Қыналар төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты организмдер тобы. Олардың 20000-нан астам түрлері белгілі



бет1/4
Дата11.01.2022
өлшемі65,46 Kb.
#110939
  1   2   3   4
Байланысты:
stud.kz-21414


Қыналар – төменгі сатыдағы өсімдіктердің ішіндегі ең көп тараған, күй талғамайтын, ерекше құрылысты  организмдер тобы. Олардың 20000-нан  астам түрлері белгілі. Бұлар  – автотрофты фикобионттар мен гетеротрофты микобионттардың селбесіп тіршілік етуінің нәтижесінде құралған морфологиялық, физиологиялық және экологиялық өз алдына жеке қасиеттері бар өсімдік. Кейде бұлардың кейбір сыртқы құрылысына қарай мүктермен шатастырып, оларды «бұғы мүгі» және «исландия мүктері» деп атайды. Қыналардың түсі сұр, сұр жасылдау, қоңыр, сары, сарғыш, кейде қара болып келеді.       Қыналардың морфологиялық құрылысы. Қыналардың сыртқы пішіні мен көлемі – алуан түрлі. Оларды сыртқы пішініне қарай 3 топқа бөледі.

  1. Қабықты (қаспақты) қынаның құрылысы басқаларына қарағанда қарапайым. Бұлардың талломы төсемікке тығыз жабысып өседі де, оны алғанда бұзылады және көпшілік уақытта ұнтақ, дән, кедір-бұдырлы немесе тегіс қаспақ сияқтанып келеді. Барлық қыналардың 80% - тейі қаспақты қынаға жатады.

  2. Жапырақты қыналардың құрылысы күрделірек. Төсемікке жайылып жататын пластинка пішінді, төменгі жағында резина деп аталатын гифалардың ұштары арқылы бекінеді. Төсеміктен оңай алынады және дорзовентральды құрылысты келеді.

  3. Бұталы қына күрделі құрылысты төсеміктен сабақ тәрізді көтеріліп тұрады да, одан жан-жаққа тармақталған бұтақшалар кетеді. Бұлар тік өседі немесе орманды жерлерде ағаштың қабығында төмен қарап салбырап тұрады. Жапырақты қыналармен салыстырғанда, бұл керісінше, радиальды құрылысты келеді.    

Жапырақты және нағыз бұталы қыналардың арасын бір-бірімен байланыстырушы буын – талломы лента тәрізді, дорзовентральды құрылысы бар Evernia prunastri не Anaptychia ciliaris сияқты төменгі жағымен бекінетін қына. Бұл үш морфологиялық типтердің систематикалық жағынан алғанда аса күрделі маңызы болмайды. Кейде бір туысқа жататын түрлердің ішінде жапырақты және бұталы қыналар да кездеседі.                             Қыналардың құрамына кіретін фикобионттардың көпшілігі жасыл, көк-жасыл, сирек әр түрлі талшықты және қоңыр балдырлар. Табиғатта бос тіршілік ететін балдырларға қарағанда олар аз өзгерген. Жасыл балдырлардың ішінде көпшілігі хлорококтар қатарына жататын – цистококк - Cystococcus не Trebouxia туыстары. Цистококк өзіне жақын хлорококк туысынан хлоропластасының дененің орталық бөлімінде орналасу арқылы айырылады. Басқа бір клеткалы жасыл балдырлардың ішінен хлорелла – Chlorella т.б. кездеседі. Жіп тәрізді жасыл балдырлардың ішінде трентополия – Trentepholia және кладофора - Cladophora туыстары қыналардың құрамында жиі кездесіп, олардың талломына жасыл түс беріп тұрады. Көк-жасыл балдырлардың ішінде қыналардың құрамында Nostoc, Gloeococapsa, Chroococcus, Hyella, Anabaena, Calothrix, Dichothrix, Stigonema, Rivularia, Scytonema т.б., ал басқа түрлер аз кездеседі. Жасыл-сары балдырлардың фикобионт есебінде қына құрамына Heterococcus енеді.

 Қыналардың әрбір түріне балдырлардың белгілі бір туыстарының қатысуы, олардың негізгі айырмашылық қасиеті. Мұның әрбір түрінің құрамында кездесетін фикобионт түрлерін бір-бірінен айыру өте қиын, себебі, олар өте ұсақ, сондықтан олардың айырмашылықтарын көрсету әзірше мүмкін емес. Қыналардың құрамына кіретін микобионттардың басым көпшілігі аскомицеттердің ішіндегі пиреномицеттер мен дискомицеттер. Тек тропикте өсетін он шақты қына түрлерінде ғана бизидиомицеттердің ішіндегі телефора – Telephora  туысы қатысады. Саңырауқұлақ гифалары көлденең перделерге бөлінген. Гифа клеткасының протоплазмасы клетка қабықшасындағы тесіктерінен шығып жататын жіңішке цитоплазматикалық жіпшелер арқылы байланысып жатады. Кейбір гифалардың суды сіңіріп ісінетін қасиеті бар қалың қабығы болады. Гифа қабықтарына қыналарға әр түрлі түс беретін бояулар жиналады. Қыналардың құрамына кіретін микробионттарды табиғатта бос күйінде кездесетін саңырауқұлақтардың белгілі бір түрлеріне ұқсату мүмкін емес. Оның басты себебі микобионттар фикобионттармен бірігіп тіршілік етуі нәтижесінде балдырға қарағанда тек физиологиялық жағынан ғана өзгеріске ұшырап қоймай морфологиялық және анатомиялық жағынан өзгеріске ұшырауында.   Қыналардың анатомиялық құрылысы. Бұларды қабаттарының анатомиясына қарай гомеомерлі және гетеромерлі болып бөледі. Гомеомерлі құрылысты қабаты бар қыналар қарапайым, оларда саңырауқұлақ жіпшелері мен балдыр клеткалары біркелкі таралған. Бұлар көбінесе балдырлар бөліп шығаратын кілегейге байланысты,  кілегейленіп жатады. Кепкен уақытта тез сынғыш, қабыршақ,  жапырақ немесе белгілі бір пішіні жоқ жастықша тәрізді келеді. Егер суға салса, тез ісініп кілегейленудің нәтижесінде көлемі ұлғаяды. Мысалы, түсі қара, жастық пішінді, оңтүстікте жартастарда өсетін коллеманы – Collema алуға болады.   Оны көлденең кесіп қарағанда кілегейдің өн бойына тарап жатқан ностоктың колониясын, ондағы гетероцист клеткасын және саңырауқұлақ жіпшелерін көреміз. Лептогиум қынасында анатомиялық құрылысының біртіндеп күрделене бастағандығы байқалады. Мұнда қабықтың жоғары және төменгі қабаты болады, олар саңырауқұлақ гифаларының тығыз өрімденуінен құралады және төменгі жағынан субстартқа бекіну қызметін атқаратын резиналар кетеді. Ортаңғы бөлімі коллемаға ұқсас, онда саңырауқұлақ гифалары мен балдыр клеткалары ретсіз орналасады.                                         



Гетеромерлі қабаты бар қыналардың құрылысы күрделі келеді. Оның көлденең кесіндісін микроскоппен қарағанда үстіңгі бетінде саңырауқұлақ гифаларының өзара тығыз өрімделуінен құралған плектенхима деп аталатын қабығы байқалады. Плектенхиманың (жалған паренхима) астында гифалардың бос матасуынан құралған гонидиальды қабаты жатады, олардың арасында балдыр клеткалары орналасады. Гонидиальды қабаттан кейін ауаға толы кеңістіктері бар саңырауқұлақ жіпшелерінің бос оралуынан құралған «өзектік» қабат орналасады. Оның астыңғы жағындағы қабықты қабат құрылысы жағынан үстіңгі қабатқа ұқсас  келеді. Қабықты қабаттан субстартқа бекініп тұрады.   Қаспақты қыналардың астыңғы қабығы болмайды, сондықтан олар субстартқа гифаларының төменгі жағы арқылы тығыз орналасады. Радиальды (сәулесі) құрылысты бұталы қыналардың шеттерінде қабығы, оның астыңғы жағында гонидиальды қабат, ал ортаңғы бөлімінде «өзегі» болады.      



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет