Философия – (грек. phileo – cүйемін , sopha – даналық, даналыққа құштарлық ) дегенді білдіреді . Ол – қоғамдық саланың ерекше формасы , дүниеге көзқарастың ғылыми – теориялық түрі, адамның адамға , дүниенің дүниеге қатынасы туралы ілім.
ФИЛОСОФИЯ БӨЛІМДЕРІ
Онтология
Гносеология
Антропология
Аксиология
Этика
Логика
Эстетика
Сана мәселесі философиядағы басты және күрделі, түсіндіруге қиын мәселелердің бірі, себебі сананы керу, өлшеу, сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, бірақ сана адамның жануарлар дүниесінен ерек.шелігін көрсететін факторлардың бірі, сана арқылы адам мен оны қоршаған ортаның арасындағы байланыс жүзеге асырылатыны күмәнсіз.
Саналылық - адамның өз қылықтарының қоғамдық салдарларын, қоғам алдындағы парызын түсінуі.
Бейсаналылық (бессознательное) – адам түсінбейтін психикалық құбылыстардың жиынтығы.
Дүниетаным дегеніміз – дүниені түйсіну, түсіну арқылы адамның өзіне өзінің, сыртқы дүниеге қарым – қатынасын анықтаудың өзегі, күре тамыры. Жалпы, дүниетаным адамның тану функциясын орындайды. Бұл оның мәнінен туындайтын негізгі ролі. Сөйтіп, дүниетанымның әр түрлі түрі, қыры, типі бар.
Философия
Дін
Миф
Дүниетаным
түрлері
миф
Мифологоиялық дүниетанымның негізі – қиял, ойдан шығару. Миф - алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші, бөлінбеген формасы.
Діни дүниетаным құдыретті күшке, яғни құдайға сеніп, соған табынуға құрылған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылуы туралы наным жатыр.
Философия адамның дүниені тану тәжірибесін жинақтау, әлемнің біртұтас теориялық үлгісін жасау, әлемге қарым – қатынасты білдіру қажеттігінен туындаған ерекше феномен.
ФИЛОСОФИЯ
ДІН
объективті шындықты дұрыс тану мүмкіндігіне күдікпен қарайтын философиялық бағыт; бұл жағынан скептицизм агностицизмге — дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығаратын философиялық бағытқа жақын, соның бастапқы сатысы болып табылады;
бір нәрсеге сыни тұрғыдан, күдікпен қарау, мүмкіндігіне, шындығына күмәндану;
күдікшілдік, сенбеушілік..
.
Агностицизм ( грек тілінен ἄγνωστος - танылмайтын) - философиялық концепция, оған сәйкес дүние тануға болмайтын және адамдар заттардың нақты мәні туралы сенімді ештеңе біле алмайды; діни агностицизмнің позициясы - адамдар Құдай туралы сенімді ештеңе біле алмайды. Агностиктер үшін Құдайдың бар болуы , құдайдың немесе табиғаттан тыс құбылыстардың болуы белгісіз немесе түсініксіз.
Оптимизм және нигилизм
Оптимизм дегеніміздің өзі адамның кез келген заттан жақсы нәрсе таба білуі болса, оптимистер аса ауыр жағдайда да әлі талай қуаныштар кездесетініне кәміл сеніп, үміт отын сөндірмей сақтай алады. Басы қандай дауға қалғанын біліп, сәтсіздіктің шырмауына шырмалғанын ұғынса да, "Мейлің, кім қателеспей жатыр дейсің? Бәрі жақсы болып кетеді әлі" деп өз-өзін жұбата алады .
Нигилизм (лат. nihil – ештеңе) – қоғамда қалыптасқан мәдени құндылықтар мен мұраларды, діни, моральдық нормалар мен түсініктерді қайта қарауды, жоққа шығаруды білдіретін ұғым. Нигилизмнің пайдасы – ол адамдарды өмір, дүние, адам, құдай жөніндегі елестерден, теріс түсініктерден арылтуға жол ашады. Нигилизммен шектелуге болмайды, оны жеңу керек. Бұл үшін өмірге, дүниеге салқынқандылықпен, салауатты қарау керек, ешкімге де, ешнәрсеге де құрал, қолжаулық болмайтын ерен, ерікті тұлғалар дүниеге келуі Нигилизм көзқарасын одан ары дамытқан немістің идеалист философы О.Шпенглер болды.