4.1
Кіші қазан саясаты
1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды, Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады, Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады, Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі жағдайды жасап берді, Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты 2 топақ бөлінді, 1 Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту, 2 Елді шикізат аймағына айналдыру, Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2 Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру, Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты, - Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды, Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады - деп күйінішпен жазады Садуақасов, Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді, Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес, Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру кезіндегі ұсыныстары ескерілмеді, Голощекин, Құрамысов бұларды - Сәдуақасов пен Мыңбаев және сыбайластары жергілікті ұлтшылдық көрініс деп бағалады, Кейбір экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептеді
Шығармашылық қызметтегі қазақ зиялыларының рухани-моральдық дағдарысы 1937 жылғы қуғын сүргін жылдарында айқын көрінді. 1937 жылы әдеби көркем шығармаларымен елге танылған қазақ зиялыларын айыптау мен қуғындау бұрынғыданбетер күшейіп, өзінің шарықтау шегіне жетті. Олардың шығармаларының әр жолынан, айтылған ой пікірлерінен ұлтшылдық пен байшылдықты, кеңес үкіметіне қарсылықты, теріс ниеттілікті көруге тырысушылар шықты. Тарих саханасынан кеткен алашордашыларды айыптау, бұрындары азды көпті байланыста болғандарды және оларға жылы қабақ танытқандарды алашордамен байланысын үзбеген, алашорданың агенттері, ниеттері бір деп кінә тағу қалыпты іске айналды. Жазушылар шығармаларынан күмәнді деген ой-пікір тауып, партия бағытынан, тап жолынан ауытқыды деп айыптады. Сыншылар осылай жасау арқылы, бір жағынан, тап жауларын, халық жауларын әшкерлеуге үлес қосты. Екіншіден, партия саясатын, бағытын қолдау үстінде деген өзі жөнінде жағымды пікір туғызу мақсатын көздеді. Тап жауларын әшкерлеу ісінен, жалпы елді қамтыған науқаннан қарапайым халықтан бастап, өкімет билігіндегі тұлғалар да тыс қалмады.
Бұрынғы көзден таса бола бастаған «алашордашылар ісі» 1937 жылдың басында тағы көтерілді. Қазақ КСР Халық ағарту Комиссары, Қазақстан Өлкелік партия комитетінің бюро мүшесі Т.Жүргеновтің «Мәдениет майданын талқандалған ұлтшылдықтың қалдықтары мен сарқыншақтарынан тазартайық» [1] деген мақала жариялауы, мәдениет саласында әлі де ұлтшылдардың қалдықтары мен оларға ниеттестер бар деген пікірдің жандануына себепші болып, ұлтшылдарды, олардың сарқыншақтарын іздеуді онан сайын күшейтті. Араға бір апта салып Р.Жаманқұловтың «Қырағылықты күшейтейік» [2] атты мақаласының жарық көруі әдебиеттегі ахуалды ғана емес, ел ішіндегі саяси-идеялық ахуалды да одан сайын ушықтырды. Р.Жаманқұлов алашордашыларды «тап жауы» деп атады. Сонымен қатар, олардың агенттері әлі де бар деп жазды. Бұл «тап жауы» алашордашыларға ниеттес, пікірлес, үндес ақын-жазушыларды іздеу мен әшкерлеудің жаңа қарқынды кезеңін бастап берді. Қазақ Өлкелік партия ұйымының да ұстаған бағыты мен іс шаралары бұл іске екпін қосты.
«Көркем әдебиеттегі ұлтшыл-фашистердің зиянкестігін түп-тамырымен құртайық»[3] деген тақырыппен шыққан мақала әдебиетшілер �
4,2
[10:12, 07.10.2020] Жулдыз Агу💛: Саяси қуғын-сүргін
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.
[10:12, 07.10.2020] Жулдыз Агу💛: Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады.
1920 жылы халық шаруашылығы салаларын машиналық техника базасына көшірудің кешенді бағдарламасы белгіленді. Индустрияландыруды бастау туралы шешім 1925 жылы желтоқсанда БК(б)П- ның ХЫВ съезінде қабылданды. Индустрияландыру жөнінде съезде жалпы түрде ғана айтылды. Сталин индустрияландыруға «КСРО-ны машина және жабдықтарды импорттаушы елден оларды өз күшімен өндіретін елге айналдыру» деген анықтама берді. Әңгіме ауыр және жеңіл өнеркәсіптің тиімді арақатынасы, қала мен деревняда қол жұмысын ығыстыру туралы болды. Капиталистік қоршаудың болуы және социализмді жеке алынған бір мемлекетте ғана кұру бағдары тәрізді дәлелдер шешуші маңызға иеленді.
Мұндай жағдайларда партия ішіндегі демократияның шеңбері тарылып, «әскери коммунизм» кезіңдегі әдеттер мен бұйрықтық тәсілдер қайта жаңғырды. Ықпал жасаудың экономикалық емес, әкімшілік тетіктеріне артықшылық берілді. Тарихтағы ең алғашкы жоспарлы индустрияландыру бағдарламасын ЖЭС-қа көшу жағдайында жүзеге асыру қажеттігі туды. Көпсалалы экономика, тауар-ақша қатынастары, нарықтық байланыстар өмірге енді. ЖЭС қағидалары өнеркәсіп саласында жеткілікті деңгейде орындалмады, ақырында байыпты әрі ұзақ мерзімге ойластырылған бұл саясат ауыстырылды. Қазақстанның дамуы аймақ экономикасының артта қалуымен байланысты өзіндік ерекшеліктерге ие болды. Елеулі әлеуметтік-экономикалық алға басушылықтардың болғанына қарамастан, көшпелі және жартылай көшпелі ауылдық жерде патриархалдық-феодалдық қатынастар әлі де өз күшін жоймады.
1926 жылы республикадағы өнеркәсіпті қайтадан калпына келтіру ісі әлі аяқталмады және бүкілодақтық деңгейден төмен болды. Қазақстанның өнеркәсібі өте баяу дамыды. Ауыр және жеңіл өнеркәсіп ошақтарын құру қажет болды. Өнеркәсіптік кұрылыс жүргізуге болатын пайдалы қазбалардың кең орындары далалы аймақта, шөл аудандарда орналасты. Жерасты байлықтарын пайдалану бұл орындарда жан-жақты игеру жұмыстарын жүргізуді: жаңа темір және автожолдар, жұмысшы кенттерін, жаңа қалаларды салу, сумен жабдықтаудың қайнар кездерін іздеу т. б. жұмыс ауқымын атқаруды талап етті.
Индустрияландыруға қаржы табу мақсатымен мемлекет шаруаларды астығын рыноктық нарықтан арзан бағамен сатуга мәжбүрледі. Бұл міндетті орындаудан бас тарткандар қуғын-сүргінге ұшырады. 1928 жылдың қазанынан 1929 жылдың желтоқсанына дейін 56 498 адам қылмыстық жазаға тартылып, 277 адам ату жазасьша кесілді.
4,3
Жалпы Қазақстанда индустрияландыру саясатының бағыты қандай болу керек деген мәселе сол кездің өзінде өте үлкен пікір-таластар туғызды. Бір топ өлкедегі кеңес және партия қызметкерлері көшпелі халық бірден социализмге өте алмайды деп есептеді, яғни қазақтың көшпелі өмір салты ұлттық ерекшелік болып табылады, олай болса елді индустрияландыру бағыты оның осы ұлттық ерешелігін жояды деп есептеді. Мұндай пікірдегі партия мүшелерін большевиктер негізгі партиялық жолдан ауытқушылар, яғни “уклонистер” деп айыптады.
Келесі бір топтың өкілі С. Садуақасов өнеркәсіптің дамуы қазақ халқын ауыл шаруашылығынан алыстатып, қазақтардың дәстүрлі мал шаруашылығының құлдырауына әкеледі деп есептеді. Бірақ, ол мүлде индустрияландыру саясатына қарсы болды деуге болмайды. Оның пікірі бойынша Қазақстанның өндірістік бағытта алға жылжуы үшін республикада индустриялық өнеркәсіптерді көптеп салып, оны ары қарай дамыту қажет. С. Садуақасов шикізат қоры көздеріне өнеркәсіптерді жақындату мақсатын көздеді. Ол өлкеден шикізаттарды өндірістік аймақтарға тасып, одан кейін ол жақтан дайын өнімді қайта алып келуге кететін шексіз транспорттық қаржы жұмсауға, яғни өлкені тек шикізат көзі ретінде пайдалануға қарсы болды.
Өнеркәсіп құрылысын жүргізудің карқынды түрде өсуі жұмыс күшінің тапшылығына алып келді. Құрылыс нысандарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету және жұмысшы қазақтарды үйретуге бөлінетін қаражатты үнемдеу мақсатында биліктегілер елдің жұмыссыздық шарпыған батыс аудандарынан жұмысшылар тартты. 1931 - 1940 жылдары республикаға 559 мың жұмысшы келді. Жұмыс күшін толықтырудың тағы бір қайнар көзі арнайы қоныс аударылғандар: орталык аймақтар мен Сібірдің кулакқа жатқызылып, дүние-мүлкі тәркіленген шаруалары болды. Республика комсомолы жетекшілерінің бірі, ұлттық бағыт ұстанған қазақ зиялысы - Смағүл Сәдуақасов республикаға елдің басқа аудандарынан «бос» жұмысшы қолын жаппай қоныстандыруға қарсы шықты. Ол өзінің 1928 жылы «Большевик» журналына (№1 саны) жариялаған «Ұлттар және ұлт адамдары» деген мақаласында индустрияландыру туралы ұстанымдарын ашып жазды. Жұмысшылардың, әсіресе жеткіліксіз маманданған жұмысшылардың елеулі бөлігін ұжымдастырудың нәтижесінде күйзелген деревнялар мен ауылдардың шаруалары құрады. Еңбек өнімділігі күрт төмендеп, зауыттарда тәртіп сақталмай, маманданған еуропалық нәсілді жұмысшылар және маманданбаған қазақ жұмысшылары арасында қақтығыстар болып тұрды. Мамандық шеберлігі еуропалық нәсілді жұмысшылармен тең дәрежеде болған жағдайда да жергілікті жұмысшыларға төмен жалақы берілді, медициналық көмек көрсетілмеді т. с. с. Республикаға мамандар сырттан өкелінді, кадрлар тұрақсыздығы орын алды. Индустриялық саясатты жүзеге асыру барысында Қазақстанға ерекше мән берілді. Бай табиғи қорлардың болуы республикада ірі индустриялды база құруға мүмкіндік беріп, жұмыс күші сырттан - Ресей және Украинаның орталық аймақтарынан әкелінді. Қазақтар көшпелілер мен малшылар ретінде болашақ «социалистік Қазақстан» жүйесіне үйлесе алмады.
4,6
Күштеп ұжымдастыруІрі жазу 1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады. 1932 жылдың ақпан айына дейін колхоздардағы малдың 87% -і апатқа ұшырады. Сонымен бірге индустрияландыру жылдарында Ресейдің орталық аудандарындағы ірі құрылыстардағы жұмысшыларды етпен қамтамасыз ету мақсатында малдың біраз бөлігі Ресейге жіберілгеннен кейін 1928 жылға дейін Қазақстанда 40 миллион мал болса 1933 жылғы Қазақстанда 5 миллионға жуық қана мал қалды. Қолындағы күн-көріс малынан айырылғаннан кейін және көптеген салықтардың салынуына байланысты қазақтардың өзі де аштыққа ұшырады. Коллективтендіру жылдары жіберілген өрескел қателіктердің салдарынан 2 миллион 200 мың адам қазаға ұшырады. Бұл сол кездегі қазақ халқының 49% -і еді. 1 миллионға жуық адам шет мемлекеттерге кетті. Қазақстандағы коллективтендіру жылдарындағы жіберілген қателіктер тікелей жауапты адам 1925-1933 жылдар аралығында Қазақстан аймақтық коммунистік партиясының бірінші хатшысы болып істеген Голощекин еді. Ол жергілікті халықтың әдет-ғұрпын білместен Қазақстанда ойына келгенін істеп, елді басқаруда командалық-бюрократиялық әдісті қолданды, �
[10:31, 07.10.2020] Қоңратбай Аружан Агу💛: Көшудің басты бағыттары. Кеңес үкіметі қателіктерінің, Голощёкин геноциді салдарларының бірі — қазақтардың республика аумағынан тыс жерлерге қоныс аударуға мәжбүр болуы. Бұл қоныс аудару, негізінен, үш бағыт бойынша жүрді. Біріншісі — Ресейге, екіншісі — Қытайға, Үшіншісі — Орталық Азия елдеріне. Ресей бағыты екі тармаққа бөлінеді:
а) солтүстік тармақ-Сібір өлкесі;
ә) батыс тармақ-Орынбор, Орта Еділ бойы. Бірінші бағыт бойынша, негізінен, Қазақстанның батыс, солтүстік аймақтарынан шыққандар; екінші бағыт бойынша шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарынан, ал Үшінші бағытқа оңтүстік облыстардан көшті. Ал орталық аймақтағылар шамаларының жеткенінше осы үш бағыттың қайсысы жақыңдау, қайсысына мүмкіндігі болса, соған қарай көшті. Өз жерін қасиет тұтып, өзгелерден қызғыштай көріп келген, ол үшін қанын да жанын да аямаған қазақтар енді тарыдай бытырап өзге елдерге көшті.
Жаппай аштық жылдары бір миллионнан астам қазақ республикадан тыс елдерге қоныс аударуға мәжбүр болды. Олардың 616 мыңы қайтып оралған жоқ, ал 414 мыңы кейін өз еліне көшіп келді.
Бүгінгі таңда елі мен жері тәуелсіздік алған кезде шетелдерде жүрген қазақтардың атамекеніне қайта оралуға ұмтылуы заңды әрі аса маңызды құбылыс. Өйткені ұлан-байтақ жер шарыңда олардың тек бір-ақ Отаны бар, ол еркін өсіп-өнуге мүмкіндігі бар, рухани-мәдени даму ортасы қазақ жері, Қазақстан Республикасы. Олардың өз отанына көшіп келуіне мүмкіндік беріп, орналасуына жағдай жасау бүгінгі таңдағы ұрпақтың, Қазақстан халықтарының Голощёкиндік геноцидке берген жауабы, қадірлі борышы деп есептелгені жөн.[1]
[10:31, 07.10.2020] Қоңратбай Аружан Агу💛: Қазақстандағы ашаршылық, оның демографиялық салдары Қазақстандағы 1932-1933 жылдардағы ашаршылық салдарынан болған адам шығыны туралы мәселені қазіргі заманғы тарихнама әр түрлі қырынан бағалайды. Қарапайым рәсімге (қазақ халқы санының жүргізілген санақтар арасындағы арифметикалық алшақтықты анықтауға) негізделген зерттеулерде шығын, әдетте, 1 млн адам шегінде аталады. Көрінеу көбейтілген бағалаулар да кездеседі, мысалы, белгілі америкалық маман Марта Олкоттың «Әлеуметтік өткенді бағамдау: Орта Азия қазақтары» атты кітабында екі миллиондық құрбандық туралы айтылады.
Батыстың кеңес кезеңін зерттеушілеріне назар аудара отырып, олардың ізденістері бір жағдайларда ақиқатқа ұмтылысты бейнелесе, екінші бір жағдайларда онда объективтіліктің қарасы да көрінбейді, өйткені барлық назар негізінен «тағы бір ілгешекті айтып қалу» ниетінен туатын қасаң пікірлерге аударылады. Бірақ қалай болғанда да отандық тарихымыздың проблемасын біздің өзімізден артық ешкім шеше алмайды. Сондықтан осы бағыттағы зерделік ізденістерді жеделдететін уақыт келді. Және бұл ретте тарихи демография, оның тиімді танымдық құралдарымен және зерттеудің әмбебаптық әдістерімен қоса, елеулі рөл атқаруы тиіс.
Кейінгі кезге дейін проблеманы талдау үшін бірінші және екінші Бүкілодақтық халық санағы (тиісінше 1926 жылғы 17 желтоқсанда және 1939 жылғы 15 қаңтарда жүргізілді) деректері бірден-бір құжат көзі болып келді. Олардың арасындағы қашықтық толық 12 жыл және бір айды құрайды. Халықтың кемуі нақ осы санақтар аралығындағы кезеңде өтті. Егер адамдардың демографиялық кемуінін шыны 1932—1933 жылдардың қысына тура келетінін ескерсек, тиісінше халық санының ғаламат қысқаруы бірінші санақ өткеннен кейінгі шамамен оның алтыншы жылында және екінші санақтың нақ сондай алдынғы жылында болған. Басқаша айтқанда, қайғылы оқиғаның шыны екі санақтың дәл ортасына келеді, бұл есепті жан-жақты қарастыруға мүмкіндік береді.
1926 жылғы бірінші санақ қорытындысына сәйкес, Қазақ АКСР-і аумағында 3 млн 628 мың тұрғылықты халық мекендеді.[1]. Бірақ 12 жыл өткеннен кейінгі 1939 жылғы санақта халық санының 1 млн 321 мың адамға, яғни жинақтап айтқанда 36,7%-ға азайғаны тіркелген.[2]. Тарихшы-демографтардың айтуы бойынша тіпті осы цифрдың өзі азайтылып көрсетілген, демек
Достарыңызбен бөлісу: |