Жоспар: Топырақ қабатының бұзылуы және табиғи ландшафтардың өзгеруі



Дата16.04.2022
өлшемі3,7 Mb.
#139550
Байланысты:
Презентация биология


Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған орта мен адам денсаулығына әсері
    • Пайдалы қазбаларды өңдірудің қоршаған ортаға әсері
    • Пайдалы қазбаларды алудың және өңдеудің адам денсаулығына әсері

Жоспар:
1. Топырақ қабатының бұзылуы және табиғи ландшафтардың өзгеруі көбінесе пайдалы қазбаларды «ашық әдіспен» өндіру кезінде пайда болады. Бұл кезде қажет минералды шикізатты өндіру үшін топырақтың тек жоғарғы жағы емес, терең қабаттары да алынады. Осылай кен қазу жүздеген гектар жерде жүргізіледі. Кен қазудың бұл әдісі едәуір қаржылай тиімді деп есептеледі. Тереңдігі де өндірілетін шикізатқа байланысты ондаған метрден жүздеген метрге жетеді. Бұл кезде «ай ландшафтысы» деп аталатын ландшаф қалыптасады. Яғни кен өндіру аяқталған соң бұл аумақ шаруашылық әрекетіне жарамсыз болады. Бұл жер табиғи жағдайда жүздеген жылдар бойы өздігінен қалпына келмейді.
Пайдалы қазбаларды өндіру кезінде пайда болатын табиғатқа кері әсердің бірнеше пункті:
2. Пайдалы қазбаларды шахтада алу кезінде – жер қыртысында «бос қуыс орындар» қалады. Бұл проблема үнемі өткір мәселе туғызбайды. Бірақ едәуір ірі көлемде, әсіресе елді мекенге жақын жерде өндірген кезде маңызды проблемалар пайда болады. Бірінші кезекте, бос қалған қуыс жер салдарынан грунт қабаттары ығысуы мүмкін . Ол жердің бұзылуына, опарылып құлауына, алып ағарлардың қалыптасуына және т.б. апарып соғуы ықтимал. Жерасты суларына жақын жерде су бөгеті құрылысына байланысты қауіп пайда болады. Адам пайдаланатын судың сапасы да жиі нашарлайды. Себебі пайдалы қазбалардың кейбір түрлерін өндірген кезде қолданылатын заттар грунт суына , одан сумен қамту жүйесіне түсуі мүмкін.
3. Қазбаларды өндіру кезінде қолданылатын табиғи және жанама қосылыстармен қоршаған ортаның ластануы. Мысалы, Батыс Қазақстанда мұнай-газ өндірген кезде қоршаған орта тұз ерітінділері :күкірт, азот, көміртек оксидьері түсуі мүмкін. Мұнайды өндірген кезде мұнайға серік табиғи газдар ды жылдар бойы өртегенін естіген шы,ғарсындар. Қазіргі кезде пайдалы қазбаларды барынша пайдалану технологиялары жетілдіріліп жатса да, проблема толық шешімін тапқан жоқ.
4. Тағы бір проблема бұл- жер бетіне зиянды, мысалы, радиоактивті элементтердің шығуы. Кез келген кенді байытқан кезде оның бір бөлігі өндіріс қалдықтарының ішінде «жойылып» кетеді. Осы элементтердің барлығы адам пайдалы қазбаларды өндіруді бастамай тұрған кезе жер бетіне шықпаған. Демек, табиғатта ұзақ уақыт эволюция кезеңінде осы заттармен ластанудан және оларды жоюдан қорғау механизмдері болмаған.
5. Пайдалы қазбаларды алу және тасымалдау кезіндегі апаттар. Барлық сақтық шараларына қарамастан кейде танкерлер апат болған кезде мұнай өнімдері төгіледі, теміржол арқылы тамһсымалданғанда қандай да бір реагенттер бқлінеді, газ және мұнай құбырлары жарылуы мүмкін және т.б. 20 ғасырдың ірі экологилық апаттың біріне 2010 жылы Мексика шығанағында болған мұнай платформасындағы апат жатады.
Пайдалы қазбаларды алудың және өңдеудің адам денсаулығына жағымсыз әсері негізінен қоршаған ортаның ластану салдарынан болады. Ластану тұрақты үдеріс екенін айта кету керек. Адамзат ластану үдерісін толығымен жоятын, тіпті оны азайтатын ғылыми және техникалық әлеуетке ие емес. Технология саласындағы замануи ғылыми зерттемелер:1) зиянды шығарындылардың мөлшерін азайтуға; 2) табиғи ортада жағымсыз салдары жоө жаңа материал жасауға; 3) зиянды қалдықтарды жоюға қабілетті бұзушы ағзалардың селекциясын ойлап табуға тарысуда. Бірақ бұл проблема әзірге шешімін тапқан жоқ. Ғалымдар белгілі бір стандарттарды- пайыздық әсер коэффициенті (ПӘК) нормасын жасады. Бұл – адам денсаулығына қауіпсіз деп есептелетін заттардың ғылыми негізделген мөлшері. Қандай да бір заттың ПӘК шамасының артуы жағымсыз салдарға апарып соғады.
Қорытындылай келе, адамзаттың міндеті – пайдалы қазбаларды өндіру кезіндегі жағымсыз салдарын толығымен жою.
    • https://okulyk.kz/biologija/402/
    • https://kartinkin.net/51110-geologija-fon.html
    • https://massaget.kz/layfstayl/bilim/zharatylystanu/18785/

Пайдаланылған әдебиеттер:

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет