Оқыту барысында



бет1/17
Дата07.02.2022
өлшемі280,88 Kb.
#87297
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ерхат дшы104




Футбол ойынында допты тоқтау тәртіп бойынша қалыпты қозғалыстардың бірі болып саналады. Допты тоқтату толық болып саналады, егер доп тоқтап, қимылсыз жатса, толық емес болады, егер тоқтамай, тек жылдамдығын ғана азайтса. Ойында көбінесе толық емес тоқталулар қолданылады. Допты тоқтатуда табанның ішкі жағы қолданылады.
Домаланған допты ішкі табанмен тоқтату ойында көбірек қолданылады. Бұл әдіс ыңғай және оңды болып табылады. Допты өзіне қабылдаған футболшы сол мезетте-ақ допты бағыттауға дайын болып тұрады.
Оқыту барысында:
1.Соққы бер және тоқтат. Қабырғадан 5м қашықтықта тұрып, қабырғаға соғылып кері қайтатындай етіп лақтыру керек. Допты тоқтатып, қайтадан қабырғаға лақтыру т.с.с.
2.Қабылдау және беру. Ойыншылар екі-екіден бөлінеді. Олар бір-біріне қарама қарсы 6м қашықтыққа орналасады. Бір-бірне допты кезекпен беру арқылы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға жаттығады.
3.Доп ортаға. Жаттығушылар шеңбер бойымен тұрады. Диаметрі 12-14м . ойыншылардың біреуі ортаға тұрады. Ол допты басқаларына кезекпен беріп отырады. Соңғы ойыншы ортамен орын алмасады.
4.Шеңберден-шеңберге. Ойыншылар екі топқа бөлінеді. Олардың саны тең. Команда әр-әр жерде орналасады. Олардың алдына 2м диаметрлі шеңбер сызылады. Команданың біріншісі шеңбер ішінде доппен бірге тұрады. Ол допты өз командасына береді. Олар кері бағытта команда соңына барып тұрады. Осылайша қайталана береді. Үш реттен кейін орын алмасады. Топтың бір-бірінен қашықтығы 5-6м.
5.Қозғалыста ойыншылар қос-қостан бөлініп бір-бірінен 7-8м қашықтықта тұрады. Алға жылжып, олар допты бір-біріне төмендетіп жіберіп, аяқпен тоқтатып отырады. Қозғалыс темпі біртіндеп арта бастайды.
Бастауыш ойыншыларда кездесетін қателердің көпшілігі допты қатты серпілту болып табылады. Бұл кемшілікті болдырмас үшін жаттығу кезінде әлсіз желдетілген доппен жаттығу керек.
Домаланған допты табанмен тоқтату. Бұл доп ойыншыға қарама қарсы кезде орындалады. Бұл қабылдаудың техникасы оншалықты күрделі емес. Тоқтатушы аяқ кішкене тізесі бүгіліп, жақындаған допқа қарсы тұрады. Допқа аяқ тиген кезде, тізе кішкене артқа жылжиды, бұл кезде доп жерге қысылады.
Оқыту барысында:
1.Доп әріптеске. Ойыншылар екі-екіден бөлініп, бір-бірінен 5м қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесі лақтырған допты табан арқылы тоқтатады. Осылайша қайталана береді.
2.Сигналмен. жаттығу қос қостан жасалады. Әріптестер бір біріне 6-7м қашықтықтықта орналасады. Біреуінде доп, екіншісінде оған теріс қарап тұрады, біріншісі оған допты тебеді. Доп жақындаған кезде дыбыс беріледі. Теріс тұрған ойыншы тез бұрылып допты табанымен тоқтатады, соңынан орын алмасады.
3.Үштік. Бір мезгілде үш ойыншы жаттығады. Екі ойыншы бір-бірінен 5-6 қадам қашықтықтықта кезекпен допты үшінші жаққа домалатады. Период бойынша орын алмасады.
Бастауыш ойыншылар бұл кезде көбінесе тоқтатушы аяқты өте жоғары көтеріп жібереді. Қателіктерді болдырмас үшін жоғарыдағы жаттығуды көбірек жасау керек.
Ойын барысында көптеген ойыншылар допты табанның ішкі жағымен тоқтатады. Сонымен қатар табан арқылы. Бірінші жағдайда тірек аяқ доп тұсымен 40см алда орналасады.
Оқыту барысында:
1.Допты лақтыр. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты лақтырады. Екіншісі аяқпен табанның ішкі жағымен немесе табанмен допты тоқтатады. Әріптестер ара қашықтығы 3-4 қадам. Әрқайсысы 10-15 доптан тоқтатады.
2.Серпілістен кейін. Допты, бастан жоғары тастау және серпілгеннен кейін ішкі табанмен немесе табанмен допты тоқтатады. Жаттығу 10-15 рет жасалады.
3.Тоқтат та бер. Екі ойыншы жаттығады. Біреуі допты әріптесінің сол жағына лақтырады. Ол сол аяғының ішкі табанымен допты тоқтатады да кері қайтарады. Сонан соң оң аяғымен 10 реттен соң орын алмасады.
4.Жүгірумен. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Бірінші ойыншы допты әріптесінің алдына лақтырады. Әріптесі ұмтылып, допты тоқтатадыда, соққы арқылы кері қайтарады. период бойынша орын алмасады.
5.Бұрылыс арқылы. Жаттығушылар 8м қашықтықта тұрады. Олар кезекпен бір-біріне допты 45°-қа сонан соң 90°-қа лақтырады. Қарсы тұрған ойыншы бұрылып допты тоқтатады.
6.Жанына ұмтылыстан соң. Екі ойыншы бірінен 10-12 қадам қашықтықта тұрады. Біреуі әріптесіне допты лақтырады. Ол ұмтылып допты тоқтатып, кері қарай лақтырады. Бірінші ойыншы допты тоқтатады.
7.Соққыдан соң. Екі ойыншы жаттығады. Олар бір-бірінен 20 қадам қашықтықта тұрады және бір-біріне допты бағыттайды. Серпілістен соң допты ішкі табанмен немесе табанмен тоқтатады.
Аяққа тигенде доп ойыншыдан кері серпіледі. Бұл қателік көп кездеседі. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі орындау керек.
Допты тоқтатқанда табанның сырқы жағымен де тоқтатады. Мұны көбіне тәжірибелі ойыншылар орындайды.
Оқыту барысында:
1.Имитация. Бұл допсыз қозғалыспен орындалады.
2.Допты лақтырып. Доп лақтырылған соң оң және сол аяқпен тоқтатылады.
3.Допты асыра. Екі-екіден ойналады. Әріптестер бір-бірінен 6м қашықтықта орналасады да допты лақтырады. Допты табанның сыртымен тоқтатады. Қашықтық біртіндеп алыстайды.
4.Бұрылыспен. Екі ойыншы жаттығады.Біреуі әріптестің сол жағына тастайды. Ол допқа ұмтылып допты оң аяғымен тоқтатады да кері қайтарады. Период бойынша орын алмасады.
Бастауыш футболшыларға мұнда кездесетін қиындық - ұшып келе жатқан допты тоқтату болып табылады. Бұл жағдайда доп табанның ішкі жағымен немесе аяқ өрінің ортасымен тоқтатылады. Бұл жағдац домалап келе жатқан допты тоқтататын қабылдауға ұқсас келеді. Өте жоғарыда ұшып келе жатқан допты да осы қабылдаулармен, бірақ секіріп тоқтатуға болады.
Оқыту барысында:
1.Ілінген доп. Бағанаға жерден 40см биіктікте болатындай етіп доп ілінеді. Ойыншы допты табанның ішкі жағымен тоқтатуға тырысады. Доп 10см биіктікке ілініп, аяқ өрімен тоқтатуды жаттығады.
2.Шам. допты алдына лақтырып, түскен кезде, аяқ өрімен және табан ішімен тоқтату.
3.Қисық траекториямен. Жаттығу жоғарыдағыдай. Ерекшеклігі, екі ойыншы бір-біріне допты қисық траекториямен лақтырады. Қашықтық 8 м.
4.Жоғарыға лақтыр. Аяқ өрінің ортасымен жонглер жасау.
5.Соққыдан соң. Екі ойыншы бір- бірінен 15-20 қадам қашықтықта тұрады. Бір-біріне доп лақтырады да тоқтату әрекетін жасайды.
6.Бұрылыспен соққыдан соң. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек ойыншылар 45°-90°-қа бұрылып жасайды.
Мұнда кездесетін қателер ұшып келе жатқан допты тоқтатуда аяқты тез доппен соқыстыра алмау болып табылады. Мұны болдырмас үшін 1-2 жаттығуларды жиі жасау керек.
Футбол біртіндептездетіліп бастайды. Осындай тездікте ойыншылар аяқты көтеріп допты тоқтата алмайды. Бұл жағдайда олар баспен де, санмен, ішпен де, кеудемен де тоқтата алады.
Оқыту барысында:
1.Екеулеп. Ойыншылар екіден бөлініп 4м қашықтықта тұрады. Олар допты бір біріне лақтырып,и тоқтатуға әрекет жасайды.
2.Траекторияны өзгертіп. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек доптың ұшу траекториясы өзгеріп отырады.
3.Допқа қарсы. Екі әріптес жаттығады. Олар бір-бірінен 10м қашықтықтықта орналасады. Бір-біріне доп лақтырады, кеудемен ұмтылыс жасап тоқтатады.
4.Қозғалыспен тоқтату. Жаттығушылар екеуден бөлінеді. Дыбыс бойынша олар алаңда алға, артқажүріп отырады. Біреуі допты лақтырады. Ал оны кеудемен тосып, аяққа түсіреді. Осылайша қайталай береді т.с.с.
5.Соққыдан соң. Жаттығу жоғарыдағыдай, тек мұнда доп қолмен емес аяқ соққысымен беріледі.
6. Серпілістен кейін. Ойыншылар екіден жаттығады. Олар жерден серпілген допты кеудемен тосу арқылы тоқтатады.
7.Допты көтеріп тебуде. Шабуылшы А және В, қорғаушы С және Д барлығы қақпа аймағына жақын орналасқан. А допты төбеден асырып В береді. Ол допты кеудемен тоқтатып, айып алаңына кіреді де , допты қақпаға соғады. С және Д бірінші әрекетсіз тұрады, кейін ойынға араласады.
8.Үшбұрыш. үш ойыншы жаттығады. Олар алаңда үшбұрыш түзе орналасады. Екі ойыншыда доп бар. Олар допты 3-ші ойыншыға лақтырады. Ол кеудесімен тоқтатып отырады.
9. Бұрылыспен. Дәл жоғарыдағыдай орындалады. Тек допты тоқтатуда ойыншы 90-45°-қа бұрылыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет