1. Тісті берілістердің негізгі түсініктер және анықтамалар. 2. Тісті берілістердің классификациясы. 3. Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемшіліктері. 4. Тісті берілістердің кинематика мен геометриясы. Тісті берілістер деп қозғалысты, қозѓалыс моментін біліктер арасында беру үшін және қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады.Тісті берілістер машиналарда өте көп кездеседі. Мысалы, жеңіл автомашиналарда тісті дөңгелектердің саны 30 35 болса, жону станоктарында 70 80-ге дейін жетеді. Тек қана автотрактор шаруашылықтарында жылына 30 млн. тісті дөңгелек дайындау керек. Барлық тісті берілістерді бірнеше түрге бөлуге болады. Біріншіден, тісті дөңгелектер біліктерінің геометриялық осьтерінің орналасуына байланысты: 1) осьтері өзара параллель орналасқан берілістер, оған цилиндрлік тісті беріліс жатады; 2) осьтері өзара қиылысқан берілістер, оған конусты тісті берілістер жатады; 3) осьтері өзара айқасқан берілістер, оған бұрамдықтісті берілістер жатады; 4) осьтері бір түзудін, бойында орналасқан берілістер оған планетарлық берілістер жатады. Екіншіден, тісті берілістер ілінісулеріне қарай екіге бөлінеді: 1) сырттай ілінісетін тісті берілістер; 2) іштей ілінісетін тісті берілістер. Үшіншіден, тістердің профильдері бойынша: эвольвент профильді тісті берілістер; циклоид профиль тісті берілістер; профилі шењбер доғасымен шектелген тісті берілістер, Новиков ілінісі; толқынды ілініс. Тістердің орналасуына байланысты: 1) тік тістілер; 2) қиғаш тістілер; 3) шеврон тістілер; 4) дөңгелек тістілер. Тісті берілістердің артықшылықтары мен кемішліктері. Конусты және винттік берілістердің геометриялық осьтердің арасындағы бұрышы 0…180º аралығында болу мүмкін, бірақ көбінесе 90º болады. Гипоидтік берілісте біліктердің айқасу бұрышы 90º. Рейкалы беріліс тісті берілістің бір ерекше түрі болып табылады, мұнда тісті доңғалақтың айналуы рейканың ілгерілемелі-қайтарымды қозғалысыны (және керісінше) түрлендіріледі. Бұл берілісте рейканы диаметрі шексіз үлкен тісті доңғалақ ретінде болады, яғни рейка сол доңғалақтың бір сегменті деп түсіну қажет. Артықшылықтары. 1. Тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады (100 000 аттық күш) және олар басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шамалы келеді. 2. Басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі. 3. Тісті берілістер өте шыдамды келеді. Жақсы күтсе олар ондаған жылдар бойы жұмыс істейді. 4. Пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін h = 0,974 0,98). Кемшіліктері. 1. Дайындауы күрделі; 2. Жұмыс кезінде шу көп болады; 3. Қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігі нашар. Салыстырмалы қасиеттері. 1. Қиғаш тістілер бір қалыпты, шусыз жұмыс істейді, бірақ ось күштері пайда болады. 2. Шеврон тістілердің ось күштері бірімен-бірі теңеседі және жұмыс кезінде шу болмайды, иілуге шыдамдылығы 25, 30 процентке дейін өседі, бірақ дайындауы қиын. 3. Конусты тісті берілістер қымбат. Қонструкциясы мейлінше дәлдікті талап етеді. Тістің бойында кернеу шоғырлануы пайда болады. Ілінісу қадамы деп, қатар тұрған екі тістің бөлу шеңберімен өлшенген аттас нүктелер ара қашықтығын айтады. Ілінісудегі дөңгелектердің қадамы бір-біріне тең болуы керек. Қадам, шеңбердін, ұзындығымен p арқылы байланысады, сондықтан шеңбер диаметрін есептеу өте қолайсыз. Осыған орай ілінісулердін, негізгі параметрі деп модулін санайды.