Казангапова Сұлушаш Ауғанқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Павлодар облысы Май ауданы Малайсары ауылы
«Малайсары жалпы орта білім беретін мектеп»
мемлекеттік мекемесі.
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ.
Жаңа ғасырда қай елдің болмасын өсіп өркендеуі,әлемдік ортада орын алуы білімнің қолында десек,тәуелсіздік туы желбіреген,болашағы бүгіннен де нұрлы егеменді еліміздің бәсекеге қабілетті елу елдің қата-рында терезесі тең етіп көрсететін білімді де ғылыми-техникалық прогрес-тен хабары бар білікті,тәрбиелі ұрпағын оқытып-тәрбиелеу-бүгінгі күннің басты мақсаты.
«Ел болашағы - білімді ұрпақта» деген Елбасымыздың сөзін негізге ала отырып,ел келешегін кемелдендіретін білімді ұрпақ тәрбиелеу-біздің ұстаздық борышымыз.Осы мақсатты бағындыруда әрбір ұстаз аянбай тер төгіп,ел болашағының іргетасын қалауда.
Негізі бастауыштан қаланатын білімнің сапасы білік пен іскерлік дағ-дыларының деңгейі оқушының бағаға емес,білімге қызығушылығына,оны игеруіне,білімнің қажеттілігін түсінуіне байланысты болмақ.Сондықтан оқу-тәрбие үрдісіне жаңашылдықпен қарап,заман талабына сай ақпарат-тық технологияларды нәтижелі пайдалана білсек,жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қол жеткіземіз.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басым бағыттарының бірі электрондық оқыту жүйесін енгізу болып табылады. Электрондық оқыту жүйесінің негізгі мақсаты: ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейлерін теңестіру, ойлау қабілеті жоғары және технологиялық сауатты оқушыны дайындау.Білім беру саласын ақпараттандыру бағдарламасы 2020 жылға дейін өткізіледі. Бұл жобаны іске асыру екі сатыда жүреді. 2011–2015 жылдары «E-learning» жүйесіне білім беру мекемелерінің 50% астамы,2020 жылға дейін – 90%-нан астамы қосылады..
Біріншіден, білім беру мекемелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы толығымен өзгертіледі. Әр мектепте, мейлі қалада, я шалғайдағы елді мекендегі шағын ауқымды білім ұясында болсын, әр пәнге арналған жаңаша кабинеттер жасақталады. Интерактивті тақта, ноутбук, сондай-ақ жаңа құрылғы – электронды планшетниктер, тағы басқа қажетті құралдармен толықтырылады. Планшетник – бүгінгі заман талабына сай, жан-жақты білім беруге лайық құрал. Онда оқушыға қажет нәрселердің бәрі топтастырылған. Мектеп күнделігі, электронды сабақ кестесі, оқулықтар енгізілген. Жаңа сапалық деңгейдегі бұл технологияны шәкірт денсаулығын сақтаушы технология деп атаса да болады. Буыны қатпаған жасөспірім, мектеп табалдырығын енді аттаған бүлдіршін бұрынғыдай бірнеше келі салмақты сөмкесін әрлі-берлі тасымайды. Осы күнгі оқушы сөмкесінің орта салмағы 5-9 келі екенін ойлағанда, планшетниктердің қаншалықты тиімді екенін аңғару оңай. Білім ұясындағы бас компьютерге қосылған әр планшетник арқылы бүкіл ұжым бір кісідей тыныс алады десе де болады. Мектеп табалдырығын аттаған оқушы өз планшеттік компьютерін ашып, алғашқы сабақтың қай кабинетте өтетінінен хабар алады. Одан бөлек, бір демде сабақ кестесіндегі өзгерістерді, өткен бақылау жұмысы немесе диктанттан алған бағасын көре алады. Яғни, ақпарат беру жүйесі мен кері байланыс еш кедергісіз, мұғалімсіз-ақ жүзеге асырылады. Интернетке қосылған компьютерлер білім ұясындағы кітапхана, медицина қызметкерлері кабинеті, мұғалімдер бөлмесіне де жалғанған. Ақпараттандыру жылдамдығы секундына 4-тен 10 Мбитке дейін жылдамдықта жүреді. Мұндай оқыту педагогтардың көзге көрінбейтін қара жұмысын біршама жеңілдетеді. Мәселен, жоспарлау, сабақ кестесін жасау, кабинеттерді бөлу, журналға баға қою, статистикалық мәліметтер жинау, тағы басқа ұсақ-түйек қол байлайтын шаруаның бәрі автоматты түрде жүзеге асады. Мұғалімдердің балалармен қарым-қатынасты жекелей жүргізуіне, түрлі идеяларын сабақ барысында іске асыруына, шығармашылықпен еңбектенуіне уақыты көбейеді. Элек-тронды оқыту жүйесі одан бөлек ата-аналар үшін де өте тиімді болмақ. Ұзақты күн жұмысбасты ата-аналар үшін балаларының сабағын тексеруге уақыты бола бермейді. Бос уақытында немен айналысатынын да қадағалауы қиын. Үйінде интернетке қосылған компьютері бар ата-ана бұдан былай баласының қай пәннен, қандай баға алып жүргенін электронды журналдан көре алады. Қалаған уақытында сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен де сөйлесу мүмкіндігі мол. СМС хабарлама бере алады.
Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілгені бізді қуантады.
«Бастауыш мектепте электронды оқыту-білім беру мазмұнын жетілдірудің жағдайы болып табылатындықтан, өскелең ұрпақтың ақпараттық мәдениетін қалыптастырудың негізгі талаптарының бірі –оқу үрдісінде электрондық оқытуды қолдану.Бастауыш сыныптарда электронды оқытуға негіз болатын басты факторлар:
бастауыш мектеп оқушысын ақпараттық қоғамға бейімдеу:
ерте жастан балалардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту;
бастауыш мектеп оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастыра отырып,әлемдік-ақпараттық білім кеңістігіне даярлау.
Мысалы, Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын басшылыққа ала отырып,мектеп компонентінен 2011-2012 оқу жылында 2-сыныпқа «Есептеуіш техника және информатика негіздері» және 2012-2013 оқу жылында 3-сыныпқа “Компьютер әлемі”атты курсқа авторлық бағдарлама құрып, Павлодар облысының педагог кадрларының біліктілігін арттыру институтының АТО-ң оқу-әдістемелік оқу бөлімінің бастығы Пиржанова А.З. рецензияланған.
Бұл курстар оқушылардың іс-әрекеттік құралы ретінде компьютерді практика жүзінде қолдану дағдыларын қалыптастырады. Электрондық оқу құралдары ғылыми-әдістемелік идеяларды оқушының өз бетімен жұмыс жасауына,дамуына,білім алуына ғылыми және әлеуметтік ақпараттардың жедел ағымына ілесе білу дағдысына көңіл бөледі.Оқытудың мақсаты –оқушыларға ақпаратты өңдеу,жеткізу және оны пайдалану туралы білімдерді меңгерту мен ақпараттық технологияны оқу процесіне өзіндік даму мен оны іске асыру құралы ретінде саналы да тиімді түрде қолдану дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Интерактивті тақтаға арналған арнайы бағдарламалық қамтамасыз ету мәтіндермен, объектілермен, аудио және видеоматериалдармен, Интернет-қорлармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР орталығы білім беру жүйесінің баста-уыш, негізгі және жоғары деңгейлері үшін барлық оқу пәндеріне арналған электронды оқулықтар шығарып жатыр. Алайда балалардың жас мөлшері-не қарай ол әртүрлі болып келеді. Жоғары оқу орындарының студенттеріне электронды ғылыми-зерттеу зертханалары ұсынылса, ал кәсіптік-техника-лық лицейлер мен колледждерге виртуалды тренажерлар жасалды. Вирту-алды тренажерларды пайдалана отырып, көлік немесе тракторды компью-тер арқылы құрап, шаш қиып немесе аcпазшының рөлін атқаруға мүмкін-дік алады. Мектепке дейінгі балаларға компьютерлі ойындар, мектеп жасындағы балаларға электронды оқулықтар.
Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып оты-ратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе.Оны әрбір мұғалім өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып қолдана алады.Оқу материалдарын ұтымды игерудегі электрондық оқулықтардың атқаратын рөлі зор. Электрондық оқулық оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы әр баланың қабілетін,өз бетімен жұмыс істеу дағдысын,пәндік білімдерін,тәжірибелік біліктілігін дамытуға ,әртүрлі тапсырмалармен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықтың ерекшелiгi модулдiкке сәйкестiгi, жоғары мобильдiлiгi мен оқуға, үйренуге икемдiлiгi. Бұл оқулық – ғылыми-педагогикалық құрал.
Электрондық оқулықтың нәтижелiлiгi мынада:
тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етедi (интерактивтi қасиетi);
қажеттi ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкiндiк бередi;
гипермәтiндiк түсiндiруден жан-жақты ақпараттық материалдар алады;
әрбiр жеке тұлғаның, бiлiмiн, бiлiк iскерлiгiн әрбiр тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкiндiк бередi.
3-сынып оқушылары қазақ тілі, математика, дүниетану сабақтарында электрондық оқулықтар арқылы жаңа тақырыптарды меңгеруде және практикалық жұмыстарда қолданып,сабақтын тыс уақытта комьютері барлары үйінде,ал кейбірі мектепке келіп оқулықтар бойынша түсінбеген жерлерін,тақырыптар бойынша білім-білік дағдыларын қалыптастыру үшін компьютер сыныптарында оқулықпен жеке-дара жұмыс істейді.
Электрондық оқулықтар болашақ мұғалiмдерге үлкен ақпараттық бiлiм алқабына жол көрсетедi. Электрондық оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады:
теориялық материалды өз бетiмен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкiндiк бередi;
сабақты иллюстрациялық материал ретiнде жабдықтауда көмектеседi;
сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетiмен әртүрлi деңгейлi, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкiндiк берiлген;
Электрондық оқулықтар қазiргi таңда мектептерде барлық пәндерге арнал-ған оқулықтар бар және оларды пәндер бойынша қолдануда. Олар мысалы, қазақ тiлiн, математика, шет тiлi, тарих, орыс тiлi және т.б.Электронды оқулықты қолдану оқушылардың жоғарғы белсендi дүниетанымын және өзiндiк жұмыс аясын кеңейтедi, оқыту үрдiсiн саралауға, жан-жақты ақпа-раттандыруға, бiлiм мазмұнын iзгiлендiруге көмектеседi.
Электронды оқулықтың ең тиімді тұсы – баланың қызығушылығын оята отырып, білім алуға бар ынта-ықыласымен баулуы. Бір ескере кетерлігі, дәстүрлі білім беру жүйесінде оқулықтар тізбектеле жазылып, мейлі түрлі-түсті суреттері болсын, мейлі қызықты тапсырмалар болсын барлығы – тек жазбаша. Ал электронды оқулықтар – дыбыс құралы. Ол – мультимедиалы, яғни графика, мәтін, дыбыс және бейнеқұралдары біріктірілген. Ол – интерактивті.
Бала тапсырманы орындай отырып, лезде жауабын алады. Егер тап-сырманы дұрыс орындап, диктордан мақтау сөз естісе, баланың сабаққа деген құлшынысы арта түседі. Сондай-ақ электронды оқулыққа мектептердегі тест сұрақтары да енгізілген. Оны пайдаланып отырған баланың өзін-өзі сынап көруіне әбден болады. Оның да жауабының дұрыс-бұрыстығы қолма-қол айтылып отырады және неге дұрыс емес, соған да түсініктеме беріледі.
Электронды оқулық тек оқушыға ғана емес, мұғалімдерге және ата-аналарға да аса қажет. Оған тіпті интернеттің де керегі жоқ. Мұндай элек-тронды оқулық – сабақ үлгерімі нашар балалар үшін таптырмайтын көмек. Бала үйге берілген тапсырманы электронды оқулықтың көмегімен қуана-қуана орындап тастайды. Тіпті өтіп кеткен оқу бағдарламаларына да бір көз жүгіртіп шықса болады. Қысқасы, егер ғаламтор жоқ болса, электрон-ды оқулық ол ғаламторды қажет етпейді.
Кейбіреулер электронды оқулықтарды көрнекі құрал деп қабылдайды. Бұл – қате ұғым. Олар оқу материалдарын визуалды түрде көріп, интерактивті әрекет жасау арқылы меңгеруге арналған.
Электронды оқулықтың пайдасы:
Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.
Егер,оқушы әр түрлі жағдайға байланысты: ауырып бірнеше сабақты жіберіп алуы; жаңа материалды тыңдамай, түсінбей қалуы; бірден ойды түсінбей қалуы, осының барлығы жиналып қала береді.Электронды оқулықтар мұндай қарама-қайшылықтарды жоққа шығарады, олар оқушыға оқу материалына жугінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. Бұл дұрыс емес пе?!
Әр ата-ана өз баласына сапалы білім беруді қалайды. Сабақтан сабаққа, сыныптан сыныпқа бұған көмекке келетін мектеп. Ал біздің электронды оқулықтар, өзінше бір репетитор ретінде мұғалімге оның дербес өздік жұмысын сапалы ұйымдастыруға көмектеседі. Бірақ бір маңыздылығы, мұғалім бұл электронды оқулықпен өзі таныс болуы тиіс, ол бұл оқулық арқылы балалардың алға жылжуын көре отырып және қазір көптеген мектептерде интерактивті тақталар мен мультимедиалық кабинеттер бар болғандықтан, өз сабағының қойылымына электронды оқулықтың көріністерін қосуы керек.
Электронды білім беру ресурсының ақпараттық қоры өте көп. Ұстаз өзіне керегін таңдап алып отырады. Сол себепті де қазіргі кезде электрон-ды оқулықтарды тәжірибе жүзінде іске қосып, интерактивті тақтаны қалай пайдалануды, мультимедиалы лингофонды кабинеттерде және компьютер-де жұмыс істеуді әрбір мұғалім меңгеріп, оқушыларға жаңа технологиялар-ды пайдалана отырып сабақ беруде бірінші кезекте мұғалімдердің өздері сауатты болуы шарт.
«Сабақтағы интерактивті құрал» атты педагогикалық идеялар Интернет-фестивалі интерактивті жабдықтарды қолдану аясында педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және жариялау мақсатында Павлодар облысы білім басқармасы мен Облыстық ақпараттық технологиялар орталығымен ұйымдастырылған конкурста, дүниетану пәнінен 2-сыныпқа «Жапырақ,.Күзде жапырақтар неге сарғаяды?» тақырыбындағы ашық сабағым citpvl.kz сайтына шықты; аудандық тамыз маслихатында бастауыш сынып секциясында “Бастауыш мектепте электронды оқыту-білім беру мазмұнын жетілдірудің жағдайы” атты тақырыпта ой бөлісіп, мектепішілік және аудандық семинарларда ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, ашық сабақтар беріліп, сыныптан тыс іс- шаралар көрсетіліп, іс-тәжірибеммен бөлістім.
Пайдаланылған әдебиеттер
НұрғалиеваГ.К.Электронды оқулықтар-мұғалім мен оқушының қызметін ізгілендіру құралы.-Компьютер әлемі.Республикалық журнал,№2,2002ж.
Информатика и образование: Научно-методический журнал. М.: Изд-во “Образование и Информатика”.
Б.Бурибаев.,Б.Накысбеков.,Г.Мадьятова,А.Мухамади ЕТ және информатика негіздері. Алматы «Мектеп» 2009ж.
К.Б.Есекеева.,Г.К.Нургалиева Компьютерлік сауаттылыққа үйрету. Алматы АО.НЦИ,2007ж.
Достарыңызбен бөлісу: |