай қала берді. Жүрек сыры жайында әркім өз ақыл-парасаты жеткенінше бірдеңе айтқан болады. Әйтсе де айтылуға тиіс ең басты пікір айтылмай, нүкте қойылмай қалып барады».