Кенелер тақырыбына тест сұРАҚтары ( 7-сыныпқа арналған.)



Дата07.02.2022
өлшемі16,17 Kb.
#93766
Байланысты:
Кенелер




КЕНЕЛЕР ТАҚЫРЫБЫНА ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ ( 7-сыныпқа арналған.)
1. Кенелер жататын класты атаңдар.
A. бунақденелілер B. өрмекшітəріздестер C. шаянтəріздестер D . басаяқтылар

2. Кенелердің дене бөлігі неден тұрады? A.бас, көкірек, құрсақ B. баскөкірек, құрсақ C. бас, аяқ D. тұтасып кеткен дене


3. Кенелердің дернəсілінде қанша аяқ болады?


A. 4 аяқ B. 6 аяқ C. 8 аяқ D. 10 аяқ

4. Ересек кенелерде аяқ саны қанша?


A. 6 аяқ B. 8 аяқ C. 10 аяқ D. 12 аяқ

5. Кенелердің аузы қалай қоректенеді?


A. шаншып-соруға B. кеміріп-жалаушы C. түтік тəрізді ауызбен сорушы D. пісіп-сорушы

6. кенелер қандай жəндіктер?


A. қосжынысты B. гермафродит
C. дара жынысты D. барлық жауаптары дұрыс

7.Қуыршақ сатысынан өтпей, шала түрленіп дамитын буынаяқтылардың дернəсілі


A. трохофора B. зигота C. имаго D. нимфа

8.Адам терісінде, жабайы жануарларда, ауылшаруашылық малдарында паразиттік тіршілік ететін кенелердің түрі.


A. тайгалық кене B. жайылым кенесі C.мамықкене D. қышыма кене

9. Дернəсіл мен нимфа бір жануарда, ересек кене басқа жануарда паразиттік тіршілік ететін кенелер


A. бір иелі B. екі иелі C. үш иелі D. төрт иелі

10. Ит кенесі неше иелі кенелер тобына жатады?


A. бір иелі B. екі иелі C. үш иелі D. төрт иелі

11. Адамға ең қауіпті ауру – энцефалит ауруын жұқтырады.


A. нəзікбас кенелер B. берішкенелер C. өрмеккене D . тайгалық кене

12. Тасымалданатын аурулардың табиғи қордасы туралы теорияны жасаған.


A. Франция табиғат зерттеушісі Р.Реомюр
B. Орыс зоологы А.П.Федченко
C. Орыс ғалымы К.Н.Виноградов
D. орыс ғалымы Е.Н.Павловский

13. Астық пен ұнды жеп, оны шірік иісті сұр затқа айналдырады


A. алма кенесі B. берішкене C. қамба кене D. мамық кене

14. Құстардың денесінде мекендеп, əкаяқ ауруын туғызады


A. қышыма кене B.жайылым кенелер C. мамықкене D. тайгалық кене
1
5. «Қансигек» ауруының ғылыми атауы
A. кокцидоз B. пироплазмоз C. аскаридоз D.шорланған ісік

16. Құрт пішінді, мөлшері 0,1-0,2 мм-ден аспайтын ұсақ кенелердің бұл түрі өсімдіктердің шырынын сорады.


A. берішкенелер B. нəзікбас кенелер C. қамба кенелер D. өрмеккенелер

17. Пироплазмоз ауруын тасымалдаушы


A. қамба кенелер B. берішкенелер C. жайылым кенелер D. нəзікбас кенелер 1

8. Алма кенесі жаз бойы неше рет ұрпақ береді?


A. 3-4 рет B. 5-7 рет C. 7-9 рет D. 1-2 рет

19. Мəдени өсімдіктердің зиянкестері


A. өрмеккене B. мамықкене C. тайгалық кене D. берішкенелер

20. Нимфа қандай ағза? A. дара жынысты B. қосжынысты C. гермафродит


D. жыныс жүйесі жоқ

21. Берішкенелерде аяқ саны нешеу?


A. 2 B. 4 C. 6 D. 8

22. Кенелер немен тыныс алады?


A. терісі немесе демтүтік арқылы B. өкпе немесе желбезек C. бүкіл денесі арқылы
D. тыныс алмайды

23. Қатты затпен қоректенетін кенелердің ауыз құрылысы қандай?


A. шаншып –соруға бейімделген B. кеміруге бейімделген C. пісіп-соруға бейімделген D. түтік тəрізді ауызбен сорушы

24. Дернəсіл ересек кене болғанға дейін бір жануарды иемденсе


A. бір иелі B. екі иелі C. үш иелі D. төрт иелі

25. Дернəсіл кезінде бір жануарда, нимфаға айналған соң екінші жануарға, ерсек кенеге айналған соң басқа жануарда паразиттік тіршілік ететін кенелер


A. бір иелі
B. екі иелі
C. үш иелі
D. төрт иелі

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25


B A B B A C D B B C D D C C B A D C A D B A В A C
21-25 «5» 14-20 «4» 6-13 «3» 5-«2»

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет