Киімді конструкциялау негіздері



Дата07.02.2022
өлшемі26,32 Kb.
#82699
Байланысты:
КИІМДІ КОНСТРУКЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ


КИІМДІ КОНСТРУКЦИЯЛАУ НЕГІЗДЕРІ
І. Киімді констукциялау жөнінде жалпы мәліметтер
Конструкциялау нәтижесінде киімнің сыртқы пішіні мен құрылымы анықталатын процесс. Киім конструкциясын қалыптастыруда дененің барлық мүшелері бірдей мәнге ие бола бермейді. Киім үлгісін жасарда үлгіші суреткер әдетте оның адам денесіне қонымды болуын, киімнің киілетін орны мен тігін өндірісінің ерекшеліктерін ескереді. Киімнің негізгі үлгісі дайындалғаннан кейін, оның бөлшектерінің үлгілері қағаздан жасалады. Оның екі әдісі бар:
1. Техникалық конструкциялау (мұнда дене өлшемдерін қағаз бетіне түсіріп, үлгі сызылады).
2. Матаны манекенге өлшеп алып, ол өлшемдерді жазық бетке аудару. Бұл әдістер киімнің сыртқы пішімі мен үлгісіне байланысты пайдаланып алынады.
Әйелдердің дене пішімі үш жетекші (ең басты) өлшем белгілермен және тәуелділік қатарымен сипатталады. Жетекші өлшем белгілері әйел денесінің жалпы формасын анықтайды.
Дене қозғалысының еркін болуы үшін, киімге қажетті қосымшалар белгіленеді. Олар 3 см-ден 6 см-ге дейін ауытқиды. Қосымша неғұрлым аз болса бұйым соғұрлым ыңғайлы болады. Сонымен қатар, киімге қойылатын талаптар өте жоғары болу керек және оны киімді конструкциялау барысында ескеру қажет.
Киім сызбасын дайындаудың бірнеше әдістері бар. Оларды талқылаудың арқасында екі топқа бөлуге болады. Бірінші топтағы әдіс бойынша адам денесінің өлшемдерін алып, оған қосымшалар қосу арқылы киім дайындайды. Бұл пішу жүйесі немесе графикалық есепті әдіс деп аталады.
Екінші топтағы әдіс берілген жазықтықтың жазбасын сызба бөлшектерін құрастыру арқылы табылады.
Бүгінде пішу жүйесін пайдалана отырып жаңа киім модельдерінің сызбасын құрастыру қолданылып отыр. Бұл жүйе оншалықты дәл емес, бірақ алғашқы сызбаны құрастыруға тұрарлықтай әдіс.
Пішу жүйесі мынадай талаптарға сай орындалса денеге дәлірек келеді:
- денені өлшеуде бірнеше өлшемдерді әртүрлі жағдайда алу керек;
-дененің жеке өлшемдері мен сызба арасында негізгі өлшемдердің байланысы;
-өлшемдері мен дененің биіктігі, толықтығы бұйымның өлшеміне, ұзындығына, кеңдігіне байланысты түрлі бөліктердің сызбасын біркелкі дәрежедегі теңдікпен дайындауға мүмкіншілік ету;
-тігін материалының қасиетін ескеру (қалыңдығын, иілгіштік қасиетін, т.б.);
Киімнің түрін және қолданылуын ескеру (жаз, қыс, күз);
-есептеу формуласы мен графикалық құру әдістерін түбегейлі өзгертпестен-ақ киім формалары пішімдері мен модельдері әртүрлі киім детальдарының сызбаларын құруға мүмкіндік беру;
-материалдардың қасиеттері мен өндірістің нақтылы жағдайларын ескере отырып, форма жасау жөніндегі операциялардың орнын, сипаттамасы мен мазмұнын анықтауға мүмкіндік береді.
Адам денесінің өлшемдерін алу техникасы
Киім үлгілерінің сызбасын сызу үшін алғаш біз сызба сызуға қажетті өлшемдерді алуымыз қажет. Ол үшін өлшем алынатын адам денесін қалыпты әрі тік ұстап, қолын төмен қаратып тыныш тұруы қажет, сонымен қатар өлшем алғанда денені қыспайтын жеңіл киім болғаны дұрыс. Өлшем дұрыс алынуы үшін денедегі басты нүктелерді - бел сызығын және басқаларды белгілеп алу керек. Ол үшін кәдімгі резеңкені қолданамыз: бел үшін 80-90 см, кеуде бөлімі 100-110см; резеңкелерге бірнеше ілгек пен бірнеше ілмек жасау керек . Бірінші
резеңкені белге көлденеңінен байлайды, екіншісін иықтан асырып кигізеді (1-сурет).Резеңке орнына бау, таспа жіп қолдануға болады.
Өлшемге сантиметрлік таспаны кермей және босаңсытпай, ұштарын алдыңғы жақта түйістіреді. Иық, қол, етек ұзындықтарын, т.б. адамның оң жағында тұрып өлшейді. Иық, мықын т.б. мүшелер тең болмаған жағдайда екі жағын да өлшеп, нәтижесін жеке жазып алады.
Орамдар мен көлденең өлшемдерді толық өлшейді, бірақ оның өлшенген көлемінің жартысын жазады (иық, білек, білезік, саусақ орамы, иық иінінен басқаларын).
Ұзындық өлшемдері толық жазылады.
Өлшем бірліктерін қысқартып белгіленді.- орамдар – «о», жарты айналым-«а», ұзындық-«ұ», ені-«е», биіктігі-«б», қосымша – «Қ».
Әсіресе назар аударатын нәрсе болашақ бұйымның мойын түбіндегі иық тігісі нүктелерінің орналасуы және қолдың денеге біріккен және орналасқан иық нүктесін дұрыс табу, өйткені көптеген өлшемдер нақ осы нүктелерден басталады және аяқталады. Олардың орны тұрақты болуға тиіс, әйтпесе өлшем бірліктерінің үйлесім дәрежесі қате болып шығады.
Тұлға өлшемін бастамас бұрын өлшем бірліктері тізілген қағаз дайындап алу керек, сонда өлшем дұрыс ретпен жүргізіледі. Өлшем алудың дұрыс жолдары 1-суретте көрсетілген және 1-кестеде сипатталған (мұнда өлшем бірліктерінің шартты белгілері де берілген).
Өлшем бірліктері
1-кесте
Өлшем бірліктерінің шартты белгілері Өлшем бірліктерінің аты Өлшеу әдістері
Сш (Ма) Мойынның жарты айналымы Мойын негізі мен жетінші мойын омыртқа және алдыңғы жақтағы тамақ ойындысы арқылы алынады.
Сг (КаІ) Кеуденің бірінші жарты айналымы Таспа қолтық ойығының артқы бұрыш деңгейінде, жауырын үстінде көлденең жатады, алды омырау бездерінен жоғары орналасады.
СгII (КаII)
Кеуденің екінші жарты айналымы Таспа арқада бірінші жағдайдағыдай сақталады, алдыңғы жақта омырау бездерінің ұшы арқылы өтеді
Ст (Ба) Бел сызығының жарты айналымы Бел сызығындағы жіп бойымен көлденең алынады.
Сб (Мқа) Мықынның жарты айналымы Мықынның томпақ нүктелері деңгейімен көлденең, алдыңғы жақта қарын шығыңқылығы қоса өлшенеді. Жабысып тұратын
шалбар үшін қарын шығыңқылығын есептемесе де болады
Цг (Кнц) Омырау бездерінің орталығы Омырау безінің ұшы арқылы көлденең өлшенеді
Шг (Ке) Кеуде ені Өлшем ұзындығының жартысы жазылады. Омырау бездерінен жоғары қолтық ойығының алдыңғы нүктелерінің аралығы алынады.
Шс (Ае) Арқа ені Жауырын арқылы қолтық ойығының артқы нүктелерінің арасы. Өлшем ұзындығының жартысы жазылады
Шп (Ие) Иық ені Мойыннан иық нүктесіне дейін
Дтс (Абұ) Арқаның бел сызығына дейінгі ұзындығы Тігінен омыртқаға параллель (одан 7-8см алшақтау) жауырынның томпақ нүктесі арқылы мойын негізі тұсында жобаланған иық тігісінің жоғары нүктесіне дейін алынады.
Вг (Кб) Көкірек биіктігі Жобаланған иық тігісінен омырау бездерінің ең жоғары нүктесіне дейін өлшенеді.
Дтп (Кбұ) Кеуденің белге дейінгі ұзындығы Алдыңғы өлшеумен бір мезгілде, кеудені белге байланған резеңкеге дейін өлшейді
Впк
(Абқұ) Арқаның белге дейін қиғаш ұзындығы Бел сызығы мен омыртқаның түйісетін нүктесінен иық нүктесіне дейінгі ұзындық
Дю
(Юұ) Белшалғы ұзындығы Бел сызығынан тігінен бүйір бойымен төмен қарай қалаған ұзындыққа дейін алынады.
Дбр
(Шбұ) Шалбар ұзындығы Тігінен бел сызығынан қалаған ұзындыққа дейін өлшенеді.
Ди(Бұ) Бұйым ұзындығы Омыртқа жотасымен жетінші мойын омыртқасынан қалаған деңгейге дейін; белі қиылған бұйымдар бел бүгісін қоса есептеу керек (Бұйым ұзындығы екі өлшем: Дст+Дю қо-сындысынан құралуы мүмкін)
Впрз
(Жб) Жауырын биіктігі Мойын негізінде жобаланған иық тігісінің жоғары нүктесінен
тігінен түсіп, арт жақтағы қолтық ойығы деңгейінде өтетін көлденең сызыққа дейін
Др (Жұ) Жең ұзындығы Иық нүктесінен аздап бүгілген шынтақ арқылы білезікке дейін
Оп(Ио) Иық орамы Көлденеңінен қолтық ойындысы деңгейінде орап өлшейді.
Озап (Біл.о) Білезік орамы Саусақтың білекпен жалғасқан тұсында орап өлшейді
Окис
(Со) Саусақ орамы Саусақтың яғни қолбасының ең жуан жерінен
Вс (Об) Отыру биіктігі Отырған күйінде, бел сызығынан тігін жамбас тұсы арқылы орындыққа дейін
СгII өлшемі бойынша бұйымның мөлшерлері арасындағы айырма – 2см (42, 44, 46, 48 және т.б.) анықталады.
Бой ұзындығы арасындағы айырма- 6 см (146, 152, 158, 164, 170).
Екінші кеуде айналымы (СгII) мен мықын айналымы (Сб) өлшемдері арасындағы айырма бойынша толықтық тобы анықталады. Бірінші толықтық тобында бұл айырма 4 см-ге тең, екіншіде 8 см-ге тең, үшіншіде 12 см-ге тең.
Дүкеннен дайын бұйымды сатып алғанда, сіз міндетті түрде өз бойыңыздың және СгII мен Сб өлшемдерінің ұзындығын білуге тиіссіз.
Тұлғаның өлшем бірліктерінің көмегімен, киімді конструкциялау барысында - еркін қимылдау үшін бүкпелер, мата қалыңдығына және басқаларға арналған әртүрлі қосымшалар ескеріледі.
Біз сіздерді қонымды дәрежесі әртүрлі бұйымдар үшін қосымшалар көлемімен таныстырамыз. Алайда бұларға тігістік орын кірмейтінін есте сақтаңыздар. Олар жайлы алда айтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет