Оқыту барысында


Жаттықтырушы оқытушының психо-педагогикалық мінездемесі



бет2/17
Дата07.02.2022
өлшемі280,88 Kb.
#87297
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Ерхат дшы104

2. Жаттықтырушы оқытушының психо-педагогикалық мінездемесі.
1. Жатттықтырушы оқытушының психо-педагогикалық мінездемесі.
2.Жас футболшылар жарысының жүйесі.
3.Балалармен, жастармен және жасөспірімдерге қойылатын талаптар.
Қазіргі футболда дриблинг өте кеңінен қолданылады. Дриблинг еркін позицияға шығу үшін қолданылады. Ал ендіру өрдің ішкі және сыртқы бөлігімен, табанның ішкі және сыртқы бөлігімен, табанның ішкі бөлігімен беріледі.
1.Жай дриблинг. Допты түзу бойымен жай темппен әр қадам сайын аяқпен түртіп отырып беріледі.
2.Аяқпен кезектесе. Дәл жоғарыдағыдай. Тек аяқты кезектестіріп отырып беріледі.
3.Шеңбермен. алңда 5-6м шеңбер сызылады. Ойыншылар допты алып жүруде жаттығуды сағат тілімен – ішкі өрмен, сағат тіліне қарсы-сыртқы өрмену жасайды.
4.Коридормен. Алаңда 25 м ұзындықта коридор белгіленеді. Ені 1 м. Осыдан шықпай допты алып жүру.
5.Шеңбер ішінде. Алаңда 7 – 8 м диаметрлі шеңбер созылады. Оның ішіне тағы бір шеңбер. Екі шеңбердің арасы 1м. Ойыншы осы 1м арасынан шықпай, допты алып жүру керек. Жылдамдығы біртіндеп артылып отырады.
6.Басты көтер.Жаттығушылардан 20м қашықтықта бағана орнатылады. Дыбыс бойынша олар 5-6м интервалмен допты алға апарады.
7.Бағытын өзгерте. Алаңда бөлімше құрылады. Ойыншылар сигнал бойынша бір-біріне соқтықпай допты алып жүре бастайды, ол үшін ойыншылар үнемі бағыттарын өзгертіп отырулары керек.
Мұнда негізгі қате болып доп аяқтан қатты серпілуі және көзді доптан алмау. Мұны жою үшін 6-шы жаттығуды жасау керек.
Ойын барысында футболшылар жалған қозғалыстар да жасайды. Оның мақсаты- допты қарсыласынан сақтап қалу. Финт мағынасы футболда ерекше орын алады.
Бастауыш футболшыларға мұны үйретуде допсыз жасалатын жаттығулардан бастаған жөн.

  1. Жай жүгірістен соң оңға (солға) ұмтылыс жасау.

  2. Қатты жүгірістен соң бірден тоқтап ұмтылыс жасау.

  3. Қозғалыс бағытын үнемі өзгерте отырып ағаштар арасымен жүру.

  4. Ұмтылыс жасау, жанына құлау т.с.с.

  5. Бағаналар арасымен жүру.

  6. Квадратта жүгіру. Алаңда 4 метрлік квадрат сызылып оның ішіне 8-10 жаттығушы кіреді. Сигнал бойынша барлығы араласа бастайды. Жаттығу ұзақтығы 20-30 с.

  7. Кеудемен жалған қозғалыс жасап үйретеді.

  8. Бағана жанында. Екі ойыншы жаттығады. 2м диаметрлі шеңбер ортасына бағана қойылады. Ойыншының бірі аталған қозғалыс арқылы із кесушіден өтіп кетуге ұмтылады, бірақ шеңберден шығуға болмайды. Период бойынша орын алмасады.

Финт «допты тебуге аяқпен алдамшы серпіліс» бұл финтті қарсыласпен және қарсылассыз үйренуге болады (бағана, жалау, доп қажет). Футболшы допты алып келе жатып едергіге жақындағанда 2-3 м қалғанда допты оңға қарай тебу әрекетін жасай, өзі доптың қозғалысын тоқтатпай сол жаққа қарай алып кетеді, немесе керісінше.
Финт «жалған тоқтату». Бұл қабылдау екеуден жасалады. Әріптестер 8 м қашықтықта тұрады. Біреуі допты жолдасына бағыттайды. Оған 1,5-2 м жетпей, ол бірден тоқтап, допты табанмен жерге тірейді. Ары қарай тез арада аяқты көтеріп қозғалысты жасай береді.
Финт «допты таста». Жаттығу екеуден орындалады. Қарсыласына жақындаған ойыншы допты оның оң жағына жүгіртіп жіберіп, өзі сол оң жағынан өтеді.
Финт «денесімен көрсету». Ойыншы орташа темппен допты қарсыласына әкеледі. Одан 2-2,5 м қашықтықта ол денесін бірден оңға бұрып, допты керісінше солға жібереді.
Финт «доппен бірге өту». Бұл қарсыластан құтылуға тиімді. Қарсыласқа жақындай беріп, ойыншы аяқты көтеріп, кеудені сонда бұрады. Ал допты басқа аяқтың өрімен өткізіп жібереді.
Финт «шетке қарай ұмтылу». Допты алып келе жатып қарсыласқа 2 м қалғанда сол аяқпен серпіле оңға алға қарай ұмтылып қарсыластың да солай қарай ұмтылған әрекетін байқағаннан кейін аяқ өрінің сыртқы жағымен қарсыластың жанынан допты алып өту, допты ары қарай алып жүруді жалғастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет