Кайдаров Анарбек . Техфак.Агроинженерия 21-01А.
Тракторлардың ілініс муфтасы мен беріліс қорабы
Тапсырма
1)Күш берілісі(Трансмиссия)-дизельдің айналдыру моментін трактордың жетекші доңғалақтарына жеткізуге және оның шамасы мен бағытын өзгертуге арналған.
Жұмыс істеу принципіне қарай: механикалық,гидравликалық,электрлік,және құрама күш берілістері болып бөлінеді.
Механикалық күш берілісі дегеніміз-механикалық беріліс іліністі және үйкелісті пайдалануға негізделген.
Гидравликалық күш берілісі дегеніміз-гидродинамика немесе гидростатика берілісітерімен жірдемімен сұйықтық арқылы берілуі.
Электрлік күш берілісі дегеніміз-қозғалтқышты генератор айналдыруы.
Трансмиссияның жалпы құрылысы:ілініс муфтасы,беріліс қорабы,бас беріліс,дифференциал,түпкі берілістер,карданды біліктер,бәсендеткіш редуктор және т.б.
Энергия түрі бойынша сұрыпталуы:
1)механикалық
2)гидравликалық
3)электрлік
4)гидромеханикалық
5)электрмеханикалық
Жалпы тракторларда механикалық күш берілістері неғұрлым кең тараса,ПӘК-пайдалы әсер коэффициенті де едәуір жоғары болады.
2)Ілінісу муфтасының схемасы.
Құрылысы:қысқыш диск,маховик,жетектеуші диск,серіппе,екі иінді рычаг,подшипниг,педаль,тартқыш.
Ілінісу муфтасы трактордың- цилиндр блогына бекітілген болттармен алюминий картерінің астындағы ұшқышқа орнатылады.
3)Механикалық беріліс қорабы.
Негізгі элементтері:бастапқы білік,аралық зал жетегінің берілісі,мойынтірек қақпағы,артқы жарық қосқышы,бастапқы біліктің манжеті,артқы біліктің мойынтіректері,сапун және т.б.
4)
Әр түрлі берілістерде шестернялар (немесе олардың тәждері) мынадай тәртіппен ілініскен: бірінші беріліс — 20 және 10; 7, 12І және 21; 19 және дифференциалдың жетектеуіш шестернясы; екінші беріліс —17 және 18; 19 және дифференциалдың жетектеуіші шестернясы; үшінші беріліс — 16 және 15; 19 және дифференциалдың жетекші шестернясы; кері жүріс — 20, 12 және 21 (соңғы шестерня кері жүріс кезінде кері бағытта айналады), сонан соң 19 және дифференциалдың жетектеуіш шестернясы айналады.
Достарыңызбен бөлісу: |