№
|
Сұрақтар
|
|
1
|
Тіршілік өлі денелерден өздігінен пайда болады деген пікірді қуалайтын теория?
1. Материалистік теория
2. Идеалистік теория
3. Тұрақты жағдай теориясы
4. Пансперия теориясы
5. Биохимиялық
|
1
|
2
|
1924 жылы орыс ғалымы А. И. Опарин жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жайлы өз пікірін жарыққа шығарған ғалым?
1. Ж.Б.Ламарк
2. Ч.Р.Дарвин
3. Ф.Велер
4. А.И.Опарин
5. К.М.Бер
|
4
|
3
|
Ішкі және аралық түрдің пайда болуы үшін жаратылыстық жинақтау бірінші шарт болып табылады деп атап өткен:
1. Ч. Дарвин
2. Мечников
3. М. Геккель
4. С. Сеченов
5. К. Линей
|
1
|
4
|
Ламарктың эволюциялық заңдылықтары.
«Зоология философиясы»
«Мүшелердің жаттығу және жаттықпау» заңы
«Тікелей бейімделу» заңы
Барлық жауап дұрыс
Жауап 2,3
|
5
|
5
|
«Медицина қағидалары»еңбегінің авторы?
Әбу Насыр әл-Фараби
Ахмед ибн Насыр Жайхони
Абу Али ибн Сина (Авиценна)
Абу Райхан Беруни
Захириддин Мухаммад Бабур
|
3
|
6
|
Линней жасаған жүйеде омыртқасыздар бар жоғы 2 класқа біріктірілсе, Ламарк оларды келесідей қанша класқа топтастырды
2
6
4
10
7
|
4
|
7
|
Дарвин эволюциялық идеяларды тұжырымдауда кімді өзінің ізбасары деп танып, оның еңбектерін өте жоғары бағалады?
Ч.Дарвин
К.Линней
Ж.Б.Ламарк
К.Ф.Рулье
М.В.Ломоносов
|
3
|
8
|
Ламарк тірітабиғатта түрлер жоқ деп санады. Ал, әр кластағы даралардың әртүрлілігін қандай себептермен байланыстырады:
Белгілі бір тәртіпті сақтау үшін әра ғзаның ішінде өзін күрделендіру үшін ұмтылыстары болады;
Тірі ағзаларға сыртқы ортаның әсеретуі;
Барлық жауап дұрыс
Барлық жауап қате
Жауап 1.2
|
5
|
9
|
Жануарлар мен өсімсімдіктер арасында өтпелі формалардың бар екені жайлы болжауды алғашқы ұсынушылардың бірі Ертедегі грецияның көрнекті ғалымы ?
Ч.Дарвин
К.Линней
Ж.Б.Ламарк
К.Ф.Рулье
Аристотель
|
5
|
10
|
Мутация ұғымын ғылымға кім енгізді?
1. Морган
2. Мендель
3. Г.Де –Фриз
4. С. Четвериков
5. Т. Я. Бей – Биенко
|
3
|
11
|
Зигота түзілу сәтінен оның өмірлік циклінің табиғи аяқталуына дейінгі даралардың дамуы қалай аталады ?
1. Макроэволюция
2. Онтогенез
3. Анаболия
4. Зигота
5. Даму
|
2
|
12
|
Анаболия бұл-
1. Өзара генетикалық байланыстағы онтогенездер ағынының тарихи дамуы
2. Онтогенез барысындағы эволюциялық өзгерістер
3. Дамудың кеш сатысындағы түртүзілудің эволюциялық өзгерісі.
4. Зигота түзілу сәтінен оның өмірлік циклінің табиғи аяқталуына дейінгі даралардың дамуы
5. Мүшелердің дамып, қалыптасуының орта сатысындағы эволюциялық ауытқу
|
3
|
13
|
Ұрықтың ұқсастық заңын ашқан кім?
1. Шванн, Шлейден
2. Карл Линней
3. В.И.Вернадский
4. К.М.Бэр
5. Карл Маркс
|
4
|
14
|
Мүшелердің дамып, қалыптасуының орта сатысындағы эволюциялық ауытқу..
1. Анаболия
2. Девиация
3. Архаллаксис
4. Онтогенез
5. Зигота
|
2
|
15
|
Жыландардағы омырқалар санының артуы, кейбір балық түрлеріндегі жүзбе сәулелері мен тісті киттердегі тістер санының ұлғаюы – дамудың бастапқы сатысындағы белгілер санының өзгерісінің нәтижесі.
1. Анаболия
2. Девиация
3. Архаллаксис
4. Онтогенез
5. Зигота
|
3
|
16
|
Биологиялық регресс нәтижесінде....байқалады.
1.Зигота түзілуі
2. Әр алуан тіршілік жағдайывда пайда болып, ағзаның құрылым деңгейінің күрделенуі
3. Ағзаның күрделенуі
4. Ағзаның бейімделуі
5. Даралар санының кемуі, ареалдың таралуы және түрдің жойылуы
|
5
|
17
|
Конвергенция деген не
1. Бұл екі немесе бірнеше топтар дараларының ұқсас фенотиптік келбеттерінің қалыптасу процесі.
2. Филетикалық түрдің барлық өзгерістерінің негізгі және табиғаттағы кез-келген көлемдегі әрекеттің жүруінің біріншілік формасы.
3. Таксондар эволюциясының басқа біріншілік формасы
4. Әр алуан тіршілік жағдайывда пайда болып, ағзаның құрылым деңгейінің күрделенуі
5. Бір филогенетикалық діңде жүзеге асатын өзгеріс.
|
1
|
18
|
Формалар дивергенциясына мысал келтір
1.Байкал жағалауындағы көптеген түрлермен Галапагосс аралдарындағы азғана тектік түрлердің морфофизиологиялық ерекшеліктері бойынша саналуандылықтың туындауы.
2. ХХ ғасыр ортасына дейін нағыз кеміргіштермен (Rodenia) қоянтәрізділердің (Lagomorha) туыстығы ортақ тектердің топтар дивергенциясына негізделген.
3.Әртүрлі жағдайдағы сұрыптау бағытының өзгерісі нәтижесінде ағаштың діңінен өмір бұтағы тәрізді, бірегей тектердің дивергенция әрекеті жүріп отырады.
4.Филетикалық түрдің барлық өзгерістерінің негізгі және табиғаттағы кез-келген көлемдегі әрекеттің жүруінің біріншілік формасы.
5. Жануарлардың топтасып өмір сүруі
|
1
|
19
|
Идиоадаптацияның ароморфоздан айырмашылығын көрсет
1. Прогреспен қатар табиғатта биологиялық регрес те жүруі
2. Ағзаның құрылысы қарапайымдануы
3. Ағзаларды құрылым деңгейінде күрделену, тіршілік әрекеттері қарқындылығының артуы байқалмайды
4. Бақалардың кейбіреулерінің таяз суқоймаларында тіршілік етуі,
5. Табиғатта әдетте түр, туыс, тұқымдас тәрізді ұсақ жіктеу топтары осы идиоадаптация жолымен пайда болуы
|
3
|
20
|
Биологиялық прогрессті тап
1. Қоршаған ортаға организмдердің бейімделушілігінің артуы
2. Қоршаған ортаға организмдердің бейімделушілігінің кемуі.
3. Түрлер санының азаюы. Ареалдың тарылуы
4. Түрлер санының азаюы. Ареалдың кеңейуі
5. Түрлер санының артуы. Ареалдың кеңейуі
|
5
|
21
|
Туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтердің түзілуімен аяқталатын эволюциялық әрекет
1. Микроэволюция
2. Макроэволюция
3. Дивергенция
4. Идиоадаптация
5. Дегенерация
|
2
|
22
|
Макроэволюция терминін тұңғыш рет ғылымға енгізген ғалым кім?
1. Ч.Дарвин
2. Ж.Б.Ламарк
3. Д.И.Менделеев
4. Ю.А. Филипченко
5. К.Линней
|
4
|
23
|
......ағзаның жалпы құрылым деңгейін күрделендіріп, жоғары сатыға көтеру.
1. Микроэволюция
2. Идиоадаптация
3. Ароморфоз
4. Дегенерация
5. Макроэволюция
|
3
|
24
|
Ретпен орналастыр
1.тип, 2.тұқымдас, 3.класс, 4.туыс, 5.отряд,
1. 1,2,3,4,5
2. 4,2,5,3,1
3. 2,3,5,1,4
4. 4,2,5,1,3
5. 3,5,2,1,4
|
2
|
25
|
Биологиялық алға басу жетістіктерінің негізгі жолдары туралы ілімді анықтап зерттеуде ........... үлкен үлес қосты.
1. А.Н. Северцев
2. Ж.Б.Ламарк
3. Д.И.Менделеев
4. Ю.А. Филипченко
5. К.Линней
|
1
|
26
|
Құстардың әр түрлі жеммен қоректенуіне н/е әр алуан жағдайларда мекендеуіне байланысты тұмсығы мен аяғының пішіндерінің өзгеруі мысал бола алады. Ортаға бейімделгіштік маңызды өзгерістерге жеткізбесе де, алға басу бағыттары да болып саналады.
1. Микроэволюция
2. Идиоадаптация
3. Ароморфоз
4. Дегенерация
5. Өзгергіштік
|
2
|
27
|
Биологиялық регрестің себебі
Басқа түрлердің ығыстыру себебінен өліп, жойылып бітуі
түр дараларының саны артады
Ароморфоз
Дегенерация
Сыртқы орта жағдайының өзгеруіне ағзалардың әсер ету қабілетінің жойылуы.
|
5
|
28
|
Гомологиялық мүшелер дегеніміз не
1. Ұқсас қызмет атқаратын, бірақ құрылысы мен шығу тегі басқа мүшелер
2. Құрылысы мен шығу тегі бір-біріне сәйкес келетін мүшелер
3. Құрылысы атқаратын қызметі ұқсас мүшелер
4. Қалдық мүшелер (Рудимент)
5. Дұрыс жауап жоқ
|
2
|
29
|
Атавизм белгілерін көрсетіңіз
1. Киттің артқы аяқтары мен жамбас сүйектері
2. Соқыр ішек,кейде адамда көп емшек,
3. Аяқсыз ұршықсаптың иық белдеуін, киттің артқы аяқтары мен жамбас сүйектері
4. Соқыр ішек, құлақ айналасындағы бұлшық ет
5. Кейде адамда көп емшектің, құйрықтың болуы
|
5
|
30
|
Ағзадағы ДНҚ-ның саны мен құрылымының өзгеруі не деп аталады?
1. Популяция
2. Мутация
3. Гендік
4. Цитоплазма
5. Хромосома
|
2
|
31
|
1900 ж Мендельдің заңдарын ашқан ғалымдардың бірі?
1. С.Четвериков
2. Н.И.Вавилов
3. Н.С.Бутарин
4. А.Е.Есенжолов
5. Г.Де-Фриз
|
5
|
32
|
Өсімдіктер мен жануарларды туыстас ағзалардың өзара будандасып көбеюін қандай әдіс деп атайды?
1. Полиплоидия әдісі
2. Аутбридинг әдісі
3. Инбридинг әдісі
4. Трансплонтация әдісі
5. Әріден будандастыру әдісі
|
3
|
33
|
И.В.Мичурин сұрыптау жұмысының неше әдісін қолданды?
1. 4
2. 8
3. 2
4. 5
5. 3
|
5
|
34
|
Мутация-эволюциялық әрекеттің бастамасы оның пайда болу жағдайына қарай бірнеше түрлері бар. Олар қалай аталады?
1. Геномды, хромосомалды, гендік, цитоплазмалы
2. Митоз, мейоз
3. Хромосома,
4. ядро
5. цитоплазма
|
1
|
35
|
Популяция терминін 1903ж дат ғалымы кім енгізді?
1. Н.С.Бутарин
2. Н.И.Вавилов
3. Г.Де-Фриз
4. С.Четвериков
5. В-Иогансен
|
5
|
36
|
.....дегеніміз белгілі бір ареалға мекендеген,оқшауланған генефондысы бар, бір-бірімен еркін шағылыса алатын,өсімтал ұрпақ бере алатын даралардың жиынтығы.
1. Мутация
2. Популяция
3. Түр
4. Цитоплазма
5. Ген
|
2
|
37
|
.....түрге жататын популяциялар арасынан өкілдер алмасып жаңа гендер құрылымының пайда болуы.
1. Гендер дрейфі
2. Генофонд
3. Гендер ағымы
4. Фенотип.
5. Ген
|
3
|
38
|
Тірі ағзалардың әртүрлі табиғи кедергілердің салдарынан еркін шағылыса алмай бөлініп қалуы не деп аталады?
1. Географиялық оқшаулану
2. Экологиялық оқшаулану
3. Физиологиялық себеп
4. Анатомиялык себеп
5. Оқшаулану
|
5
|
39
|
Жыныс мүшелер құрлысының үйлеспеу не деп аталады
1. Анатомиялық себеп
2. Оқшаулану
3. Физиологиялық себеп
4. Географиялық себеп
5. Экологиялық оқшаулану
|
1
|
40
|
Бейiмделушiлiк түрлерiн көрсетіңіз.
1. Қарапайым қорғаныштықнемесе күрделi бейiмделгiштiк белгiлер
2. Жасырушы немесе қорғаныштық бейімделушілік белгі
3. Бүркенiш немеске қарапайым қорғаныштық
4. Сақтандырушы немесе күрделі бейімдеушілік
5. Күрделі немесе бөлшектенуші бейімделушілік
|
1
|
41
|
Ашық жерлерде тіршілік ететін организмдердің жауынан қорғану белгісі бейімділіктің қай түрі
1. қорғаныш рең
2. жасырушы рең
3. бүркеніш реңі
4. сақтандырушы рең
5. еліктеуші рең
|
3
|
42
|
Қорғаныш рең (мимикрия) дегеніміз-
1. көбiне улы және шағатын жәндiктерге тән белгi
2. Бейiмделудiң бұл түрi ашық жерлерде тiршiлiк ететiн ағзалардың жауынан қорғану белгiсi
3. жануарлардың дене пiшiнi мен реңi тұрғысынан айналадағы заттарға сәйкес келуi.
4. қауiпсiз, жәндiктердiң пiшiнi, реңi, мiнез –қылығы тұрғысынан улы шағатын қауiптi жәндiктерге ұқсастығы
5. тұқым қуалаушылық белгiлерi тiршiлiк барысында бiртiндеп жинақтала отырып күрделi әрекеттi бейiмделу белгiлері
|
4
|
43
|
Физиологиялық бейiмделушiлiк – бұл
1. Бейiмдеушiлiк ағзалар мен сыртқы ортаның арасындағы үйлесiмдiлiк белгiсi.
2. Бейiмдiлiктiң салыстырмалы сипатта болуы
3. Бұл өсiмдiктердегі физиологиялық – биохимиялық мутацияның пайда болуы.
4. Түрлердiң (тiршiлiк белгiлерi) тұқым қуалаушылық белгiлерi тiршiлiк барысында бiртiндеп жинақтала отырып күрделi әрекетке бейiмделу белгiлерi
5. Табиғатта тiршiлiк жағдайларына абсолюттi бейiмделген формалар белгілері
|
3
|
44
|
Қарапайым қорғаныштық белгiлерi
1. түрлердiң тiршiлiк үшiн күресте өз тiршiлiгiн сақтап қалу барысында (құрылысы) сыртқы дене құрылысындағы белгiлердiң көзге көрiнетiндей өзгеру белгiлерiн қамтиды.
2. жануарлардың дене пiшiнi мен реңi тұрғысынан айналадағы заттарға сәйкес келуi.
3. қауiпсiз, жәндiктердiң пiшiнi, реңi, мiнез –қылығы тұрғысынан улы шағатын қауiптi жәндiктерге ұқсастығы
4. Табиғатта тiршiлiк жағдайларына абсолюттi бейiмделген формалар белгілері
5. Беймделушiлiктiң қалыптасуы тұқым қуалайтын өзгергiштiк пен сұрыптауға байланысты
|
1
|
45
|
Жануарлардың дене пішіні мен түсі қоршаған ортаның заттарымен сәйкес келетін бейімделушілік:
1. Бүркеніш.
2. Еліктеуші.
3. Сақтандырғыш.
4. Жасырынғыш.
5.Құтқарушы
|
4
|
46
|
Түрлер арасында қоректері біркелкі болған жағдайда туындайтын:
1. Жыртқыштық.
2. Тіршілік үшін күрес.
3. Арамтамақтық.
4. Паразиттік.
5. Селбесу.
|
1
|
47
|
Физиологиялық критерийдің негізгі ерекшелігі:
1. Ағзаның сыртқы белгілерінің жиынтығы.
2. Ағзалардың тіршілік әрекеттері мен қасиеттері.
3. Нақты түрге тән хромосомалар жиынтығы.
4. Түрдің таралған белгілі бір аймағы.
5. Сыртқы орта факторларының жиынтығы
|
2
|
48
|
Тірі табиғат өлшемі «түр» — деген ағылшын ботанигі
1. Плотон
2. Э.Дарвин
3. Ф.Энгельс
4. Джон Рей
5. Ч.Дарвин
|
5
|
49
|
Даралар арасында бір - бірімен тығыз байланыста болатын түрлер тізбегі:
1. Биоценоз.
2. Заттардың айналымы.
3. Экологиялық пирамида.
4. Қоректік.
5. Қоректену торы
|
4
|
50
|
Биогеоценоз:
1. топырақ
2. тірі ағза
3. тіршілік сатысы
4. тірі ағза мен орта бірлестігі
5. түр жиынтығы
|
4
|
51
|
Тірі ағзада жүретін химиялық процесс... байланысты.
1. ішкі температура мен ылғалдылыққа
2. сыртқы температураға, ылғалдыққа
3. ауа райының барлық жиынтығына
4. сыртқы және ішкі температураға
5. айналадағы орта жиынтығына
|
5
|
52
|
Жас ғалым А. Уоллес пен Ч. Дарвиннің тұжырымы
1. түр өзгеруге бейім
2. түрлер үнемі жаңарып отырады
3. табиғи сұрыпталу жүреді
4. ағзалар күрделеніп дамуы болмайды
5. түр өзгермейді
|
3
|
53
|
Мекендейтін иесінің қоректік заттарын пайдаланып, тіршілік ету:
1. Арамтамақтық.
2. Бәсекелестік.
3. Селбесу.
4. Паразиттік.
5. Жыртқыштық.
|
4
|
54
|
Әр түрге жататын ағзалардың өзара жағдай туғыза отырып тіршілік етуі:
1. Селбесу.
2. Паразиттік.
3. Арамтамақтық.
4. Бәсекелестік.
5. Жыртқыштық
|
1
|
55
|
Ағзалардың белгілі бір ортаға өзінің тіршілігін сақтап бейімделуі ол...
1. микроэволюция.
2. макроэволюция.
3. табиғи сұрыпталу.
4. қолдан сұрыптау.
5. тіршілік үшін күрес.
|
3
|
56
|
Осыдан 300 жыл бұрын табиғат жайындағы жаратылыстану ілімі діни көзқарастардың тұтқынында болды. Ол дәуір қалай аталды?
Эволюциялық дәуір
Биологиялық дәуір
Метафизикалық дәуір
Индукциялық дәуір
Физикалық дәуір
|
3
|
57
|
Метафизикалық дәуірдегі көзқарасты белгілеңіз.
«Жер және онда тіршілік еткен тірі табиғат құдайдың құдыретімен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді»
«Жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды»
«Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы жүзеге асырылады»
«От, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын, оның аяғы жоқ шексіз әрекет етеді»
«Олардың өзіндік құрылымдары бар. Тірі ағзалар молекулалардан, жасушалардан, ұлпалардан, жекеленген мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұрады»
|
1
|
58
|
XVII ғасырдың ортасында кейбір озат ғалымдардың пікірі қандай болды?
«Жер және онда тіршілік еткен тірі табиғат құдайдың құдыретімен жаралған, содан бері олар өзгермей келеді»
«Жануарлар мен өсімдіктер сыртқы ортаның жаңа жағдайларына келгенде өзгеріске ұшырайды»
«Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы жүзеге асырылады»
«От, су, ауа, топырақ үздіксіз қозғалыста болады және олар өзара әрекеттесіп, материя дамуының бастамасы болғанын, оның аяғы жоқ шексіз әрекет етеді»
«Олардың өзіндік құрылымдары бар. Тірі ағзалар молекулалардан, жасушалардан, ұлпалардан, жекеленген мүшелерден, мүшелер жүйесінен тұрады»
|
2
|
59
|
«Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығу тегі немесе тіршілік үшін күресте қолайлы тұқымдардың сақталуы» деген негізгі кітабы жарыққа шығуымен ең алғаш эволюциялық идеяны тиянақты ғылыми негізге ие болдырған ғалым?
1859 ж. Ч.Дарвин
1661 ж. М.Мальпиги
1543 ж. А.Везалий
1683 ж. А.Левенгук
1665 ж. Р.Гук
|
1
|
60
|
Қазіргі уақытта «дарвинизм» деген сөз қандай атаумен ауыстырылды?
«Эволюция»
«Табиғи сұрыпталу»
«Эволюциялық теория», «ілім»
«Преформизм»
«Эпигенез»
|
3
|
61
|
«Эволюция» терминін биология ғылымына енгізді?
XVIII ғ. Шарль Боннэ
ХІ – ХІІ ғ. Ф.Бэкон
ХІІ ғ. Аристотель
XVIII ғ. Дж. Рей
XVIII ғ. Эмпедокл
|
1
|
62
|
Эволюцияның жеке дамудан (онтогенезден) айырмашылығы
ол алдын ала жоспарланып қойылмаған
бір жағдайдан екінші жағдайға өтуі
тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты
ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуымен сипатталады
ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүреді
|
1
|
63
|
Органикалық эволюция дегеніміз не?
үздіксіз және қайтымсыз ұзақ уақыт дамитын тарихи әрекет, яғни тірі ағзалардың сыртқы орта жағдайларына бейімделу жолымен біртіндеп макромолекулалықтан жоғарғы сатыға көтерілуі мен биосфераға дейінгі күрделенуі
тірі материяның тарихи даму теориясын оқытатын пән
бір жағдайдан екінші жағдайға өту, тек қана жаңа қасиеттеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар ежелгі тірі ағзаларды ерекшеліктерінің сақталуы
Эволюция ұрпақтар жалғастығына негізделген, яғни жаңа пайдалы белгілердің бұрынғы ағзаға үйлесімді енуі.
Тірі ағзалардың және түрлердің эволюциялық қайта құрылымдары күрделенуге бағытталған, бұл әрекет ата - тектен жаңа ағзаға тұқым қуалауға негізделе отырып жүруі
|
1
|
64
|
1707-1778 ж.ж өсiмдiктер систематикасында көптеген жаналықтар енгiзген көрнектi ғалым К. Линней болды. Ол қандай жаңалықтар?
барлық өсімдіктерді гүліндегі аталықтары мен аналығының саны, пішіні, көлемі және құрылысына қарай 24 класқа бөлді
индукция әдісін ойлап шығарып, ғылыми зерттеулер тек тәжірибе жүзінде жүргізілуі тиіс деген ұсыныс жасады
қылтамырлардағы қанның қозғалысын анықтады
ұсақ ағзалар дүниесін, эритроциттер мен сперматозоидтың құрылысын жан – жақты зерттеді
өсiмдiк бетiнiң көбеюiн зерттеп, партеногенез құбылысын ашты
|
1
|
65
|
Преформизм концепциясына қарама-қарсы жаңа көзқарасты атаңыз
креацинизм
метафизикалық көзқарас
эпигенез
эмбриональды даму
даму процесi
|
3
|
66
|
Популяциялық толық ұғымын енгізген ғалым:
Г.Де-Фриз
Т.Я.Бей-Биенко
С.Четвериков
Н.И.Вавилов
М.П.Жуковский
|
3
|
67
|
Оқшаулану дегеніміз не?
Саны аз оқшауланған популяциялардағы аллельдер жиілігінің кездейсоқ, бағытсыз өзгеруі.
Бір аймақта тіршілік ететін бір түрдің популяциясын бөліп тастайтын мекен ету жағдайларының жиынтығы.
Бір түр популяцияларының бір-бірінен өте алшақ територияларда орналасуларысебептіолардыңеркінараласуына географиялықкедергілермүмкіндікбермейді.
Бұл жеке түрлердің шағылысуына кедергі жасайтын анатомиялық, физиологиялық, этологиялық себептердің пайда болуы.
Тірі ағзалардың әр түрлі табиғи кедергілердің салдарынан еркін шағылыса алмай бөлініп қалуы.
|
5
|
68
|
Ч.Дарвин еңбектерінде сұрыптаудың қай түріне көп көңіл бөлген:
Инбридинг
Мақсаты және мақсатсыз
Аутбридинг
Полиплодия
Аллополиплоидия
|
2
|
69
|
Инбридинг әдісі дегеніміз не?
Өсімдіктер мен жануарларды туыстас ағзалардың өзара будандасып көбеюін айтамыз.
Бір-біріне туыс емес ағзалардың будандасып көбеюін айтамыз.
Өсімдіктердегі тұқым қуалайтын өзгергіштіктің бір түрі.
Қолдан ұрықтандыру әрекеті негізінде түр санын арттыру үрдісін айтамыз.
Барлық жауаптар дұрыс
|
1
|
70
|
Сұрыптау жұмысының үш әдісін қолданған ғалым:
Ч.Дарвин
С.Четвериков
И.В.Мичурин
Н.И.Вавилов
М.П.Жуковский
|
3
|
71
|
Тіршілік үшін күрестің 3 формасын атап көрсеткен ғалым:
Ч.Дарвин
С.Четвериков
И.В.Мичурин
Н.И.Вавилов
М.П.Жуковский
|
1
|
72
|
Ч.Дарфиннің көрсетуі бойынша сұрыпталудың алғышаттары:
Түр ішілік күрес бір популяциядағы даралар арасында жүреді.
Абиотикалық факторлар, мысалы, әр түрлі жастағы қарағайлар арасындағы жарық үшін күрес, бір түрге жататын құстар арасындағы ұя салатын жер үшін бәсеке т.б.
Биотикалық факторлар, популяциядағы даралар санының шамадан тыс артып кетуі қорек үшін күресті одан әрі шиеленістіре түседі.
Біріншіден, барлық тірі ағзаларға тән қасиет – даралардың тұқым қуалайтын гетерогендігі,Екіншіден, көбею қарқындылығының жоғары болуы.
Популяциядағы даралар алып жатқан территориясында тіршілік ете алатын мөлшерден әлдеқайда көп пайда болады.
|
4
|
73
|
Элиминация дегеніміз не?
Сыртқы орта факторларының ағзаға тигізетін жағымды әсері
Қоршаған ортамен ағзаның қарым-қатынасы
Ағзаның белгілі бір іс әрекетке жауабы
Адам мен популяция арасындағы байланыс
Сыртқы орта факторларының ағзаға тигізетін зиянды өзгерісі
|
5
|
74
|
Түр ішілік күрес дегеніміз не?
Бір популяциядағы даралар арасында жүреді
Мүлдем басқа түрлердің популяциялары арасынан байқалады
Әсіресе ылғалы мол немесе ауа райы құрғақ аудандарда, сол сияқты жазы ыстық немесе қысы аса суық жерлерде айқын көрінеді
Популяциядан тыс жүретін құбылыс
Адам мен популяция арасындағы құбылыс
|
1
|
75
|
Түр аралық күрес дегеніміз не?
Бір популяциядағы даралар арасында жүреді
Мүлдем басқа түрлердің популяциялары арасынан байқалады
Әсіресе ылғалы мол немесе ауа райы құрғақ аудандарда, сол сияқты жазы ыстық немесе қысы аса суық жерлерде айқын көрінеді
Популяциядан тыс жүретін құбылыс
Адам мен популяция арасындағы құбылыс
|
2
|
76
|
Салыстырмалы морфология және анатомиядагы зерттеулер негізін салушының бірі
1. М.В.Ломоносов
2. В.Гете
3. Ж.Б.Ламаркк
4. Т.Шванн
5. И.Менделеев
|
1
|
77
|
Т. Шван мен М. Шлейденнің жасушалық теориясы қай жылы ашылды
1.1883
2.1845
3.1838
4.1950
5.1856
|
3
|
78
|
1828 ж. Кім ең алғаш ағзалық зат — мочевинаны қолдан синтездеді.
1. М.В.Ломоносов
2. В.Гете
3. Ф. Велер
4. Т.Шванн
5. И.Менделеев
|
3
|
79
|
Жер бетіндегі тіршілікті аса құдіретті ерекше күш жаратты деп түсіндіретін креационизм теориясы.
Идеалистік теория
Материалистік теория
тұрақты жағдай теориясы
панспермия теориясы
Тұрақсыз жағдай теориясы
|
1
|
80
|
Материалистік теория дегеніміз не?
Тіршілік жер бетінде химиялық және физикалық заңдылықтарға сай жүретін әрекеттер нәтижесінде қалыптасты
Жер бетіндегі тіршілікті аса құдіретті ерекше күш жаратты деп түсіндіретін креационизм теориясы.
Тіршілік жер бетіне басқа жақтан (ғарыштан) келіп түсті деген болжау
Тіршілік мәңгі бар деп есептейді
Тіршілік өлі денелерден өздігінен пайда болады деген пікірді қуалайтын теория.
|
5
|
81
|
Тіршіліктің өздігінен пайда болуы жайлы пікірге қарсы шыққан ғалым?
Л. Спалланцани (1765)
Л. Пастер (1860)
Ф. Реди (1688)
Дж. Холдейн (1840)
А. И. Опарин (1835)
|
3
|
82
|
Орыс ғалымы А. И. Опарин жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жайлы өз пікірін қай жылы жарыққа шығарды?
1765
1924
1688
1840
1929
|
2
|
83
|
Жер қойнауының температурасы ....кезде ондағы қатты жыныстар балқып, бір-бірімен реакцияға түсе бастады.
1000°С-дан кеміген
100°С-артқан
100°С-дан кеміген
1000°С-дан артқан
500°С-дан артқан
|
4
|
84
|
Атмосфера құрамындағы заттарды атаңыз?
Н2О, СО2, СО, Н2S, МН3, СН4
К2О, СО2, Н2
МН3, СН4, К2О, СО2,
СО, Н2S, О2
СО2, СО, Н2S, МН3, Н2СО3
|
1
|
85
|
Алғашқы мұхиттар қалай түзілді?
Температура 100°С-дан төмеңдеген кезде су буы қоюлана келіп, ыстық нөсер жаңбыр болып, күні-түні, айлар, жылдар бойы жауды.
Жер қойнауының температурасы 1000°С-дан артқанкезде ондағы қатты жыныстар балқып, бір-бірімен реакцияға түсе бастады.
Температура 500°С-дан төмеңдеген кезде су буы қоюлана келіп, ыстық нөсер жаңбыр болып, күні-түні, айлар, жылдар бойы жауды.
Жер қойнауының температурасы 100°С-дан артқан кезде ондағы қатты жыныстар балқып, бір-бірімен реакцияға түсе бастады.
Температура 100°С-дан жоғарылаған кезде су буы қоюлана келіп, ыстық нөсер жаңбыр болып, күні-түні, айлар, жылдар бойы жауды.
|
1
|
86
|
Популяциялардың iшiнде жүретiн, түрдiң әртүрлi дәрежеде түр iшiндегi топтарға бөлiнуiне себеп болатын, нәтижесінде түр түзілу жүретін эволюциялық қайтымсыз әрекет?
Эволюция
Макроэволюция
Микроэволюция
Өзгергіштік
Тұқым қуалаушылық
|
3
|
87
|
Жасуша ядросының пайда болуы - прокариоттан эукариотты организмдерге көшуі макроэволюцияның қай бағытына жатады?
Идиоадаптация
Дегенерация
Атавизм
Ароморфоз
Дивергенция
|
4
|
88
|
Паразиттік өсімдіктердің тамырлары мен жапырақтарының жойылуы:
Идиоадаптация
Дегенерация
Атавизм
Ароморфоз
Дивергенция
|
2
|
89
|
Биологиялық регресске ұшырағандaр:
Таспа құрттарда сезім және ас қорыту мүшелерінің жойылуы;
Биттер мен бүргелердің қанаттарының редукцияға ұшырауы;
Асцидия хордасының редукциясы
Паразитті тіршілік етуге көшкендер.
Паразитті тіршілік ететін жануарларда сезім, ас қорыту мүшелері жойылуы
|
4
|
90
|
«Саяхаттар зоологиясы» аталған бес томдық монографияның авторы
1. Ф.Велер
2. Ч.Лайель
3. Р.Майер
4. Ч.Дарвин
5. М.Ломоносов
|
4
|
91
|
Биосфера эволюциясы
тірі организмдердің тіршілік әрекетінің нәтижесі.
жаһандық, климаттық өзгерістер проблемасын шешу;
адам санының өсу проблемасын шешу;
ғылымға кездейсоқ берілген.
5.Экономикаға негізделген
|
1
|
92
|
Биосфераның ерекшелігі
1. Биосфера сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну беттерінің болуы тән.
2.Биосфера тіршілік пайда болған күннен бастап пайда болды
3. Биосферадағы заттардың айналымы.
4. өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының калдықсыз өндірісін жасау; оған қоса электрэнергияның экологиялық таза болуы;
5.Жер бетін түгел алып жатыр
|
1
|
93
|
Гидросфера
1. жер шарын түгелден орап тұрады.
2. жердің қатты қабаты.
3. табиғи су қоймаларынан (мұхиттардан, теңіздерден, көлдерден, өзендерден) құралады.
4. биосфера дамуының жоғары кезеңі
5. Жердің ауа қабаты
|
3
|
94
|
Биосфераның негізгі қасиеті
1. тіршіліктің пайда болуы;
2. фотосинтез есебінен автотрофты қоректенудің пайда болуы;
3. екінші реттік (оттекті) атмосфераның пайда болуы;
4. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі.
5. Атмосфералық қысымды реттеу
|
4
|
95
|
Литосферадағы биосфераның төменгі шегі.
1. 3,5 млн
2. 2000 – 3000 м
3. 1500 – 2000м
4.10000 – 5000м
5. 1000- 1200
|
2
|
96
|
Ноосфера
1. Бұл — «саналылар сферасы»
2. адам санының есу проблемасын шешу;
3. орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады
4. орталықтанған жүйе.
5. Жердің беткі қабаты
|
1
|
97
|
Биосферада тұрақтылығына себепші болған :
1. барлық биохимиялық реакциялар тепе – тендігі .
2. түзушілер , тұтынушылар және бүлдірушілер іс - әрекетінің өзара тепе – тендігі
3. адам іс –әрекеті арқасында .
4. дұрыс жауабы жоқ
5. Адамдар
|
2
|
98
|
Атмосферадағы тірі заттың ең көп мөлшері :
1. тропосфера және литосфера шекарасында .
2. тропосфера және озон қабаты шекарасында
3. озон қабаты және стратосфера шекарасы
4. жәндіктер мен құрттар
5. дұрыс жауабы жоқ
|
1
|
99
|
Биосфера термин 1875 жылы қосты :
1. Э. Зюсс
2. Э. Геккель
3. К. Мебус
4. В. Н. Сукачев
5. М.В.Ломоносов
|
1
|
100
|
Органикалық қосылыстардың бәрі тек тірі организмнен ғана пайда болады, соған байланысты тірі организмдердің өлі материядан пайда болғанын теріс деп санайтын теория.
1. Биогенез теориясы
2. Абиогенез теориясы
3. Дарвин теориясы
4. Тіршіліктің мәңгілік теориясы
5. Өздігінен пайда болу теориясы
|
1
|
101
|
Адам ағзасының ауру себептерін дұрыс тамақтанбаудан деп қай ғалым көрсетті
1. Ахмед ибн Насыр Жайхони
2. Насыр әл-Фараби
3. Абу Али ибн Сина
4. Абу Райхан Беруни
5. Захириддин Мухаммад Бабур
|
2
|
102
|
Эволюциялық сәтсісздік дегеніміз не?
1. Алға басу
2. Кері кету
3. Коэвалюция
4. Түр
5. Тұқым қуалау
|
2
|
103
|
Эволюцияның қозғаушы күштерінің тұрақты әрекетінің нәтижесінде
1. Жаңа түрлер түзіледі
2. Тіршілік үшін күрес жүреді
3. Бәсекелестік пайда болады
4. Өзгергіштік пайда болады
5. Органикалық дүниенің біртұтастылығы
|
1
|
104
|
Көртышқанның топырақта тіршілік етуге бейімделуі.....
1. Мутация әсері
Тұқымқуалаушылық әрекеті
Эволюцияның нәтижесі
Бәскелестік нәтижесі
Сақтандырушы әрекет
|
3
|
105
|
Әр түрлі тереңдікте бір су қоймаларында тіршілік ететін алабұғаның әр түрлі түрлерінің пайда болу тәсілі....
Тұқымқуалау
Сұрыпталу
Өзгергіштік
Экологиялық түр түзілу
Генотип
|
4
|
106
|
Нәсілдер арасындағы айырмашылық:
Сыртқы түрінің өзгешелігі
Терісінің әр түрлігі
Ерінінің пішініне
Көзінің түсіне
Барлық жауабы дұрыс
|
5
|
107
|
Эволюцияның қозғаушы күші:
Табиғи сұрыпталу
Органикалық дүниенің біртұтастылығы
Түр өзгермеуі
Омыртқасыздардың ата тегінің бір болуы
Аралық өтпелі формаларыдың болу
|
1
|
108
|
Өзгеріске немесе мутацияға ұшыраған дара аталады:
Мутация
Комбинация
Өзгергіштік
Генотип
Мутант
|
5
|
109
|
Пайда болған ұрпақтың ата-анасынан морфологиялық, физиологиялық және басқа белгілеріне немесе жеке басының даму ерекшеліктерімен өзгешелінетін қасиеті:
Мутация
Комбинация
Өзгергіштік
Генотип
Сұрыпталу
|
3
|
110
|
Ағзаларда пайда болған өзгерістерді гендер, хромосомдар арқылы бір ұрпақтан келесі ұрпаққа беріп отырады:
Мутация
Комбинация
Өзгергіштік
Генотип
Тұқымқуалаушылық
|
5
|
111
|
Адам немесе селекционер белгілі бір пайдалы белгілері мен қасиеттері бар тұқым шығаруды мақсат етіп, көздеген нәтижеге жетеді. Бұл:
Санасыз сұрыптау
Әдістемелік сұрыптау
Гендік мутация
Арақатынастық өзгергіштік
Хромосомдық мутация
|
2
|
112
|
Жануарлардың дене пішіні мен реңі тұрғысынан айналадағы заттарға сәйкес келуі:
Бүкеніш рең
Жасырушы рең
Сақтандырушы рең
Қорғаныш рең
Мимикрия
|
2
|
113
|
Балықтардың, жыландардың, бақалырдың, сүтқоректілердің көздерін жасыратын қара жолақтардың болуы бейімдеушіліктің қай түрі:
Бүкеніш рең
Жасырушы рең
Сақтандырушы рең
Қорғаныш рең
Мимикрия
|
2
|
114
|
Қауіпсіз жәндіктердің пішіні, реңі, мінез-қылығы тұрғысынан улы, шағатын қауіпті жәндіктерге ұқсастығы:
Бүкеніш рең
Жасырушы рең
Сақтандырушы рең
Өзгергіштік
Мимикрия
|
5
|
115
|
Бір түрге жататын даралардың ішкі және сыртқы белгілерінің ұқсастығын көрсететін түрдің критерийі:
Морфологиялық критерий
Физиолгиялық – биохимиялық критерий
Генетикалық критерий
Экологиялық критерий
Географиялық критерий
|
1
|
116
|
Микроэволюциялық әрекеттер нәтижесінде түр түзілудің жолдары:
Аллотропиялық, симпатриялық, дивергенттік
Симпатриялық, дивергенттік
Дивергенттік, аллотропиялық, симпатриялық
Аллотропиялық, гибридтік, дивергенттік,
Аллотропиялық, симпатриялық, дивергенттік, гибридтік, филогенетикалық
|
5
|
117
|
Түрді жер бетінде тірі ағзалар тіршілігінің жалпы көрінісі және эволюциялық әрекеттің сапалы кезеңі ретінде сипаттау түрдің қай критерийін сипаттайды:
Морфологиялық критерий
Физиолгиялық – биохимиялық критерий
Генетикалық критерий
Экологиялық критерий
Географиялық критерий
|
3
|
118
|
Бастапқы түр ареалының шеткі аймақтарында орналасқан бір немесе бірнеше аралас популяциялардан жаңа түрдің түзіліуі:
Дивергенттік
Симпатриялық
Гибридтік
Аллотропиялық
Филогенетикалық
|
4
|
119
|
Сұрыптау әдістері:
Таңдау арқылы сұрыптау.
Алмастыру арқылы сұрыптау
Индекстері арқылы сұрыптау
Енгізу арқылы сұрыптау.
Барлық жауабы дұрыс
|
5
|
120
|
Қолдан сұрыптау үшін қай дәлелдеме дұрыс:
Малдардың адамға пайдалы жақтарын жақсарту үшін белгілі жоспар бойынша сұрыптайды
Өсімдіктерді де пайдалы белгілерін қажетіне жарату үшін сұрыптайды
Жана іріктемелер (өсімдіктерде) мен қол тұқымдар (жануарларда) шығарылады.
Егіншілік пен мал шаруашылығы дамығаннан кейін ғана пайда болды
Барлық жауабы дұрыс
|
5
|
121
|
Тұқым қуалайтын өзгергіштік пен табиғи сұрыпталудың негізінде, ұзақ уақыт аралығын қамти жүретін әрекет:
Ароморфоз
Идиоадаптация
Жалпы дегенерация
Биологиялық прогресс
Макроэволюция
|
1
|
122
|
Ағазаларда әр түрлі жергілікті тіршілік жағдайларына сәйкес алуан түрлі өсімдіктердің пайда болуы:
Ароморфоз
Идиоадаптация
Жалпы дегенерация
Биологиялық прогресс
Макроэволюция
|
2
|
123
|
Алғашқы эволюциялық теорияның негізін қалаушы?
1. Ж.Б. Ламарк
2. Ч.Р. Дарвин
3. К. Линней
4. А.В. Левенгук
5. Т.Х. Морган
|
1
|
124
|
Aдамдағы рудименттерге жататын
көкеттің болуы.
түктілік.
үшінші қабақ.
құйрықтың дамуы.
көп емшектілік
|
2
|
125
|
Әр алуан тіршілік жағдайында пайда болып, ағзаның құрылым деңгейін күрделендіретін эволюциялық өзгеріс
дегенерация.
конвергенция.
дивергенция.
идиоадаптация.
ароморфоз.
|
5
|
126
|
Табиғатта түрдің тіршілік ету ареалын анықтау критериі.
Генетикалық - физиологиялық.
Экологиялық - физиологиялық.
Физиологиялық - систематикалық.
Географиялық - экологиялық.
Морфологиялық – анатомиялық
|
4
|
127
|
Эволюцияның қозғаушы күшіне жатпайтыны:
Тұқымқуалаушылық өзгергіштік.
Табиғи сұрыпталу.
Бейімделушілік.
Тұқымқуалаушылық.
Тіршілік үшін күрес
|
3
|
128
|
Аналогиялық мүшелерге жататындар:
Құс қанаты мен иттің табаны.
Бұршақтың мұртшасы мен кактустың тікенегі.
Көртышқан мен бақаның алдыңғы қолдары.
Егеуқұйрық пен бақаның алдыңғы қолдары.
Құс қанаты мен көбелектің қанаты.
|
5
|
129
|
Aдамның адамтектес маймылдардан шыққандығы туралы алғаш жазған ғалым-
1. Ч.Дарвин.
2. Ж.Б.Ламарк.
3. A.Н.Cеверцов
4. Ф.Энгельс
5. Aристотель
|
2
|
130
|
Адамға көбірек ұқсайтын маймыл:
Шимпанзе
Павиан
Орангутанг
Горилла
Мартышка
|
1
|
131
|
Адамның шығу тегін, дамуын және қазіргі кезге дейінгі қалыптасуын зерттейтін ғылым:
Антропология
Палеонтология
Онтогенез
Эмбриология
Анатомия
|
1
|
132
|
Даралардың айналадағы орта жағдайларымен, яғни оның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым – қатынасы:
Тіршілік үшін күрес
Бәсекелестік
Бейімделушілік
Жыртқыштық
Сұрыпталу
|
4
|
133
|
Зебр, жираф, жолбарыс, жыланның түстері мекен ортасындағы жарық пен көлеңке дақтарының тез алмасып отыруына сәйкес келуі:
Бүркеніш рең
Жасырушы рең
Сақтандырушы рең
Қорғаныш рең
Мимикрия
|
1
|
134
|
Ағзаның тіршілігіне қолайлы әсерлердің ең төменгі, әрі ең жоғары шегінен шығып кететін фактор:
Бейбиотикалық фактор
Антропогендік фактор
Экологиялық фактор
Биотикалық фактор
Шектеуші фактор
|
5
|
135
|
Ағзалардың күн сәулесінің ұзақ түсуіне қайтаратын жауап реакциясы:
Фотосинтез
Биологиялық ырғақ
Фотопериодизм
Биологиялық сағат
Маусымдық өзгеріс
|
3
|
136
|
Геномдық мутация дегеніміз —
клеткадағы хромосомалар санының өзгеруіне байланысты болатын өзгергіштік
популяцияның түрлік немесе систематикалық топтық гендерінің жиынтығы.
гаплоидты хромосомаларда болатын гендердің жиынтығы
белгілі биохимиялық функциялы және особьтың қасиетіне ерекше әсер ететін ДНК молекуласының шоғыры
дарақтар саны мен олардың жуйеленген топтары санының кемуі және аймақтың таралуы
|
1
|
137
|
Хромосома санының өзгеруіне байланысты болатын мутация түрі:
Геномды мутация
Хромосомалық мутация
Гендік мутация
Цитоплазмалық мутация
Инверсия
|
1
|
138
|
Гендік мутацияның пайда болуының негізгі себебі:
ДНК молекуласындағы белгілі бір нуклеотидтің түсіп қалуы
Нуклеотидтің немесе триплеттің орны ауыстыруы
Бір нуклеотидтің дупликациялануы
Бір нуклеотидтің орнына басқа нуклеотидтің орналасуы
Барлық жауабы дұрыс
|
5
|
139
|
Транслокация нәтижесінде төмендегіледің қайсысы жүзеге асады:
Гендердің тіркеу топтары
Өзара әрекеттесуі өзгереді
Мейозда хромосомалардың конъюгациялану бейнесі өзгереді
Ағзаның белгілері өзгеріп, жаңа белгілер пайда болады
Барлық жауабы дұрыс
|
5
|
140
|
Құрлықтағы омыртқалылардың алдыңғы аяқтары:
1. Гомологиялық мүшелер
2. Аналогиялық мүшелер
3. Атавизм белгілері
4. Рудимент қалдықтары
5. Аромофоз
|
1
|
141
|
Ертедегі адамдар:
Австролопитектер
Неонтроптар
Палеонтроптар
Кроманьондықтар
Архантроптар
|
3
|
142
|
Бір жұп ата – ананың ұрпағындағы немесе тұтас бір популяциядағы жеке индивидуумдарда, басқа особьтарға ұқсастығы жоқ, әрқайсының өзіне ғана тән қандайда бір белгілерінің болуы:
Жеке өзгергіштік
Экологиялық өзгергіштік
Конвергенция
Комбинациялық өзгергіштік
Модификациялық өзгергіштік
|
1
|
143
|
Организмнің бойындағы түрлі белгілер мен қасиеттердің сыртқы орта факторларының әсерінен өзгеруі, соған байланысты ол жаңа белгі-қасиеттерге ие болады:
Жеке өзгергіштік
Экологиялық өзгергіштік
Конвергенция
Комбинациялық өзгергіштік
Модификациялық өзгергіштік
|
5
|
144
|
Бір органдардың және олардың функцияларының дамуы басқа бір органдарды тежеп, олардың жетілмей қалуына және редукциялануына себеп болады:
Жеке өзгергіштік
Экологиялық өзгергіштік
Конвергенция
Комбинациялық өзгергіштік
Модификациялық өзгергіштік
|
4
|
145
|
Түр өз ареалының көлемінде әр жерде әр түрлі жағдайларда мекендеген болса ғана пайда болады:
Жеке өзгергіштік
Экологиялық өзгергіштік
Конвергенция
Комбинациялық өзгергіштік
Модификациялық өзгергіштік
|
2
|
146
|
Қолдан сұрыптаудың не табиғи сұрыптаудың нәтижесінде ата – тегі әр түрлі организмдерде ұқсас белгілер пайда болуы:
Генотип
Конвергенция
Фен
Фенотип
Филэмбриогенез
|
2
|
147
|
Эволюцияның қозғаушы күштерінің тұрақты әрекетінің нәтижесінде
1. Жаңа түрлер түзіледі
2. Тіршілік үшін күрес жүреді
3. Бәсекелестік пайда болады
4. Өзгергіштік пайда болады
5. Органикалық дүниенің біртұтастылығы
|
1
|
148
|
Көртышқанның топырақта тіршілік етуге бейімделуі....
1. Мутация әсері
Тұқымқуалаушылық әрекеті
Эволюцияның нәтижесі
Бәскелестік нәтижесі
Сақтандырушы әрекет
|
3
|
149
|
Табиғатта эволюциялық процестің басты факторы –
Көбею қарқындылығы
Табиғи сұрыпталу
Қолдан сұрыптау
Тіршілік үшін күрес
Түраралық күрес
|
|
150
|
Физиологиялық критерийдің негізгі ерекшелігі:
Ағзаның сыртқы белгілерінің жиынтығы
Ағзалардың тіршілік әрекеттері мен қасиеттері
Нақты түрге тән хромосомалар жиынтығы
Түрдің таралған белгілі бір аймағы
Сыртқы орта факторларының жиынтығы
|
4
|
151
|
Қазіргі формаларда кезінде ертедегі ата-тектеріне тән белгілердің қайталануы
рудимент
атавизм
неотения
рекапитуляция
регресс
|
2
|
152
|
Эмбриология, салыстырмалы анатомия және палеонтолгия мәлеметтерін салыстыру әдісін Э.Геккель қалай атады?
биогенетикалық заң
ұрық ұқсастық заңы
үш параллельдік әдіс
салыстырмалы талдау
филогенез
|
1
|
153
|
Адамның іс-әрекетінің ағзаларға әсер ету факторы:
Шектеуші
Антропогендік
Биотикалық
Экологиялық
Абиотикалық (Бейбиотикалық)
|
2
|
154
|
Эволюцияның материалымен негізгі жабдықтаушы:
белгілі өзгергіштік
табиғи сұрыптау
тірішілік үшін күрес
мутациялар
филогенез
|
4
|
155
|
Ч. Дарвин қолдан сұрыптардың қандай формасын көрсетті?
методикалық
жүйелік
климаттық
тұрақтандырушы
географиялық
|
1
|
156
|
Белгілі бір органның өзгеруімен байланысты басқа органдардың өзгеруі қалай аталады?
Корреляция
Координация
Онтогенез
Филогенез
Адаптация
|
1
|
157
|
Ұрықтық сатыдан бастап организм тіршілігі аяғына дейінгі организмнің жеке дамуы қалай аталады?
Көбею
Популяция
Онтогенез
Зигота
Аталғандардың барлығы
|
3
|
158
|
Ламарк эволюциялық процестегі басты фактор не деп санады?
Жануарлардың өздеріне тән кәмілетікке ұмтылу қабілетінің болуы
Жануарлардың жыртқыштығы
Жануарлардың бір жерден басқа жерге көшуі
Өсімдіктердің таралуы
Аталғандардың барлығы
|
1
|
159
|
ХVІІІ ғ. тірі табиғат туралы метафизикалық идеяның біріншісі қалай аталады.
Креационизм
Преформизмс
Идеализм
Атомизм
Трансформизм
|
1
|
160
|
Креационизм дегеніміз не?
Жеке дамуды,бұрыннан дайын ұрықтардың өсуі
Түрлерді құдай жаратты, олар өзгермейди
Дүние судан жаратылды
Табиғат атомдардан тұрады
Космостағы ұрықтан тұрады
|
2
|
161
|
Преформизм дегеніміз не?
Жеке дамуды бұрыннан дайын ұрықтардың өсуі
Түрлерді құдай жаратты, олар өзгермейд
Дүние судан жаратылды
Табиғат атомдардан тұрады
Космостағы ұрықтан тұрады
|
1
|
162
|
Адамның шығу тегінің қай гипотезасы кеңірек танылған?
монотиптік
политиптік
полицентризм
моноцентризм
кең моноцентризм
|
4
|
163
|
Өсімдік-паразиттің фотосинтездік қабілетін жоғалтуы қай бейімделудің типіне жатады?
ароморфоз
алломорфоз
дегенерация
идиоадаптация
ценогенез
|
5
|
164
|
Түрдің әртүрлілігі қай концепцияға жатады?
номиналистік
монотиптік
политиптік
финалистік
типологиялық
|
4
|
165
|
Ағзалардың белгілі бір ортаға өзінің тіршілігін сақтап бейімделуі ол ...
микроэволюция
макроэволюция
табиғи сұрыпталу
қолдан сұрыптау
тіршілік үшін күрес
|
3
|
166
|
Тірі табиғаттың даму жайлы алғашқы идеялар қай елдің матералистеріне қарасты.
Қытай,Үндістан,Египет
Қытай, Кайр, Англия
Кайр Егмпет Англия
Месопатания
Египет Кайр
|
1
|
167
|
Макроэволюция барысындағы көп біртектес органдар мен органоидтар, құрлымдардың санының азаюы
олигомеризация
полимеризация
анаболия
гетеробатмия
девиация
|
1
|
168
|
Генетикалық ашық жүйенің популяциясы деп нені атаймыз?
Гетерогеннің популяциясы
Мүмкін мутациялық процесс
Дарақ санының динамикасы
әртүрлі популяциялардың будандасуы
популяциялардың кеңстіктегі мүмкін өзгерістері
|
2
|
169
|
Эволюцияны дәлеледеуге В.О.Ковалевский қандай үлес қосты?
Эпигенез концепциясын тағайындады
Ұрықтық ұқсастық заңын ашты;
Тұқымдастардың палеонтологиялық қатарын құрды
үштік параллелизм әдісін құрды
нуклеин қышқылдарының гибридизация әдісін ашты
|
2
|
170
|
Таралу аймағының белгілі бөлігінде тіршілік ететін, еркін шағылыса алатын бір түр дарақтарының тобын не дейді?
туыс
класс
түр
Тұқымдас
Популяция
|
4
|
171
|
Эволюцияның негізгі факторы не?
табиғи сұрыпталу
өзгергіштік
тұқымқуалаушылық
эволюциялық дәлелдер
Популяция
|
1
|
172
|
Дарақтар санының артуы және аймақтың кеңеюі не деп аталады?
1. биологиялық регресс
2. биологиялық кері кету
3. биологиялық прогресс
4. табиғи сұрыпталу
5. ареал
|
3
|
173
|
Әр алуан ағзалардың ұрықтық даму сатысын зерттеумен байланысты эволюциялық дәлел:
Эмбриологиялық
палеонтологиялық
анатомиялық
4.генетикалық
цитологиялық
|
1
|
174
|
Өліп біткен тірі ағзалардың қазынды қалдықтарына негізделген эволюциялық дәлел:
Эмбриологиялық
палеонтологиялық
филогенетикалық
анатомиялық
генетикалық
|
2
|
175
|
Тірі ағзалардың ғаламшарға таралып орнығуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
1. генетика
палеонтология
эмбриология
биогеография
геология
|
4
|
176
|
Ламарк жануарлар жүйесін неше сатыға, неше класқа жіктеп орналастырылған?
1. 6 саты, 14 класс
2. 2 саты, 3 класс
3. 13 саты, 7 класс
4. 5 саты, 8 класс
5. 14саты, 6 класс
|
1
|
177
|
Эндемик түсінігі:
1. Жер бетінде түгел таралған түрі
2. Жануарлардың жойылып кеткен түрі
3. Жануарлардың сирек кездесетін түрі
4. Белгілі бір аймаққа ғана тән түрі
5. Суда тіршілік ететін түрі
|
4
|
178
|
1828 ж. Ф. Велер ең алғаш ағзалық зат — ..... қолдан синтездеді.
1. Бактерияны
2. Жасушаны
3. Мочевинаны
4. Вольвоксты
5. Жүректі
|
3
|
179
|
1828 ж. Бүкіл омыртқалылар ұрықтарының эмбриондық дамудың ерте сатыларындағы ұқсастық заңын ашқан кім?
1. Ж.Б.Ламарк
2. Ч.Р.Дарвин
3. К.Линней
4. А.В.Левенгук
5. К.М. Бер
|
5
|
180
|
«Бигль» кемесімен жер шарын айналып саяхатқа кеткен ғалым?
1. Ж.Б. Ламарк
2. Ч.Р. Дарвин
3. К. Линней
4. А.В. Левенгук
5. Т.Х. Морган
|
2
|
181
|
Белгілі бір мүшенің өзгеруімен байланысты басқа мүшелердің өзгеруі дегеніміз?
1. Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
2. Компенсациялық өзгергіштік
3. Тұқым қуалаушылы
4. Коррелятивтік немесе арақатынастық өзгергіштік
5. Тіршілік үшін күрес.
|
4
|
182
|
Солтүстік Америка, Еуразия, Солтүстік Африка қай фауналық аймаққа жатады?
1. Палеогей
2. Арктогей
3. Неогей
4. Архей
5. Нотогей
|
2
|
183
|
Тіршілік өлі денелерден өздігінен пайда болады деген пікірді қуалайтын теория?
1. Материалистік теория
2. Идеалистік теория
3. Тұрақты жағдай теориясы
4. Пансперия теориясы
5. Биохимиялық
|
1
|
184
|
1924 жылы орыс ғалымы А. И. Опарин жер бетінде тіршіліктің пайда болуы жайлы өз пікірін жарыққа шығарған ғалым?
1. Ж.Б. Ламарк
2. Ч.Р. Дарвин
3. Ф. Велер
4. А.И. Опарин
5. К.М. Бер
|
4
|
185
|
Тіршіліктің пайда болу жолындағы аса бір ірі қадам-?
1. ағзалардың тыныс алуына жұмсалып, табиғаттағы органикалық қалдықтарды тотықтыра бастауы
2. оттегі бөлініп шығуы
3. фотосинтездеуші ағзалар пайда болуы
4. одан әрі өздеріне ұқсас ағзалардан тек биогеңдік жолмен дамуы
5. ағзалардың бейорганикалық заттардан органикалық заттар түзуге көшуі
|
5
|
186
|
Тіршіліктің жоғары дәрежедегі құрылымы ағзалардың бірлестігі .... тұрады.
1. Популяция, биоценоз, биосферада
2. Ағза
3. Түр
4. Эволюция
5. Популяция
|
1
|
187
|
Тұқым қуалаушылық дегеніміз?
1. Көбейу
2. тіршілік ету
3. ағзалардың өз белгілері мен қасиеттерін, көбею ерекшеліктерін ұрпақтан ұрпаққа беруі
4. ағзалардың көбейіп, тіршілік етуі
5. ұқсас ағзалардан тек биогеңдік жолмен дамуы
|
3
|
188
|
Өзгергіштік дегеніміз?
1. тірі ағзалар қоректік заттардың есебінен өсуі
2. мінез-қылығының белгілі ортаға сай келуі
3. тірі дене көптеген құрамдас бөлшектердің жиынтығы
4. ағзаның жаңа белгілер мен қасиеттерге ие болуы
5. химиялық құрамы мен физикалық әрекеттер жиынтығын тұрақты сақтай алуы
|
4
|
189
|
Биологиялық ырғақ дегеніміз ?
1. биологиялық ырғақты көбінесе фотопериодизм қамтамасыз етуі
2. қандай жағдайларда болса да уақыт біркелкі алмасатын тірлік қасиеті
3. біркелкі алмасатын тірлік қасиеті
4. популяциялардың iшiнде жүретiн, түрдiң әртүрлi дәрежеде түр iшiндегi топтарға бөлiнуi
5. қарама-қарсы екі әрекет
|
2
|
190
|
... - деп қандай да бір белгінің немесе қасиеттің реакция мөлшері шегінде өзгеруін атайды.
1. Генотиптік өзгергіштік
2. Фенотиптік өзгергіштік
3. Мутациялық өзгергіштік
4. Гомологиялық өзгергіштік
5. Комбинативтік өзгергіштік
|
2
|
191
|
Филоценогенез процесі кезінде жаңадан фитоценоз түрлерінен не пайда болды:
1. консорций
2. ценогез
3. биоценоз
4. онтогенез
5. биошенез
|
1
|
192
|
Климаксты фитоценоздар қандай жүйені құрайды:
1. қабылдаушылық
2. орынбасушылық
3. төзімді және динамикалық
4. сукцессионды
5. Төзімсіз
|
3
|
193
|
Қай тұқымдастан австралопитектер пайда болған тармақ бөлініп шыққан:
1. понгидтен
2. протоантроп
3. археантроп
4. гоминидтер
5. палеонтроп
|
4
|
194
|
Тік жүру адам эволюциясында ірі екі неге әкеп соқтырды:
1. араморфозға
2. кроманион адамына
3. жаңа сатыға
4. арогенезге
5. идиоадаптацияға
|
1
|
195
|
Генетикалық әдіс деп-
1. Азалардың тарихи даму заңдылықтарын анықтау
2. Биологиялық пайдалы белгілердің пайда болуы
3. Цито -химиялық салыстыру
4.Ағзалардың тұрақталған формаларын зерттегенде қолданылады
5. Ағзалардың шығу тегі себептерін түсіндіреді
|
5
|
196
|
«Эволюция» деген терминді XVIII ғасырдың ортасында биология саласына кім енгізді?
Чарльз Дарвин
Р.Гук
Шарль Боннэ
Ф.Бэкон
М.Мальпиги
|
3
|
197
|
Захириддин Мухаммад Бабурдың қай еңбегінде тарихи және географиялық Орта Азиялық, Үндістандық т.б жерлерден қызықты мэлімдемелер беріледі.
«Жануарлардың бөлiктерi»
«Жаратылыстану»
«Табиғат жайлы»
«Бабур тағылымы»
«Медицина қағидалары»
|
4
|
198
|
Көбею мерзімдеріндегі айырмашылық немесе тозаңдардың өну жылдамдығының әркелкілігі:
1. Анатомиялық себеп
2. Этологиялық себеп
3. Физиологиялық себеп
4. Биологиялық оқшаулану
5. Экологиялық оқшаулану
|
2
|
199
|
Саны аз оқшауланған популяциялардағы аллельдер жиілігінің кездейсоқ, бағытсыз өзгеруі:
1. Анатомиялық себеп
2. Этологиялық себеп
3. Гендердің ығуы (дрейфі)
4. Физиологиялық себеп
5. Биологиялық оқшаулану
|
3
|
200
|
Өсімдіктің жаңа іріктемелері мен жануарлардың қол тұқымдарын және микроағзалардың халық шаруашылығына қажетті штаммаларын алу әдістерінің жиынтығы:
Қолдан сұрыптау
Табиғи сұрыптау
Жасанды сұрыптау
Анатомиялық себеп
Этологиялық себеп
|
1
|