Жоспар: Мемлекеттің басқару түрлері. Мемлекеттік құрылысы. Негізгі ұғымдар



Дата03.11.2023
өлшемі15,74 Kb.
#189231
Байланысты:
27.10.2023ж.әлеуметтану мен саясаттануды меңгеру


Жоспар:
1.Мемлекеттің басқару түрлері.
2.Мемлекеттік құрылысы.


Негізгі ұғымдар: Монархия. Абсолюттік монархия. Конституциялық монархия. Республика. Президенттік басқару. Парламенттік тәртіп. Президенттік-парламенттік тәртіп. Мемлекеттік құрылыс. Унитарлық . Федерация. Конфедерация.


1.Мемлекеттің басқару түрлері.

Биліктің жүзеге асырылу тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.


Басқару түрі жоғарғы өкімет билігі кімнің қолында екендігін көрсетеді. Соған байланысты мемлекет монархиялық және республикалық болып екіге бөлінеді.
Монархия деп мемлекеттің жоғарғы өкімет билігі жеке-дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін.

  • Монархия (грек сөзі-біртұтас билік) абсолюттік және конституциялық болып екіге бөлінеді.

Абсолюттік монархия мұраланған тақ иесінің (монархтың) ешқандай заңдармен шектеусіз, өз қалауынша дара билік жүргізу. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресей (Романовтар әулеті басқарған шақта), XVIII ғасырдың соңындағы буржуазиялық революцияға дейінгі Людовиктер басқарып келген Франция осы абсолюттік монархияға мысал. Қазіргі заманда басқарудың монархиялық формасы тек Катар, Бахрейн, Бруней, Сауд Арабиясы, Кувейт, Оман, Біріккен Араб Әмірліктері (ОАЭ), Ватикан елдерінде сақталған.
Конституциялық монархияда монархтың билігі белгілі дәрежеде заң шығаратын билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болды және қазірдің өзінде қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Швеция, Норвегия, Иордания, Испания, Норвегия, Лихтенштейн, Люксембург, Монако, Марокко, Сауд Аравиясы, Непал, Жапонияда және т.б. елдерде сақталған.

  • Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады. Республикалық басқару президенттік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді.

Президенттік басқаруда мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайлайды. Ондай президенттің билігі зор. Мұнда атқарушы билік тікелей парламентке бағынбайды. Президент үкіметті өзі тағайындап, өзі басқарады. Президенттік республикаға АҚШ, Латын Америка, Африка мемлекеттерін жатқызуға болады.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісім –шарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасыз етеді және т.б. Парламенттік басқаруға Италияны, Германия, Турция, Израильді жатқызуға болады.
Республиканың үшінші түріне аралас (оны жартылай президенттік немесе президенттік-парламенттік деп атайды) республика жатады. Мұнда президент мемелекет басшысы қызметін атқарады, ал Премьер-министр басқаратын үкімет Президенттің алдында да, парламенттің алдында да жауапты болады. Республиканың аралас түріне Австрия, Ирландия, Португалия, Польша, Финляндия, Ресей, Украина және т.б.


2. Мемлекеттік құрылысы.

Билік басқару түрімен қатар құрылысына қарай да ерекшеленеді. Мемлекеттік құрылыс деп тұрғындардың территориядағы бірігу тәсілін, азаматтардың саяси және территориялық түзілімдер арқылы мемлекетпен байланысын айтады. Мемлекеттік құрылыстың үш типі бар: унитарлы мемлекет, федеративтік мемлекет және конфедеративтік мемлекет.




Унитарлық (лат.сөзі-біртұтас, біріккен) құрылыста саяси билік бір орталыққа бағынады, мемлекеттің ішінде өз алдына бөлек басқа құрылымға жол берілмейді. Оның жері, конституциясы бір болады. Мемлекеттік биліктің жоғары органдар жүйесі, азаматтығы ортақ. Ондай мемлекеттерге Греция, Италия, Қазақстан, Польша, Финляндия, Франция, Ұлыбритания, Швеция және т.б. жатады.
Федерация деп белгілі бір саяси тәуелсіздігі бар бірнеше мемлекеттік құрылымдардың бірігіп одақтық жаңа бір мемлекетті құруын айтады. Федерация мен оған кіретін субъектілердің міндеттерінің арасындағы айырмашылықтар жалпымемлекеттік конституциямен реттеледі. Әрбір субъектінің өзінің жоғарғы билеу (заң шығарушы, атқарушы, сот) органдары болады. Бірақ олар орталық институттарға бағынуы тиіс. Мұндай федеративтік мемлекеттерге Австралия, Австрия, АҚШ, Бельгия, Бразилия, Германия, Канада, Малайзия, Мексика, Нигерия, Ресей т.б. жатады.
Конфедерация деп өздерінің кейбір амал – әрекеттерін үйлестіріп, белгілі бір мақсаттарды (әскери, сыртқы саясаттағы және т.с.с.) жүзеге асыру үшін бірлескен егеменді елдер одағын айтады. Онда жалпводақтық азаматтық немесе ол одаққа кірген мүшелердің бәріне міндетті заң шығарушы билік болмайды. Оның алған шешімдері оған кірген мүшелердің бекітуінен өтуі керек. Конфедерация өте сирек кездеседі. Мысалы, ол 1948 жылға дейін Швейцарияда, 1778-1787 жылдарда Солтүстік Америка штаттарында, 1981-1989 жылдары Сенегамбияда болды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет