Қазақстан
Республикасы білім және
ғылым министірлігі
Алматы Технологиялық университеті
Тағам өнімдерінің қауіпсіздігі мен сапасы
СОӨЖ
.
Ерітінді концеентраци
Орындаған:
1 курс студенті
Группа: ССиМ 22
-13
Нұрәлі Арна
Қабылдаған: Алимкулова Жамила Джакыпберкызы
Алматы
ЖОСПАРЫ
1. Кіріспе
2.
Концентрация
3.
Титрметриялық талдау әдісі
4.
Қышқылдық
-
негіздік титрлеу
5. Қорытынды
6. Қолданған әдебиеттер
Кіріспе
Ерітінділер қаныққан, қанықпаған және аса қаныққан деп бөлінеді.
Берілген температурада жақсы еритін заттардың ерігіштігінің де шегі
бар. Еріген заттың концентрациясы
белгілі бір мөлшерден асқанда,
оның артығы ерімей, ерітіндінің түбіне шөгеді. Бұл кезде ерітінді мен
еріген зат тепе
-
теңдік жағдайда болады. Мұндай ерітінділерді қаныққан
ерітінділер,
ал
концентрациялары
қаныққан
ерітіндінің
концентрациясына
дейінгі
барлық
ерітінділерді
қанықпаған
ерітінділер деп атайды. Кейбір еріткіштің белгілі бір мөлшерінде еритін
заттың ерігіштігіне сәйкес мөлшерінен де артық мөлшерін ерітуге
болады. Мұндай ерітінділер аса қаныққан ерітінділер деп аталады. Аса
қаныққан ерітінділердің тұрақтылығы нашар болады. Кез келген
сыртқы әсерден еріген заттың артық мөлшері ерітіндіден бөлініп,
тұнбаға түседі.
Заттың,
ерітіндінің құрамы, концентрациясы әртүрлі тәсілдермен
көрсетуге болады. Ерітіндінің концентрациясы деген, белгілі ерітіндінің
құрамындағы еріген заттың мөлшері. Аналитикалық химияда
ерітіндінің концентрациясын корсетуге қолданатын
тәсілдер:
проценттық (%), молярлық (М), нормальдық (H), титр (Т), мольдік (m).
Концентрация
Концентрация –
еріген заттың ерітіндідегі мөлшерін көрсетеді. Егер
ерітіндінің концентрациясын
сандық мөлшермен көрсетпесе, оларды
қанықпаған, қаныққан, аса қанық, сұйық, қою,
концентрленген деп
бөлінеді.
Қанықпаған
ерітінді –
еріген заттың жаңа мөлшерін әлі еріте алатын
ерітеді.
Қанық
ерітінді –
белгілі бір температурада затты одан әрі еріте
алмайтын ерітінді.
Титрметриялық талдау әдісі
Титриметрлік талдауды қолданылатын химиялық реакциялардың
түріне қарай бөледі. Бұл реакциялар:протондармен алмасатын,
электрондармен алмасатын (тотығу
-
тотықсыздану), аз
диссоцияланатын(комплексті)қосылыстар және нашар еритін
қосылыстар (тұнба)
түзетін реакциялар. Осы реакциялардың түріне
қарай титрлеу әдістерін келесідей топтастырады:
1.
Қышқылдық
-
негіздік титрлеу әдісі
немесе бейтараптау әдісі
2.
Тотығу
-
тотықсыздану титрлеу әдісі
3.
Комплексонометрлік титрлеу әдісі
4.
Тұндыру титрлеу әдісі
Қышқылдық
-
негіздік титрлеу
Қышқылдық
-
негіздік титрлеу әдісі
(бейтараптау)
қышқыл мен негіз
әрекеттесуіне, яғни бейтараптау реакциясына негізделген:
NaOH + HCI = NaCI + H2O
OH- + H+ = H2O
Бұл әдіс арқылы ерітіндідегі қышқыл мен негіз мөлшерін ғана емес,
суда ерігенде гидролизге ұшырайтын тұздар мөлшерін де анықтауға
болады.
Қышқыл
-
негіздік титрлеудің екі түрі болады: ацидиметрия және
алкалиметрия.
Ацидиметрия –
титрлеу кезінде титрант ретінде қышқыл ерітінділері
пайдаланылып, негіздердің не тұздардың мөлшерін анықтайды.
Алкалиметрия –
титрлеу кезінде титрант ретінде
сілті ерітінділері
пайдаланылып, қышқылдардың не тұздардың мөлшерін анықтайды.
Қорытынды
Сонымен қатар ерітінділер түзілгенде жылу бөлінуі, жүйе түсінің
құрамдас
ебөліктер түсінен өзгешелігі
және ерітінділер көлемінің
құрамдас бөліктер көлемінің
қосындысына қарағанда кемуі еріген зат
пен еріткіш арасында химиялық әрекеттесулер болатынын көрсетеді.
Кейде олардың арасындағы байланыстың беріктігі соншалық,
ерітінділерді суытқанда еріткіштің біраз мөлшері еріген затпен бірге
кристалданады. Оларды жалпы сольваттар, ал
еріткіш су болғанда
кристаллогидраттар деп атайды. Бұл қасиеттер ерітінділердің
химиялық теориясына тәжірбиелік негіз болды.
Қолданған
әдебиеттер
stud.kz
zharar.kz
сайттары