Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру



Дата27.12.2016
өлшемі23,82 Kb.
#5638
түріСабақ
Ана тілі (1- сынып)

Тақырып: Жуан және жіңішке айтылатын сөздер

Сабақтың мақсаты: Жуан және жіңішке дыбыстарды қайталау арқылы жуан және жіңішке айтылатын сөздерді анықтау.Жуан және жіңішке айтылатын сөздерді оқу, жазу, құрастыру, салыстыру.

Ойлау, сөйлеу, оқу, жазу , сөз және сөйлем құрастыру қабілеттерін дамыту.

Пәнге деген қызығушылықтарын артыру.Бір-бірімен жұмыс жасауға баулу.

Сабақтың түрі: Интерактивті сабақ

Сабақтың типі: Жаңа сабақты түсіндіру

Көрнекілік: интерактивті тақта, қималар, есеп парағы, кітап,


Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі: сәлемдесу, түгелдеу, психологиялық дайындық

(1 мин)

2 Сабақтың мақсаты: Балалар, біз бүгін дыбыстар әлеміне саяхат жасаймыз.



-Дыбыстар әлеміне барғыларын келе ме?

-Жақсы, бүгін сабақта бірнеше аялдамаға тоқтап, әртүрлі тапсырмаларды орындаймыз.

-Дыбыстар әлеміне мына машиналармен барамыз.Ол үшін дұрыстап отырайық. Біз 2 топқа бөлініп барамыз.

Аялдамалардың тапсырмаларын қай топ жылдам орындаса, сол топ саяхатты бірінші бітіреді.Саяхатты бірінші бітірген топ жақсы баға,сыйлық алады. (1мин)


-Бірінші аялдамаға келіп жеттік: «Өзің жетілдіру» аялдамасы (5)мин
Екінші аялдама: «Таза, әдемі жазу» аялдамасы

Лл әрпін жазу (дәптерде мұғалім жазған үлгі бойынша жазыңдар) (3 мин)


Үшінші аялдама: «Жаңылтпаш» аялдамасы (7 мин)

1 Іштерінен оқу

2 Дауыстап оқу (әр топтан)

3 Не туралы?

4 Дыбыстық талдау 1топ-семіз, 2-топ егіз

Осы жаңылтпаштың ішінде қандай жуан дауысты дыбыс бар? (о, ы,)

-Жіңішке дауысты дыбыс бар? (е, і,ө,)

Жаңа жолдан нүкте қойыңдар. 1 топ –жуан, 2 топ- жіңішке

-Қандай жуан дауысты дыбысты білесіңдер? (а, ұ, о, ы) (Оқушылар дәптер мен тақтаға жазып отырады)

-Ал жіңішке дауысты дыбыстар? ( ә,ө,ү, і, е)

Шымылдық арқылы тексеру
Төртінші аялдама: Жуан және жіңішке сөздер аялдамасы (4 мин)

Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады.

Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады.

Сөз құрастыру

Бесінші аялдама: Кітаппен жұмыс

Кітаппен жұмыс (45 бет) ( 7 мин)

1 Мәнерлеп оқу (дайындық)

2 Мағынасын ашу

3 Көшіріп жазу

4 1-топ жуан сөздің астын сызады

2- топ жіңішке сөздердің астын сызады (тақтада)
Алтыншы аялдама: Мені үйіме қайтар! Аялдамасы (3 мин)

( оқушылар сөздерді жылжыту арқылы үйіне апарады)


Жетінші аялдама: Мәнерлеп оқу аялдамасы (7 мин)

Өлеңді мәнерлеп оқу (43 бет немесе 44 бет)

-Не туралы оқыдыңдар?
Сурет бойынша әңгіме құрастыру 44 бет
Сегізінші аялдама: «Дұрыс жазу» аялдамасы (5мин)

Ағаш, бота, күрек, дәптер, терезе, қозы

Қорытынды: – Сабақта не істедік? (2 мин)

Оқушыларды бағалау.


Бастауыш сынып мұғалімі: Р.Ж Баспакова

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет