Кафедра тарихынан



Дата05.01.2017
өлшемі46,2 Kb.
#6387
Кафедра тарихынан
Қазақ филологиясы кафедрасы - елімізде филолог мамандар даярлау бағытында ашылған алғашқы кафедралардың бірі. Кафедраның негізін қалаушы - әдебиеттану саласындағы тұңғыш ғылым докторы, академик Қ.Жұмалиев. Одан кейін кафедраны елімізге танымал ғалымдар Х.Сүйіншәлиев, С.Ақмурзин, Ғ.Әбуханов, М.Тілеужанов, Қ.Мырзағалиев, О.Бүркітов, А.Мұсаев, С.Шарабасов, М.Сабыр, Ж.Шайекенов, Қ.Аронов басқарса, қазіргі таңда доцент А.Мамыров басқарып отыр.

80 жылдық тарихы бар кафедра ұзақ жылдар бойы бірнеше мыңдаған түлектер ұшырып, олар қазіргі уақытта еліміздің түкпір-түкпірінде елеулі қызметтер атқаруда.

Осы уақыт аралығында кафедрада елімізге белгілі лингвист, әдіскер-ғалымдар дәріс берді. Атап айтсақ, О.Төлегенов, Б.Шалабаев, А.Көшімбаев, М.Жолдықайырова, Ш.Жұмағазиева, Б.Әбілқасымов, Ә.Нарымбетов т.б. қызмет істеді.

Кафедрадағы қазіргі таңдағы негізгі ғылыми бағыттар: қазіргі қазақ тілінің теориялық, практикалық мәселелері (фонетика, фонология, лексикология, морфология, синтаксис), қазақ тілі стилистикасы, қазақ тілінің тарихы, қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі, қазақ халық ауыз әдебиеті, қазіргі қазақ әдебиетінің теориялық мәселелері (әңгіме жанры, поэзиясы, лирика тарихы т. б.).

Кафедраның ғылыми әлеуеті жоғары деңгейде. Кафедрада 2 ғылым докторы, профессор, 9 ғылым кандидаты, доцент, 4 магистр, 2 аға лаборант қызмет істейді


Біздің жетістіктер:

- ғылыми әлеуеті жағынан жоғары дәрежедегі кафедралардың бірі;

- оқу жүйесінде стандартқа сай оқу жоспарлары мен қазіргі кезеңге сай техникалар және компьютерлермен жабдықталған;

- студенттік деканат;

- студенттердің «Жас қалам» газеті;

- академик Қажым Жұмалиев атындағы әдеби бірлестік;

- профессор М.М.Тілеужанов атындағы этнография мұражайы;

- А.Бақтыгереева атындағы ақындар мектебі;

- «Үкілі үміт» жас ақындар үйірмесі.

Кафедрадағы іс-шаралар




Біз Сіздерді мына мекенжайда күтеміз:

Орал қаласы, Достық даңғылы 162,

№1 оқу ғимараты, 4-қабат,

408-бөлме,

Тел: 8(7112) 51-30-62
Құрастырушылар:

З.Ж.Мүтиев – ф.ғ.к, доцент

Б.Е.Өмірзақов – магистр, оқытушы


М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Студенттер ақын Қадыр Мырза Әлімен кездесу кешінде





Университетіміз – еліміздегі іргелі үздік жоғары оқу орындарының бірі

Орал, 2011

Студенттер республикалық олимпиадада


Атаулы шәкіртақы:

- Қазақстан Республикасының

Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы

шәкіртақы;

- Ғ.Мүсірепов атындағы

шәкіртақы;

- профессор М.Тілеужанов атындағы

шәкіртақы;

- М.Өтемісов атындағы

шәкіртақы;

- БҚМУ ректорының шәкіртақысы.
Біздің мүмкіндіктер:

- жоғары білікті профессор-

оқытушылар құрамы;

- заман талабына сай қажетті

мамандықтар;

- инновациялық және

ақпараттық технологиялар;

- кредиттік және қашықтан

оқыту жүйесі;

- қызметке орналасу

мүмкіндігі;

- бакалавр жүйесі;

- магистратура: «қазақ тілі

мен әдебиеті», «филология:

қазақ тілі» мамандықтары;

- «Болашақ» бағдарламасы

бойынша оқуды жалғастыру;
Кафедра мамандықтары
5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті

«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген түлекке «Қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер, аудармашы және баспасөз бен телерадио компанияларында тілші қызметтерін атқара алады.

5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын

мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті

«Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген түлекке «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Олар жалпы білім беретін мектептерде, лицей, колледж, гимназияларда қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі, жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерде кіші ғылыми қызметкер, аудармашы қызметтерін атқара алады.

5В020500 Филология: қазақ тілі

«Филология: қазақ тілі» мамандығы бойынша оқу бітірушіге «Филология бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.

Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысандары орта (сонымен бірге гимназиялар, лицейлер) және арнаулы орта (колледждер, техникумдар, училищелер) оқу орындары болып табылады. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу мекемелері, газет, журналдардың редакциялары, радио мен телевидение және баспа орындары.

Педагогикалық білім

5В011700 Қазақ тілі мен әдебиеті

5В012100 Қазақ тілінде оқытпайтын

мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті


Гуманитарлық ғылымдар

5В020500 Филология: қазақ тілі


Оқу мерзімі

Күндізгі оқу – 4 жыл

Сырттай бөлім – 3 және 5 жыл

Оқу түрі

мемлекеттік грант және ақылы негізде



Қысқартылған оқу түрі:

Арнаулы орта білім негізінде – 3 жыл

Жоғары білім негізінде – 2 жыл
Қабылдау комиссиясы

- Жалпы қабылдау комиссиясының жұмыс істеу уақыты:



20 маусымнан 25 тамызға дейін

Тел: 8 (7112) 50-44-20

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет