Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары



бет1/5
Дата20.12.2021
өлшемі436,86 Kb.
#104011
түріСабақ
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Практика Асылжан

Кеңестік тоталитарлық Қазақстанның қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары.

Қабылдаған:Өткелбаев.Қ

Орындаған:Жұмахан.А

Тобы: ПМНО 20-1

Жоспар

1.1.Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында.

1.2. Қазақстандағы күштеп ұжымдастыру саясаты –қазақ халқының қайғысы.

1.3. Қазақстанды индустрияландырудың ерекшеліктері мен зардаптары.

1.4. 1937-1938жж. саяси қуғын-сүргін.

Қазақстан жаңа экономикалық саясат жылдарында.

  • Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет