Жусандала – көне қамал орны. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданының орталығынан оңтүстік-батысқа қарай 12 км жерде орналасқан. 1946 жылы ғалым Н.И. Суворов қамал орнынан археология заттар жинады. Ошақ орындары мен көмбелерден алынған бұйымдардың ішінде арпа, тары секілді дәнді дақылдардың барлығы анықталды.[1]
Жусандала - Шу-Iле таулары мен Тауқұм алабы аралығындағы жазық. Балқаш ауданының және Жамбыл облысының Мойынқұм ауданыдары аумағында. Дала Шу-Iле тауларының солтүстікшығысын бойлай 130 км-ге созынған. Абсолют биіктігі 400-500 м. Жер бедеріне жазда кеуіп калатын арналар және сай-жыралармен тілімделген тауалдының делювийлі-пролювийлі жазығы төн. Ол антропоген кезеңінің малтатасты-қиыршықтасты және саз-құмдақ шөгінділерінен түзілген. Климаты континенте Қаңтардың орташа темпрасы -7°С, шілдеде 25°С. Жауын-шашынның жылдық орташа молш. 250 мм. Жусандаланы жазда кеуіп қалатын Ақсүйек, Күйеліқара, Ботабұрым, Жалпақши, Тесік, Жыңғылды және Қопалы егістік кесіп өтіп, Тауқұмға сіңіп кетеді. Сай-жыраларда бұлақтар кездеседі. Топырағы сұр, сұр қоңыр, сортаң және шалғындықұмдақ. Онда сұр жусан басым қылқан боз, күйреуік, баялыш, коңырбас, өлеңшөп, арпабас өседі. Аракідік сексеуіл шоғырлары кездеседі. Жусандалада бірнеше елді мекендер (Айдарлы, Көлшеңтел, Тоғыз, Ақсүйек) орналасқан. Жусандала арқылы Алматы-Астана автомобиль магистралі өтеді.[2]