Кәсіпорындағы өндірістік тәжірибе туралы есеп



Дата21.02.2023
өлшемі26,96 Mb.
#169656
Байланысты:
Амангелдіқызы Қымбат практика отчет
Кымбат 18мкк1 1лабка

Кәсіпорындағы өндірістік тәжірибе туралы есеп

Орындаған: Амангелдіқызы Қымбат

Группа: 18-МКК-1

Тәжірибе жетекшісі: Оспанова Назгуль Муратовна

Практиканың мақсаты:

  • Алғашқы дағдылар мен кәсіби дағдыларды игеру, теориялық оқыту процесінде алған білімімді шоғырландыру және тереңдету, сонымен қатар ұжымда практикалық тәжірибе алу.

кәсіпорынға сипаттама:

  • Үлбі металлургия зауыты ААҚ.
  • “ҮМЗ” ААҚ - өнімді өндіру және өнімді шығарудан 50 жылдық іс-тәжірибесі бар әлемдік деңгейдегі ірі кәсіпорын.
  • Үлбі металлургиялық зауытының ресми туған күні 1949 жылдың 29 қарашасы. Бұл күні кәсіпорын қоймасына алғашқы өнім келіп түсті.
  • Зауыттың дамуының басты сипаты - өндірісті үздіксіз жетілдіру.
  • Атом энергетикасы, электронды және металлургиялық өнеркәсіп және басқа да қызмет облыстарының қажеттіліктеріне арналған уран, бериллий, тантал мен ниобий өнімдерін өндіруші.
  • Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясының құрамына кіреді.

Кәсіпорынның бүгінгі құрамында:

ТМД көлеміндегі атом энергетикасына арналған ядролық керамикалық жылу өндіретін ірі өндіріс, бүкіл ғаламдық ғылым мен технологияның алдыңғы қатардағы жетістіктерін пайдаланады.

Евразия континентінде құрамында бериллий қосындысы бар барлық өнімдерді шығаратын бірегей өндіріс орны, (қарапайым құймалардан бастап дайын бұйымдарға дейін шығарады) “ҮМЗ” ААҚ бериллийді 1951 жылдан бастап өндіреді.

Бүгінгі “ҮМЗ” ААҚ маркалы бериллий өнімі бүкіләлемдік үздіктердің қатарынан орын алады.

ТМД көлеміндегі тантал өндіретін бірегей өндіріс химиялық – металлургиялық, пеш және қаттау тәрізді қуатты құралдармен жабдықталған.

1950 жылы құрылған. Танталдың барлық түрін және құрамында ниобий қосындылары бар өнімдердің барлық түрлерін (фтортантал калийден бастап дайын құймалар, металл шыбықтар мен сымдар тәрізді өнімдерді) шығарады. Плавика қышқылын шығаратын өндіріс орны.

Өндірістің қуаттылығы Қазақстан, Ресей, Украина, Белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстанды бірге алғанда бәрінің де қажеттілігін өтеуге жарайды. Жоғарыөткізгіш материалдар өндіретін өндіріс орны 1969 жылы құрылды. Мамандардың күшімен жоғары электрлік, техникалық,және іске асатын жаңа өткізгіш сымдар, кабелдік желілер мен шиналардың түрлері пайда болды. Машина жасау комплексі, қазіргі жаңа металл өңдеу жабдықтарымен стандартты құрал-жабдықтар мен жоғары техникалық талаптарға сәйкес бұйымдарды әзірлеуде бай іс-тәжірибе жинақтады.

Тармақты инфраструктура және қуатты ғылыми күш:

  • Құрал-жабдықты - механикалық цех, энергожөндеу, электрожөндеу, транспорт цехы, көпсалалы қызмет көрсету цехы (типографиясымен), технологиялық процесстерді автоматтандырудың орталық лабораториясы, өлшеу техникасының орталық лабораториясы, жобалау-құрастыру институты, орталық ғылыми-зерттеу және талдау лабораториясы, қоршаған ортаны қорғау лабораториясы.

Ішкі аудит қызметі

  • Ішкі аудит – КТХН (Кәсіби тәжірибенің халықаралық негіздері) сәйкес бұл «ұйымның жұмысын жетілдіруге бағытталған тәуелсіз және әділ кепілдемелер мен кеңес беретін қызмет. Ішкі аудит ұйымға тәуекелдерді басқару, бақылау және корпоративтік басқару процесін бағалау мен тиімділігін арттырудың жүйелі әрі ретті әдістерін қолданып, қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көмектеседі.».

Менеджмент жүйесі

  • Тұтынушыға Тұтынушының талаптарына және қолданылатын құқықтық талаптарға сәйкес келетін өнімді ұдайы жеткізу және қызметтерді ұсынуды қамтамасыз ету;
  • МЖ нәтижелі қолдану, оны ұдайы жақсартып отыру және Тұтынушының талаптары және қолданылатын құқықтық талаптарға сәйкес келуін қамтамасыз ету арқылы Тұтынушының қанағаттанушылығын арттыру;
  • қызметтің экологиялық көрсеткіштерін жақсарту;
  • өндірістік жарақаттанулардың алдын алу, денсаулыққа зиян келтірудің алдын алу және еңбекті қорғау саласындағы қызметтің көрсеткіштерін арттыру үшін жұмыс істейді

Кәсіпорынның шығаратын өнімдері:

  • Уран қосылған өнім
  • Берилий қосылған өнім
  • Тантал қосылған өнім
  • Ниобий қосылған өнім
  • Құрамында фтор бар қосындылар шығару

Үлбі-жоба конструкторлық институты

Қорытынды

  • Тәжірибе барысында мен кәсіпорынның құрылымымен таныстым, кәсіпорын мамандарының лауазымдық міндеттері туралы түсінік алдым, менің жұмысыма талдау жасадым, қорытынды жасадым.
  • Бұл тұжырымдарды мен осы тәжірибе туралы есепте ұсындым.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет