КМ08 39-40сабақ 28.04.2020. Кескіштерді қайрау. Қайралған бұрыштың шамасын бұрышөлшегішпен тексеру Стандарт кескіштердің барлықкесу беттерің қайрайды. Егер кескіш аз ғана желінген болса, оның тек артқы бетің қалпына келтіріп қайрайды да қояды. Фасонды кескіштердің тек алдыңғы бетін қайрайды. Кескіштің артқы бетін 3 қадаммен қайрайды
Бірінші кескіштің артқы бетін кескішұстағыштың артқы бұрышымен бірдей қылып қайрап алады. Ол Кесудің артқы бұрышына қарағанда жобамен 5градусқа артықтау болады
Екінші өадамда кесу тілімшесінің артқы бұрышын қайрайды. Ол кесудің артқы бұрышынынан 2 градусқа артықтау болады
Енді қажет бұрышты бабына жеткізеді.
Кескіштің алдыңғы бетін де бірнеше қадаммен қайрайды. Бірінші кескіштің алдыңғы бетін кескішұстағыштың алдыңғы бұрышымен бірдей қылып қайрап алады. Сосын қажет бұрышты бабына жеткізеді және кескіштің ұшынының радиусын шығарады.
Кескіштің бұрыштарын өлшеу Кескіш денесінің көлденең қимасының В х Н өлшемдері мен ұзындығы сызғыштың немесе штангенциркульдің көмегімен өлшенеді 2.6 сурет.
2.6 сурет – Кескіштің өлшемдері
Кескіштің пландағы бұрыштары әмбебап бұрыш өлшегішінің көмегімен өлшенеді 2.7 сурет. Бұрыш өлшегіштің жылжымайтын в сызғышын кескіш денесінің бүйір бетіне, ал жылжымалы а сызғышын кескіштің бас кесу жиегіне беттестіріп, шкала бойынша бұрышының шамасын анықтаймыз.
Кескіштің пландағы көмекші бұрышының 1 шамасы да осылай өлшенеді. Ал кескіштің төбесіндегі бұрышының шамасын келесі өрнек арқылы анықтаймыз:
1
Кескіштің алдыңғы, бас артқы және бас кесу жиегінің көлбеу бұрыштары столға қойылатын бұрыш өлшегіштің көмегімен өлшенеді.
Бас артқы бұрышты өлшегенде кескіштің бас артқы беті бұрыш өлшегіштің а сызғышымен беттестіріледі 2.8 сурет.
Ал с шкаласы бойынша -бұрышының шамасын анықтауға болады. Кескішті бұрыш өлшегішке бас қима жазықтық ізі бойынша бас кесу жиегінің негізгі жазықтыққа проекциясына перпендикуляр қою керек.
2.7 сурет – Әмбебап бұрыш өлшегіштің көмегімен кескіштің пландағы бас бұрышын өлшеу
2.8 сурет – Кескіштің бас артқы бұрышын өлшеу тәсілі
Кескіштің алдыңғы бұрышын өлшегенде бұрыш өлшегіштің в сызғышын алдыңғы бетпен беттестіріп, С шкаласы бойынша алдыңғы бұрыштың шамасын анықтауға болады 2.9 сурет.
2.9 сурет – Кескіштің алдыңғы бұрышын өлшеу тәсілі
Кескіштің көмекші бұрыштары да осылай өлшенеді. Бұл кезде кескішті бұрыш өлшегішке көмекші қима жазықтық ізі бойынша қою керек.
Бас кесу жиегінің көлбеу бұрышын өлшегенде бұрыш өлшегіштің в сызғышы бас кесу жиегімен беттестіріліп, С шкаласы бойынша шамасы анықталады 2.10 сурет.
Кескіштің кесу және үшкірлеу бұрыштарының шамаларын келесі формулалардан табуға болады:
және
2.10 сурет – Кескіштің бас кесу жиегінің көлбеу бұрышын өлшеу тәсілі
Бақылау сұрақтары: Кескіштің артқы бетін қандай 3 қадаммен қайрайды?
Кескіштің алдыңғы бетін қалай қайрайды?
Кескіштің пландағы бұрыштары немен өлшенеді?
Кескіштің алдыңғы, бас артқы және бас кесу жиегінің көлбеу бұрыштары немен өлшенеді?