Кенбай орта мектебі
«Талантты және дарынды баланы қалай анықтаймыз ?»
Коучинг жоспары
Өткізген: Ф. Жумабаева
2015-2016 оқу жылы
«Талантты және дарынды баланы қалай анықтаймыз ?» -коучинг
Мақсаты:
|
Талантты және дарынды оқушыларды анықтау жөнінде түсінік бере отырып, талантты және дарынды оқушыларды анықтай алуға бағыт –бағдар беру
|
Міндеті:
|
Оқушылардың икемділігін анықтау жолдары, әдістерімен танысады, идеялармен алмасады
|
Күтілетін нәтиже:
|
Мұғалімдер оқушылардың қажеттілігін түсіне отырып, дарынды және талантты оқушыны анықтай алады, бейімділіктерін, икемділігін бақылауға дағдыланады.
|
Коучинг жоспары
Коуч іс-әрекеті
|
Мұғалімдер іс-әрекеті
|
Уақыты
|
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін, күтілетін нәтижені таныстыру
|
Мұғалімдер сабақ мақсатымен танысады
|
2 мин
|
Топқа бөлу, кіріс сауалнама орындау
|
Топқа бөлініп, сауалнама орындайды
|
5 мин
|
Пікірталас
1 – Бұлақ көрсең көзін аш
|
Өз ойларын айтып, идеялармен алмасады
|
10 мин
|
Бейнеролик
1 - Дарынды бала
2- Талантты суретші
|
Бейнеролик тамашалайды
|
5 мин
|
Талантты және дарынды оқушылар жөнінде түсінік береді
|
Қосымша ақпарат алады
|
8 мин
|
Жоба дайындау
Мұғалім оқушының талантты немесе дарынды екендігін қалай анықтау керек?
|
Мұғалімдер талантты және дарынды оқушыларды қалай анықтауға болатындығы жөнінде постер қорғайды
|
7 мин
|
Шығыс сауалнама орындау
|
Сауалнама орындайды
|
4 мин
|
Кері байланыс
|
Өз пікіріңді қалдыр!
|
3 мин
|
Кіріс сауалнамасы
Аты –жөніңіз: _____________
Сабақ беретін пәніңіз:______________
Сізге өзіңіздің жұмыс жасап жүрген ортаңыз, педагогикалық қызметіңіз қанағаттанарлық деп ойлайсыз ба?
|
|
Қазіргі заман талабаны сай оқытудың жаңа әдіс –тәсілдерін сабағаңызға жиі қолданасыз ба?
|
|
Жеті модульдің қай түрін білесіз?
|
|
Коучинг сабақтарында қандай тақырыптар, технологиялар қамтылғанын қалайсыз?
|
|
Дарынды және талантты оқушы анықтап көрдіңіз бе?
|
|
Оқу үрдісінде кездескен кедергілерден шығу жолыңыз қандай?
|
|
Кіріс сауалнамасы
Аты –жөніңіз: _____________
Сабақ беретін пәніңіз:______________
Сізге өзіңіздің жұмыс жасап жүрген ортаңыз, педагогикалық қызметіңіз қанағаттанарлық деп ойлайсыз ба?
|
|
Қазіргі заман талабаны сай оқытудың жаңа әдіс –тәсілдерін сабағаңызға жиі қолданасыз ба?
|
|
Жеті модульдің қай түрін білесіз?
|
|
Коучинг сабақтарында қандай тақырыптар, технологиялар қамтылғанын қалайсыз?
|
|
Дарынды және талантты оқушы анықтап көрдіңіз бе?
|
|
Оқу үрдісінде кездескен кедергілерден шығу жолыңыз қандай?
|
|
Шығыс сауаланамасы:
Аты –жөніңіз: _____________
Сабақ беретін пәніңіз:______________
Сұрақ
|
Ия
|
Жоқ
|
Түсініктеме:
|
Бүгінгі өткізілген коучинг мақсат, міндеттері түсінікті болды ма?
|
|
|
|
Қойылған мақсат сіздің тәжірибеңізге көмегі бар екендігін растайсыз ба?
|
|
|
|
Дарынды және талантты баланы анықтап, икемділіктерін анықтауды жолға қоясыз ба?
|
|
|
|
Бүгінгі айтылған теориядан, пікірталастан қорытынды ой түйіндеуге мүмкіншілік туды ма?
|
|
|
|
Коучинг сабағы сізге оқыту мен оқуды жаңа әдіс-тәсілдерді қолдануыңызға мүмкіндік бере алды ма?
|
|
|
|
Коучинг сабақ сіздің қызығушылыңызды оята алды ма?
|
|
|
|
ҰСЫНЫС: (Сіздің пікіріңіз біз үшін құнды!)
|
Заманауи түсінік
Дарынды және талантты оқушылар біртекті топ емес, олардың әрқайсысы ерекше қасиетке ие екенін есте ұстау керек. Дегенмен топ жағдайында дарынды және талантты оқушылар санатын қарастыру кезінде олардың бірқатар ортақ сипаттамаларын көруге болады. Кейбір оқушылар бірқатар салада осындай қасиеттерінің бар екендігін көрсете біледі, ал дәл осы кезде басқалары – тек бір ғана салада көрсете алады. Дарынды оқушылардың көпшілігінде осындай мінез анағұрлым көрініп тұрады әрі қарқынды болуы мүмкін. Дарынды және талантты оқушыларды әрқашанда мінез-құлқы бойынша бірден табу мүмкін емес, өйткені кейде олардың айрықша қабілеттері айқын болмайды. Кейбір оқушылардың дарындылығы белгілі бір себептермен көрінбеуі де мүмкін, болмаса оларда әлі өз қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік болмағаншығар. Ал қалғандары әртүрлі себептермен үлгере алмайтындардың санатына жатуы немесе өз дарындылығын әдейі жасырып жүруі де мүмкін. Енді кейбір дарынды және талантты оқушылар оқуда қиындық көруі мүмкін, бұл олардың шынайы қабілеттерінің көрінуіне кедергі болады.Дарынды және талантты оқушылар кең өрісті қабілетке ие: олардың кейбірі, мәселен,
ғылым мен техника саласындағы ерекше қабілетін көрсете алуы мүмкін, ал кейбіреулері өнерде немесе поэзияда, қоғамдық көшбасшылықта көрінер. Қазіргі уақытта дарынды және талантты оқушыларды олардың тек жоғары зиятының болуымен ғана анықтамайды. Дарындылық пен таланттың тұжырымдамасына қатысты қағидаттар жүйесіне кең ауқымды жалпы зияткерлік, академиялық қабілеттерді, шығармашылық, көшбасшылық қабілеттерді, жеке мүмкіншіліктері мен өнердегі визуалдық және орындаушылық қабілеттерді жатқызуға болады. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салаларда қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi не мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін. Макэлпайн мен Рид (1996) дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін жасап ұсынды. Шындығында, бірде бір дарынды оқушы келтірілген сипаттамалардың барлығына ие бола бермейді: олар барлығына да ие болуы мүмкін немесе бір санаттағы барлық сипаттамаларға сәйкес болып, бірақ басқасында аздап «ақсауы» мүмкін.
Дарынды және талантты оқушылардың қалай оқитынының сипаттамасы:
• Логикалық және сараптамалық ойлау жүйесі дамыған.
• Заңдылық пен өзара байланысты тез орнатады.
• Ақпараттарды шұғыл өңдейді.
• Проблемаларды нақты және дұрыс шешуге ұмтылады.
• Түйінді қағидаттарды жеңіл игереді.
• Зияткерлік тапсырмаларды ұнатады.
• Оқудың жекелеген кезеңдерін аттап өтеді.
• Проблемаларды қайта қарауға ұмтылады, идеялар ұсынып, болжамдар жасайды.
• Проблемаларды анықтайды және шешеді.
• Барлығына талдау жасайды.
• Идея ұсынып, дәлелдермен айғақтайды.
• Кең ауқымды білімді пайдалана алады.
• Пікір айтуда тәуелсіз және «неге», «қалай» деген сұрақтар қойып, жаңалықтар ашуға
ұмтылады.
Креативті ойлаудың сипаттамасы:
• Ерекше идеяларды табады.
• Зияткерлік пайымдауы мен қиялы дамыған.
• Ерекше мәтіндер құрайды, жаңалық ойлап шығарады.
• Әзілшіл.
• Ерекше түсінік қалыптастырады.
• Эстетикалық қасиеттерді түсінетінін көрсете біледі.
• Болашақты ойлағанды жақсы көреді.
• Басқа біреуден ерекше болуға қорықпайды.
• Көптеген идеяларды ойлап шығарады.
• Жаңа идеяларға сынақ жүргізуге және қателесуге тәуекел етуге дайын.
• Ерекше нәрселерді іздейді.
Ынталандыру сипаттамасы:
• Жеке жетістіктердің жоғары стандарттарына ұмтылады.
• Дербес.
• Мақсатқа ұмтылады және жеке мақсаттарын белгілейді.
• Міндеттерді шешуде дәйекті.
• Табанды және жұмыспен бар ынтасымен шұғылданады.
• Өзін өзі сынауға және бағалауға бейім.
• Сенімді.
• Өз бетінше жұмыс істегенді жақсы көреді.
Қоғамдық көшбасшылық сипаттамасы:
• Қоғамдық жағдайларда бастаманы өзіне алады.
• Құрбы-құрдастары құрметтейді.
• Басқалармен жылдам тіл табысады.
• Қоғамдық жағдайларда көшбасшылық орната алады.
• Мақсатқа жету үшін топты жігерлендіру қабілетін көрсетеді.
• Топты идеялар мен әдістерді қабылдауға иландырады.
• Өзіне сенімді.
• Жаңа жағдайларға тез төселеді.
• Спорттық іс-шараларда белсенді көшбасшылықты іздейді.
• Әлеуметтік тұрғыдан қалыптасқан.
• Өзіне жауапкершілік алуға дайын.
• Іс-қимыл жоспарын әзірлеу үшін топ мүшелерінің идеясын қорытады.
Табандылық сипаттамасы:
• Өктем пікірлерге кекесінмен қарайды.
• Өткінші шешімдерге күмән келтіреді.
• Мұғалімдер мен ересектерді түсініктеме беруге жетелейді.
• «Ересектер» проблемаларына қызығушылық танытады.
• Игерілген дағдыларды қолдана бергенді жақтырмайды.
• Күнделікті жаттанды тапсырмалардан тез шаршайды.
• Өзінің идеяларын, не қалайтынын және пікірін ашық білдіреді.
• Жоғары сынып оқушыларымен, ересектермен тіл табысады; олардың ортасында жиі
болуға тырысады.
• Тиянақты, нақты сұрақтар қояды.
Бұл бөлімде «дарынды» және «талантты» деген ұғымдар «дарынды және талантты» деп
біріктірілді. Дегенмен кейбір зерттеушілер олардың әртүрлі екендігін алға тартып, оларды саралау қажет деп санайды. Санаттарды саралаған жағдайда дарындылық, бұл зияттың немесе қабілеттің жоғары деңгейімен, ал талант – музыка, өнер, түрлі қолөнер, би немесе спорт және т.б. салалардағы жоғары деңгеймен байланыстырылады. Кейбір зерттеушілер бұл екі ұғымды жеке қараудың маңыздылығын екі санатпен байланыстырады: дарындылық қанша дегенмен, олардың пікірінше, қабілеттілікке (зияткерлікке, шығармашылыққа, әлеуметтік, аффекттік және т.б.) жатады, ал талант түрлі саладағы айтулы жетістіктер (ғылыми, техникалық, көркем, жеке тұлғалық, спорттық және т.с.с.) болып саналады. Талантты кейде кемеліне жету және ұлы жетістіктермен байланыстырады, бірақ кейде ол көптеген құзыретті субъектілердің аздаған санына ғана тиесілі болып қалады.
Мұғалiм оқушының талантты немесе дарынды екенін қалай анықтайды?
Бұл ұғымның мазмұндық жағы әртүрлі болуы мүмкін. Балалар бiр ғана пәннен емес бірнеше академиялық пәндерден олардан күткеннен жоғары деңгей көрсетуі мүмкін: мәселен, әртістік, спорттық, музыкалық және басқа таланттарымен танылуы ықтимал. Сонымен қатар олар бiр салада дарынды болса, басқа салада қиындыққа тап болуы мүмкін; олар дамудың бiр кезеңінде өте қабiлеттi болса, келесі кезеңдерде қабiлеттерiн танытпауы мүмкін. Бұл дарындылық пен қабiлеттiлiктерді мұғалiмдер, ата-аналар, топтың басқа мүшелерi немесе балалардың өздері айқындай алады. Балалардың қабiлеттiлiктерiн, біліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшiн оларға жағдай туғызу қажет және де бұл олардың ерте жасында олар үшін өте қиынға соғуы мүмкін.
Британдық оқыту және оқу академиясы талантты және дарынды балаларды дамыту тәжірибесінен алынған жағымды мысалдарды көрсететін көптеген кейс-стади әзірледі. Олар балалардың осы санатымен жұмыстың тиімді әдістерін мойындау жөніндегі дебаттардың маңызды аспектілерін көрсететін мысал ретінде осы тарауды пайдаланатын болады.
Британдық оқыту және оқу академиясының «Талантты және дарынды балаларды анықтау» жөніндегі кейс-стадиі сыныптардың әрқайсысында талантты және дарынды балаларды анықтау жөніндегі әртүрлі әдістерді қолданып, олардың 1-тобының балаларымен (4–7 жас шамасында) жүргізілген үш жобаны суреттейдi:
1) бірінші зерттеуде мұғалімдер есту қабілеті нашар және ағылшын тілі ана тілі емес балалар үшін кеңейтілген, тапсырмалары танымдық сипаттағы мектепішілік бағдарлама жасады. Шектеулі вербалды қарым-қатынасты қолдана отырып, осы тапсырмалар қабілеттің жоғарғы деңгейін көрсетті. Бір тапсырмада қарапайым вербалды қарым-қатынас пен дене қимылын қолдана отырып, олар судың ағысын көрсетті, ал екіншісінде өздеріне және аюға жеткілікті кең үйді жасау үшін суретті нұсқауларды пайдаланды; ал үшінші тапсырмада олар әнді тыңдаған соң жауабын жазу үшін әртістік қасиеттерін пайдаланды. Соңында олар жылдам сөйлей алмаса да, жоғары деңгейдегі сенімділіктерін, зейінмен тыңдай алатынын және тұрақты қызығушылықтары ұзаққа созылатынын көрсеткен дарынды және талантты балалар екендігі анықталды.
2) екінші жобада балалардың қуанышын және сыныптың сауалнамасына қатысуға дайын екендігін бағалау үшін «бірегей» және «үлгерімі нашар» дарынды және талантты оқушылардың тұрмыстық ахуалын бағалайтын тест пайдаланылды. Алған деректер бойынша бір үлгермей қалған талантты оқушының табыстылығы мен қызығушылығының төмен болғандығын, бірақ сонымен қатар оның нақты іс-әрекеттердің түрлеріне қабілетті және оң көзқараспен қарайтындығын көрсетті. Мұғалімдер осы ақпаратты оның білімділік мүмкіндігін өзгерту үшін пайдаланды және бұл оның сыныптағы пәндерге қызығушылығын, өз ортасына құштарлығын жоғарылатып және сонымен қатар идеяларының дербестігін арттырды.
3) үшінші жобада мұғалімдер дарынды және талантты балаларды айқындауға ата-аналарды тарту мүмкіндіктерін анықтау міндетін қойды. Олар қандай әдістердің көмегімен балалардың ерекше таланты мен жеке қызығушылықтарын анықтағанын түсіндірді. Олар ата-аналармен ақыл-ой қабілеттері туралы әңгімелесіп, ата-аналардың қарапайым сауалнама толтыруларын өтінді. Ата-аналар мен мұғалімнің кездесуінде бұл сауалнама олардың балаларының мінез-құлқынан келтірілген мысалдарды, үйде және мектепте ойналатын ойындарды талдауға негіз болды, бұл ересектерге бала өзін «ақылды» етіп көрсеткен жағдайларды анықтауға, сондай-ақ дамудың келесі кезеңіне өтуге шешім қабылдауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |