5. Футболдың оқуындағы процестің ерекшеліктері 1.Оқыту процессінің құрлымы
2.Бастапқы даму сатысы, тереңдете даму сатысы
3.Оқыту сатысының мінездемесі.
Оқыту барысында: Қадаммен арқамен. Қабырғаға тұру. 1,5 м қашықтыққа алдына доп қояды. Қадам жасап допты өкше арқылы қабырғаға соққылайды.
Жүгірумен. Түзу сызық бойына әр 3-4 қадам сайын 5-6 доптан қояды. Әрі қарай жүгірумен әр допқа өкше арқылы соққы береді. Басында жүгіру, жаймен басталып жаймен жеделдейді.
Екулеп. Жаттығушылар екі-екіден бөлінеді. Бір-бірінен 5-6метр қашықтықта орналасады. Допқа ие әріптес допқа өкшесі арқылы соққы беріп, арттағы әріптестеріне береді. Осылайша әрқайсысы 15-20 соққыдан береді.
Домаланған доппен. Екі ойыншы бірінен соң бірі тұрады. Біріншісі допты жаймен алға домалатады. Артқысы допқа қуып жетіп, онымен соққы беру арқылы кері қайтарды. 4-5 ұмтылыстан кейін орын алмасады.
Өкшемен көздеу. Екі бағанмен 1 м ендікте қақпа құрылады. Екі ойыншы екі жақтан орын алады. Олар кезекпен өкше арқылы қақпаға доп соғады. Қақпамен қашықтық 6-7 м.
Қуып жет те ал. Қос-қостан ойналады. Біреуі доппен алда қозғалыста, ал әріптесі оның соңынан 5-6 қадамда аеледі. Алдыңғысы допты өкшемен артқа бағыттайды, артындағысы допты қағып, алға түседі де, оны қайталайды.
Бұл қабылдауды орындау барысында көбінесе кететін қателіктер де кездеседі. Бұл қабылдауды үйренуде бұл қабырғаға допты өкшемен беру арқылы жаттығу керек.
Бөлшектелген соққы деп, доп ұшып бара жатып өз өсімін айналуын айтады. Былайша жасау үшін допты доптың ортасынан емес, жерге қойып бір жағынан соққы беру керек.
Аяқ өрінің ішкі жағымен бөлшек соққы беру . Бұл кәдімгі соққы берумен бірдей, айырмашылығы доптың ортасынан емес,жанынан соққы беріледі. Доп өз өсінде қатты айналған сайын оның доғасы да көбірек болады.
Оқыту барысында: 1.Бір-біріне. Жаттығушылар қос-қостан жаттығады. Олар бір-бірінен 12-14 м қашықтықта тұрып, бір-біріне аталған түрде доп беріп отырады.
2.Қақпа арқылы. Бағаналардан 2м кеңдікте қақпа құрылады. Екі ойыншы қақпаның екі жағына 10м қашықтықта орналасады. Ойыншылар допты бір-біріне бағыттап кезекпен қақпаны соғады.
3. Домаланған доппен. Жаттығуда үш ойыншы қатысады. Біреуі қақпаға орналасады, екіншісі қақпа жанына, үшіншісі екінші ойыншы берген допқа соққы беріп қақпаға бағыттайды. Әріптестер орын алмасып ойнайды.
4.Бағана арқылы. Соққы сызығынан 17-18м қашықтықта 2,5 диаметрлі шеңбер сызылады. Соққы сызығы мен шеңбер арасына бағана қойылады. Ойшылар алдымен қимылсыз тұрған допқа соққы береді,онан соң домаланған допқа соққы беріп, шеңберді көздейді.
5.Флангтан беру. Алаңда бір шетінен соққы беру нүктесі белгіленеді. Айып алаңының 11метрлік аумағында диаметірі 5метр болатын шеңбер сызылады. Шеңберге түсіру үшін допқа 10соққы беріледі. Мұнда 5 соққы аяқ өрінің ішкі жағымен, ал 5 соққы сырқы жағымен.
Бастауыш футболшыларға бұл қабылдауларды оқытуда, олардың көбінесе жіберілген қателігі допты дәл ортасынан соққы бермейді,ауытқиды. Бұл кемшілікті жою үшін допқа соққы беріп, қабырғаға ұру жаттығуын жасау керек.
Ұшып келе жатқан допқа соққы беру-техникалық күрделі қабылдаулардың бірі болып табылады. Бұл қабылдауды үйренуде, соққы беруші аяқтың допқа дұрыс тиюіне назар аудару керек. Ойыншы қақпаға ұшып келе жатқан допты бағыттауы керек болса, онда аяқ өрінің ортасы арқылы доп орталығын көздеп соққы беру керек. Тәртіп бойынша соққы дұрыс берілсе, доп көзделген жерге тиеді. Бұл жағдай көбінесе табанның ішкі жағымен немесе аяқ өрісінің ішкі жағымен соққы бергенде дұрыс орындалады. Соққылардың ішіндегі ең күрделісі болып, баспен соққы беру саналады.
Оқыту барысында: 1.Допты лақтыру. Қабырғадан 10-12 м қашықтықта тұру. Допты алдына тастау. Доп кері серпіліп, тізе тұсына жеткенде ұшып келе жатқандағы соққыны береді. Алдымен соққылар табанның ішкі жағымен беріледі. Сонан соң ортасымен және өрдің сырқы жағымен беріледі.
2.Допты тастау. Жаттығулар екі-екідне бөлінеді. Бір ойыншы әр қосақтың сол жағынан қабырғадан 10м қашықтықта тұрады. Оның орындайтыны-кеудесін тірек аяққа иіп әріптесі лақтырған допты кері қабырғаға қайтарады. Период бойынша, ойыншылар орын алмасады.
3.Бір-біріне. Футболшылар қос-қостан жұмыс жасайды. Әр қосақта ойыншылар бір-бірінен 15м қашықтықта орналасып, кезекпен допқа соққы бере бастайды. Мұнда доп бағыты әріптес алдына бағытталады. Әріптесі допқа ұшып келе жатқандағы соққыны береді.
4.Қақпаға соққы бер. Жаттығушы үш ойыншы. Біреуі қақпаға тұрады, екіншісі қақпадан 15 қадам қашықтықта, ал үшіншісі қақпа сызығынан 15-20м қашықтыққа орналасып, допты екінші ойыншыға береді. Ол ұшып келе жатқан допты қақпаға бағыттайды. 10 соққыдан соң орын алмасады.
5. Бас арқылы. Допты жерге тастау және бірінші серпілісінде аяқ өрінің ортасымен бастан асыра соққы береді. Тез бұрылып түскен допқа осны қайталайды т.с.с.
6.Доп ортанғыға. Жаттығушылар 3-3-тен ойнайды. Екі ойыншы бір-бірінен 12-14 м қашықтыққа орналасады, ал үшіншісі олардың арасында. Бірінші ойыншы ортадағыға береді, ал ол бас арқылы аяқ өрі ортасымен соққы беру арқылы екінші допты үшінші ойыншыдан алады. Дәл осылайша бірінші ойыншыға береді. Период бойынша орын алмасады.
7. Қақпаға. Екі ойыншы қақпаның екі шетіне тұрады. Кезекпен қақпа сызығына айып алаңы арқылы қақпаға бағыттайды. Екінші ойыншы ұшып келе жатқан допты қақпаға бағыттайды. Период бойынша орын алмасады. Енді жіберілетін қателер жөнінде көбінесе бастауыш футболшылар келесі кемшіліктерді көп жіберді. Аяқтар жерге параллельді немесе аяқ допқа өте жақын орналасады. Нәтижесінде әлсіз, дәл емес соққы беріледі. Бұл кемшіліктерді жою үшін жерден серпілген допқа қабырғаға бағыттап 8-10 соққы беру арқылы жаттығу керек.
Жартылай ұшпалы допқа соққы. Доптың жерден серпілуі кезінде орындалады. Мұндай соққылар әдетте өте күшті соққылар қатарына жатады. Бұл қабылдауды алыстан немесе қақпаға соққы беруде қолданады. Доп жерге жақындағанда тірек аяқ тізесі бүгіліп, соғушы аяқ артына созылып, допқа соққы береді.
Оқыту барысында:
1.Қабырғаға. қабырғадан 3-4 қадам қашықтыққа тұрып, допты алдына тастайды. Серпілген допқа өр ортасымен соққы береді. Жаттығу 10-15 рет қайталанады.10 соққыдан өрдін ішкі және сыртқы жағымен орындалады.
2.Шеңберде. қабырғаға 1м диаметрлі шеңбер сызылады.одан 8-10м қашықтықта орналасып,допты алдына тастап, серпілгенде соққы беріп,сызылған шеңберге бағыттайды. Жаттығудағы әр аяқ үшін 10-15 соққыдан береді.
3.Қақпада. Қақпадан 12-15 қадам қашықтыққа доппен бірге тұру. Допты алға тастап жіберіп, онымен бірге қуалап жүру, қақпашы тұрған қақпаға бағыттау.
4.Дәл беру. Екі ойыншы бір-бірінен 15-16 қадам қашықтықта орналасады. Олар допты бір-біріне тура беруі керек. Мұнда бір рет қимылсыз допқа, екіншісінде ұшып келген допқа соққы беріледі. Әр ойыншы 10-15 соққыдан береді.
5.Сым арқлы. Екі бағына арқылы сым тартылып, қойылады. Екі ойыншы сымның екі жағына орналасып, кезекпен жартылай ұшу соққысын беріп отырады.