Кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша–кемінде 70 балл



Дата27.07.2020
өлшемі24.99 Kb.

ТҮСУ ШАРТТАРЫ
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар, ақылы оқуға ниет білдіргендер ҰБТ нәтижесі бойынша – кемінде 65 балл, «Педагогикалық ғылымдар» білім беру салалары бойынша–кемінде 70 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 5 балл алуы қажет.

Қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білімі бар кадрларды даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша оқуға түсуші техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар адамдарҰБТ нәтижесі бойынша кемінде 25 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пәннен – кемінде 5 балл және арнаулы емтихан бойынша кемінде 5 балл алуы қажет.

«Орта буын маманы» немесе «қолданбалы бакалавр» біліктілігін алған, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білімі бар адамдар ЖОО-ға қысқартылған оқыту мерзімдерін көздейтін жоғары білім кадрларын даярлаудың ұқсас бағыттары бойынша ақылы негізде оқуға түсушілерді қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
ТҮСУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
- Берілген үлгідегіөтініш;

- Жеке куәлік көшірмесі - 2 дана;

- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

- 063 профилактикалық егу картасы (көшірме);

- медициналық анықтама 086-У форма (флюорография суретімен)

- 3х4 көлемдегі 6 дана фотосурет;

- ҰБТ нәтижесі;

- Әскери тіркеу туралы куәлік(ер балалар үшін)

- шет тілінде жазылған құжаттар қазақ немесе орыс тілдеріне аударылуға, нотариуспен куәландырылуға тиіс

- шетел азаматтарының құжаттары Ұлттық аккредитациялық орталықта (нострификациядан өтуі тиіс).



ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАН


  • 20 маусым мен 7 шілде аралығы аралығында шығармашылық емтиханға өтініш қабылданады.

  • 8 - 13 шілде аралығында шығармашылық емтихан тапсырылады.

Шығармашылық дайындықты талап ететін білім беру бағдарламалары топтарына түсуші тұлғалар Қазақстан тарихы және оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша ҰБТ тапсырады.

Балдарды есептеу:

Шығармашылық емтиханның максималды балы - 40 балл. Екі шығармашылық емтихан. Шығармашылық емтиханға түсуші талапкерлер үшін ҰБТ нәтижесі бойынша екі пәнінің балы есепке алынады: оқу сауаттылығы (қазақ немесе орыс тілінің), Қазақстан тарихы және екі шығармашылық емтихан.



Есептеу:

Оқу сауаттылығы (20) + Қазақстан тарихы (20) + бірінші шығармашылық емтихан (40) + екінші шығармашылық емтихан (40) = 120 (максимум балл).



Ескерту:

5 балдан төмен жинаған немесе шығармашылық емтиханға келмеген, кешенді тестке қатыспаған талапкерлер оқуға құжат тапсыра алмайды.



Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет