Жунисова Г.Е., Акимбаева К.Т.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,«Есеп және аудит» кафедрасы
Бухгалтерлік есеп пәндерін оқытуда кейс-стади әдісін қолдану
Қазіргі заманғы экономикалық жағдайда қоғамының белсенді, білімді, бәсекеге қабілетті, кәсіби мамандарға деген сұранысы артуда. Соңғы кездері жеке тұлғаның дамуына, кәсіби дайындықтың деңгейіне үлкен назар аударылуда.
Заман талабына сай білім беру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі.Заманауи қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі кеңістікте өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жақсартуға игі әсер ететін кәсіби маманды қалыптастыру. Кәсіби маманның алдына қойылатын ең бірінші кезектегі талаптар –шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, терең білім, кәсіби сауаттылық. Қазіргі кезде оқыту үдерісін жоспарлаудың, қолданудың және бағалаудың жүйелі әдісі, адамдардың техникалық ресурстарды білімді игеру жолында өзара тиімді әрекет етудің негізі ретінде жаңа технологиялар түрлері көбейе түсуде. Осындай жаңартылған педагогикалық технологиялар ішінен өз қажетін таңдап алу – әр болашақ маман үшін жауапты да, шығармашылық іскерлікті қажет ететін іс. Әрбір болашақ мамандықтың игерілу тиімділігін арттыру мақсатында қолданылатынәдістердің бірі – «кейс-стади».
Кейс-стади–өзбетінше ойлау қабілетін және шешім қабылдау дағдыларын көрсетуге мүмкіндік беретін мәселелі сипаттағы сұрақтарды топпен талдау.
Кейс амал-тәсілі алғашқы кезде Американдық бизнес мектебінде ғана қолданылып келсе, бүгін де бұл әдіс арқылы оқытудың қолданылу аясы кеңіп, ол құқық, мәдениеттану, медицина, экономика және т. б. салаларда тиімді қолданылуда.
Кейс амал-тәсілінде басты назар студенттердің ұсынылған реальды немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдайтарды талдауы және осы жағдайқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. студенттің жекетұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады.[1].
Нақты ситуациялық жағдайларда анық дұрыс немесе дұрыс емес жауаптар болмайды, яғни оқу материалы студенттерді талдауға, пікір-талас жүргізуге, ойларын ашық айтуға, өз көз қарастарын негіздеуге ғана қызмет етеді. Бұл әдіс педагогикалық міндеттерді талдау қабілеттерін дамытады және міндеттерді өзінше құрастыруға үйретеді. Нақты міндеттерімен бетпе-бет келген кезде маман біріншіден мыналарды: мұнда шешетін проблема барма, өз позициясын анықтау, түсіндіру, нені шешу керек екендігін және қандай қажетілік бар екендігін анықтап алуы қажет. Оқу кейсі – аудиторияда бар мүмкіндіктерді пайдаланып нақты проблемалық жағдайларды шешу және талқылау жолы арқылы қарама-қарсы шешімдерді қабылдау мүмкіндіктерін құру. Кейс әдісін тиімді қолдану студенттердің шығармашылық іс-әрекеттерінің белсенділіген артырады, оқу тобында проблемалық жағдайларды талқылау мүмкіндігін туғызады, өздерінің білімдері мен идеяларын біріктіреді, талқылау процесін және білім мазмұнын қадағалауға мүмкіндік береді.
«Кейс стади» әдісін іске асыру мынадай кезеңдерді қамтиды:
1-кезең. Жағдай жазылған мәтінді оқи отырып, оқушы өздігінше проблеманың мәнін түсінуге, жағдайты бағалау үшін өз ұстанымын анықтауға, сұрақтарға жауап ойластыруға және проблеманы шешудің нақты жолдарын табуға тырысу керек.
2-кезең. Шағын топта жұмыс істеу. Студенттер шағын топтарда (4-6 адам) кейстің негізін құрайтын проблемалар шеңберінде пікір алмасады, диалогтік қарым-қатынас және консенсус әдістері арқылы проблеманы бірлесіп шешеді. Бұл кезеңде «брейнсторминг» (ми шабулы), диалог және полилог, дискуссия, сөз таластыру болуы мүмкін. Топтық талқылаудан кейін проблеманы шешудің жолдарын баяндауға қабілетті санаткер көшбасшылар айқындалады.
3-кезең. Жалпытоптық талқылау оқытушының басшылығымен өткізіледі. Ереже бойынша әрбір топ жағдайға баяндалған проблемалар шеңбері негізінде өз көзқарастарын айтады. Талқылаудың ерекшелігі – оқытушы жауаптарға сапалы баға бермейді, әрбір айтылған пікір өзінше қабылданады. Жағдайты талдау процесі оқытушынен кең ой-өрісті, тіл табыса білу қабілетін, бірнеше ұқсас пәндерден білім кешенін, пікірталасты жүргізу техникасын меңгеруді талап етеді [2].
«Кейс стади» технологиясын кез келген пәнді оқыту барысында қолдануға болады. Нақты жағдай нақты дұрыс немесе дұрыс емес жауапқа ие бола алмайды, ол тек оқу материалы қызметін атқарады, сол арқылы студенттер талдауға, сөз сөйлеуге, пікір таластыруға, өз ойларын негіздеуге үйренеді.
Ал «Бухгалтерлік есеп», «Қаржылық есеп», «Аудит», «Қаржылық талдау» сияқты есептік пәндерді оқытуда кейс-стади әдісін қолдану өте тиімді, себебі олар үнемі өзгерістерге тәуелді болып келеді. Бұл өзгерістер бухгалтерлік есепті қайта реформалаумен, есеп пен салық салу саласындағы жаңа заң актілерінің енгізілуіне байланысты туындайды. Сондықтан студенттер жаңа ортада өздерін қалай ұстау керектігін үйреніп білуі қажет.Бухгалтерлік есеп пәндерін оқытуда кейс-стади әдісін қолдану теориялық білімдерді тәжірибемен ұштастыруға мүмкіндік береді.
Курсты оқу барысында тақырыптардың күрделіліктеріне байланысты кейстердің де әр түрлі күрделілік деңгейлерін қолдануға болады:
Күрделіліктің бірінші сатысы: тәжірибелік (ситуациялық) жағдай бар, шешімі бар. Студенттер шешімі сәйкес келеді ме, немесе басқа шешімі бар ма екенін анықтайды;
Күрделіліктің екінші сатысы: нақты ситуациялық жағдай бар. Студенттерге дұрыс шешім қабылдау ұсынылады;
Күрделіліктің үшінші сатысы – нақты ситуациялық жағдай бар. Студент өзі туындаған мәселені анықтайды және мәселені шешу жолдарын көрсетеді.
Кейс-стади әдісі бойынша семинар сабағын өткізу жоспарын келесідей етіп ұсынар едім.
Аталған әдіспен семинар сабағын өткізуге болатын тақырыпты таңдаймыз.
Кейстің текстін, тапсырмалар жинағын қалыптастыру және кейсті орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықты құрастыру.
Ақпараттық құжаттарды таңдаймыз (келісім-шарттар, шот-фактуралар), бұйрықтар және т.б.).
Білім мен дағдыларды бағалау критерийлерін әзірлеу.
Төменде кейс-стади әдісі бойынша сабақ үлгісі мысалға келтірілген.
«Қаржылық есеп» пәнінің «Тауарлы-материалдық қорлардың есебі».
Семинар сабағының мақсаты:
Студентті нақты тәжірибелік жағдайды түсініп үйрену, нақты шешімдер қабылдауға үйрету;
Теорияны тәжірибеде қолдануды үйрету;
Баламалы шешімдерді қабылдау бойынша талдамалық қабілеттерді қалыптастыру.
Семинар сабағының жоспары:
Дайындық кезеңі. Студенттерге тапсырма беру: ұйымның қабылдаған есеп саясатына сәйкес материалдар қозғалысы бойынша операцияларды бухгалтерлік есеп шоттарында көрсету. Тапсырма ретінде қорлардың қозғалысы бойынша нақты ситуациялық жағдай беріледі және бастапқы құжаттарды толтыру, материалдарды бағалау және ТМҚ-дың есебін ұйымдастыру бойынша әдістерді әдісін анықтау ұсынылады.
Кіші топтарда студенттердің өзіндік жұмысы:
- Кейс тапсырмалары мен әдістемелік нұсқауларды қарастыру;
- Бастапқы құжаттар ресімдеу;
- шаруашылық операциялар бойынша бухгалтерлік есеп шоттарында көрініс табуын көрсету;
- Басқа микротоптарға зерттелетін тақырып бойынша сұрақтар дайындау.
3. Талқылау: микро топтардың баяндамалары (практикалық жағдайды шешу үшін қорытындылар, оқытушының және басқа микротоптардың сұрақтарына жауап беру).
4. нәтижелері және білімі мен дағдыларын бағалау.
Микротоптардың және жеке студенттердің жұмысы бағаланады.Оқытушы бағалауда келесі критерийлер негіздейді:
- Мәнi бойынша жауаптар;
- құжаттарды ресімдеудің сауаттылығы;
- бухгалтерлік корреспонденцияның дұрыс құрастырылуы;
- сабақтағы белсенділігі (жеке, шағын топтар).
Аталған үлгі семинар сабағын өткізуде негіз ретінде қолданылуы мүмкін. Нақты пән бойынша байланысты, тапсырманың күрделілігіне қарай жоспарына өзгерістер, сабақ өткізудің түрлі нысандарын таңдайды.
Білім беру барысында басты басымдық студенттердің жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту, оларды дара тұлға етіп әзірлеу. Оқу үрдісінде басымдылық рөл оқытушыға емес, студентке берілуі тиіс, студент белсенділік көрсетуі тиіс оны оқытпай, ол өздігінен оқуы керек.Оқытудың негзгі мақсаты өз бетінше дами алатын жеке адамды қалыптастыру болғандықтан, оқытудың негізгі формасы студенттермен жұмыс істеу. Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары алған білімді әр түрлі жағдайда қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық қабілеттерін арттыратындай болуы қажет. Жоғары білімді маман өзіндік жұмыс барысында қалыптасқан дағдаларды қызмет етуде жан-жақты қолдана алады.
Әдебиеттер:
Флиберг Б. О недоразумениях, связанных с кейс-стади//Социс,2005. – №4. – 115 с.
Гуревич А. М. Ролевые игры и кейсы в бизнес-тренингах. 2006.
Метод case-studyкак современная технология профессионально-ориентированного обучения (реферативный обзор). –М., 2005.
Достарыңызбен бөлісу: |