Иванов адвокат



Дата05.11.2022
өлшемі19,81 Kb.
#156663
Байланысты:
Силлогизм
Логикалық амалдар, СӨЖ 6

Силлогизм.
Дедукциялық ойқорытындының көп тараған тараған айрықша формасын логиканың атасы Аристотель силлогизм (гректің syllogismos (силлогизмос) деген сөзінен шыққан термин, «жинақтау», «қорыту» дегенді білдіреді) деп атаған болатын. Бұл атау осы күнге дейін сақталып келеді. 
Силлогизм дегеніміз – екі немесе оданда көп алғышарттардан қорытынды шығаратын дедукциялық ойқорытынды. Мұнда алғышарттардан ең болмағанда біреуі қажетті түрде жалпы пікір болуы міндетті. Мысалы: 
Адвокаттардың бәрі – заңгерлер.
Иванов – адвокат.
Демек, Иванов – заңгер. 
Силлогизмді, көбінесе, назарымызды аударған нәрсе туралы қажетті қорытынды шығару үшін, сол жеке нәрсені жалпы ережеге, заңға тура келтіру керек болатын реттерде пайдаланамыз. 
Мысалы, күн бұлт астына батса, ертеңіне жаңбыр жаууы мүмкін екендігі көптен бері мәлім. Ертең ауа райы қандай болатынын білу үшін, көкжиекке қараймыз да, мынадай пікір айтамыз: «Бүгін күн бұлт астына батты. Демек, ертең жаңбыр жаууы мүмкін» дейміз. Біздің ойқорытындымызды төмендегі түрде жазуға болады: 
Күн бұллтың астына бататын жағдайлардың бәрінде ертеңіне жаңбырдың жаууын күтуге болады.
Бүгін күн бұлт астына батты.
Олай болса, ертең жаңбырдың жаууын күтуге болады.

Силлогизмнің толып жатқан түрлері бар. Олар алғышарттарды құратын пікірлердің саны мен түріне қарай ажыратылады.


Егер қорытынды екі ғана алғышарттардан шығатын болса, ол силлогизм қарапайым (немесе жай) силлогизм деп аталады. Ал егер бірнеше жай силлогизм бір ойқорытынды түрінде біріксе, онда ол күрделі силлогизм деп аталады. Жай силлогизмнің қысқарған түрі де болады. Бұл жағдайда алғышарттардың бірі немесе қорытынды айтылмайды, ойда тұрады. Мұндай ой қорытынды қысқартылған силлогизм немесе энтимема деп аталады. 
Силлогизмнің алғышарттары кесімді пікір, шартты пікір немесе ажыратушы пікір болып келуі мүмкін. Осыған орай ол кесімді силлогизм, шартты силлогизм және ажыратушы силлогизм болып бөлінеді.
Жай кесімді силлогизм.
Жай кесімді силлогизм үш кесімді пікірден: екі алғышарттан және қорытындыдан тұрады. Әр пікір екі терминнен (ұғымнан) тұрады. Сонда жай кесімді силлогизмнің құрамында алты термин болады, бірақ екі алғышартта және қорытындыда екі реттен қайталанып келетіндіктен, екі алғышартта небары үш термин болады. Олар үлкен термин, кіші термин және орта термин болып бөлінеді. Бұларды былай айыруға болады: қорытындының бастауышы кіші термин деп есептеледі де S әрпімен белгіленеді; қорытындының баяндауышы үлкен термин деп саналады да Р әрпімен белгіленеді. Орта термин екі алғышартта болады., ол қорытындының құрамына кірмейді, өйткені оның атқаратын логикалық міндеті – екі алғышартты байланыстыру арқылы үлкен термин мен кіші терминді бір-бірімен байланыстыру. Орта термин М әрпімен (латын тіліндегі medius – орта деген сөздің бірінші әрпімен) белгіленеді. Кіші (S) термин мен үлкен (Р) термин шеткі терминдер деп аталады. Шеткі терминдер жаңа пікір – қорытындының мазмұнын құрады. Бұл айтылғандарды жоғарыда келтірілген мысал арқылы түсіндірейік: Адвокат (М) – орта термин, Иванов (S) - кіші термин, заңгер (Р) – үлкен термин. 
Екі алғышарт үлкен алғышарт және кіші алғышарт болып бөлінеді. Құрамында үлкен термин (Р) бар алғышарт үлкен алғышарт деп, ал құрамында кіші (S) бар алғышарт кіші алғышарт деп аталады. Силлогизмге алдау жасау оңай болу үшін, алғышарттарды белгілі бір тәртіппен орналастыру қабыл алынған: үлкен алғышарт бірінші қатарда, кіші алғышарт одан кейінгі екінші қатарда тұрады, бұлардың асты сызылып, үшінші қатарға қорытынды жазылады. Мысалы:
Әрбір ғылымның (М) өз зерттеу пәні бар (Р).
Логика (S) – ғылым (М). 
Логиканың (S) өз зерттеу пәні бар (Р).
Алайда, пікірлеу процесінде бұл тәртіп сақтала бермейді. Кейде бірінші орында кіші алғышарт, ал екінші қатарда үлкен алғышарт тұруы мүмкін. Мысалы: 
Логика – ғылым 
Әрбір ғылымның өз зерттеу пәні бар.
Демек, логиканың өз зерттеу пәні бар.
Ал кейде бірінші орында қорытынды тұрып, алғышарттар одан кейінгі қатарларда тұруы да мүмкін. Мысалы: 
Логиканың (S) өз зерттеу пәні бар (Р), өйткені әрбір ғылымның (М) өз зерттеу пәні бар (Р), ал логика (S) – ғылым (М). 
Демек, алғышарттар Силлогизмдегі орынына қарай емес олардағы терминдердің орынына қарай анықталады. Бұл үшін алдымен силлогизмнің қорытындысын тауып алу керек, содан қалған екеуі алғышарт болып шыға келеді. 
Орта термин силлогизмде үлкен рөл атқарады., өйткені орта терминсіз силлогизмде қорытынды шығару мүмкін емес. Қорытындыны құратын шеткі терминдердің өзара байланысы олардың орта терминге деген қатынасына қарай орнатылады: үлкен алғышарттаүлкен терминнің (Р) орта терминге (М) қатынасы, ал кіші алғышартта кіші терминнің (S) орта терминге (М) қатынасы бейнеленеді. Сөйтіп орта термин силлогизмнің екі шеткі терминдері үшін байланыстырушы болмаса, қорытынды шықпас еді. Осы жөнінен алғанда, жай кесімді силлогизм кейде орта термин арқылы жасалатын ойқорытынды деп те аталады.
Силлогизмнің аксиомасы. Силлогизмнің үш терминінің (Р-М- S) арасындағы қатынастар адамның ойлау практикасында сан мың рет қайталана келе аксиомалық сипатқа ие болады, ал аксиома дегеніміз ақиқаттығы өзінен өзі көрініп тұрған, арнайы дәлелдеуді қажет етпейтін қағида екенін математикадан білеміз. Сондықтан да силлогизм адамның ойқорытындысының табиғи формасы болып табылады.
Силлогизмнің аксиомасы терминдердің (ұғымдардың) көлемі және белгілері жағынан екі түрлі тұжырымдалады.
Алдымен, силлогизмнің аксиомасын көлемдік жағынан қарастырып корейік: егер бір нәрсе екінші нәрсенің ішінде болса, ал екінші нәрсе үшінші нәрсенің ішінде болса, онда бірінші нәрсе де үшінші нәрсенің ішінде болғаны. Мәселен, егер қарындаш пеналдың ішінде болса, ал пенал сөмкенің ішінде болса, онда қарындаш та сөмкенің ішінде болып шығады. Ал егер қарындаш пеналдың ішінде болып, пенал сөмкенін ішінде болмаса,онда қарындаштың да сөмкенің ішінде болмайтыны айқын. 
Бұл мысалды пенал қарындаш пен сөмкенің арасында байланыстырушы буынның рөлін атқарады: пенал қарындаш пен сөмкені не қосады, не ажыратады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет