Жоғары дәлдікті бұрыштық өлшеулер қателіктерінің көздері



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі44,01 Kb.
#95620
  1   2   3
Байланысты:
Жоғары дәлдікті бұрыштық өлшеулер қателіктерінің көздері


    1. Жоғары дәлдікті бұрыштық өлшеулер қателіктерінің көздері

Горизонталь бұрыштарды өлшеудің екі принциптік сұлбасы бар: жеке бұрыштардың өзін өлшеу және бағыттарын өлшеу.


Бағыттарын өлшеу кезінде бір пункттен бақыланатын визирлік нысаналарға дүрбіні кезекпен бағыттау, бекітілген лимб бойынша есептеулер және алғашқы бағыт және басқа бағыттар арасындағы бұрыштар қатарын есептеу жұмыстарын жүргізеді.
Жеке бұрыштары өлшеу пункттердің әрбір жұбын кезекпен өлшеу, лимб бойынша есептеу және өлшейтін бұрыш шамасын анықтайтын айырма есептеледі.
өлшеу бірлігі ретінде өлшенетін бұрыш немесе бағыттың бір мәнін алу үшін белгілі бір тәртіпте орындалатын өлшеу операцияларының жиынтығынан тұратын амал алынады.
Бұл тәртіпті қателіктердің әртүрлі көздерінің әсерін азайтатындай белгілейді.
Бұрыштық өлшеулердің қателіктерінің негізгі көздері аспаптық, жеке және сыртқы орта.
Сырқы ортаның әсері бұл өлшеулердің дәлдігін шектейді, себебі олар атмосфераның тәулік ішінде үздіксіз ӛзгеріп отыратын жер бетіндегі қабатында жүргізіледі. Атмосфераның жер бетіндегі қабаттары су буымен, шағылысу, сәуленің жұтылуы және таралуынан өзгеріске ұшырап отырады.
Бұрыштық өлшеулердің кең тараған қателігінің бірі – рефракция қателері, ауаның конверциялық ағындары, белгілердің бұрылуы, визирлік цилиндр фаза қателіктері болып табылады.
Рефракция – күн сәулесінің атмосфераның әртүрлі тығыздықты қабаттарынан өту кезіндегі сыну траекториясы. Бақылаушы А нүктесінен В нүктесін АВ бағыты бойынша емес, АВ1 жанама түзуі бойынша көреді.
Рефракция өлшемі АВ жанамасы мен АВ хордасы арасындағы
б ұрышы болып табылады (11 сурет).
11 сурет –Рефракция бұрышы
Бұл бұрыштың АВ түзуінің соңғы нүктесінен өтетін вертикаль жазықтыққа түсетін проекциясы вертикаль рефракция деп аталады, ал горизонталь жазықтағы проекциясы –горизонталь немесе бүйілік рефракция деп аталады. Бүйірлік рефракция горизонталь бұрыштарды өлшеудің кездейсоқ және жүйелі қателерде, ал вертикаль рефракция – зениттік қашықтық қателеріне алып келеді. Вертикальді көлбеуліктен бір–екі деңгейге жоғары. Рефракция шамасына температураның өзгеруі (температура градиенті) ең кӛп әсер етеді. Бүйір рефракция түнгі және күндізгі кезеңдерде қарама-қарсы белгіде болады. Көлбеу рефракцияның азайтудың тиімді шарасы: торларды сәулелердің рефракциялық әсерінің күшті жерлерінен қашықтау жерлерден өтуін ескеріп жобалау; температуралық градиент шамалары минимальді аспаптарды таңдау; әрбір пунктте әртүрлі, бірақ метеорогиялық жағдайлары бойынша қолайлы аспаптарды қолдану қажет. Бақылаулар жүргізу үшін қолайлы кезең – таңертең және кешкі кезеңнің күн ұясына кіргеннен кейін 1сағаттан кейін.
Ауаның конверциялық ағыны. Күнмен жер бетінің қызуы салдарынан пайда болады. Олар визирлік нысаналар кӛрінісінің биіктігі және азимуты бойынша тербелістерге алып келеді, ол биссекторды бағыттауды қиындатады.
Белгілердің бұрылуы. Әрбір сигнал немесе штативтің әруақытта температуралық өзгерістерден, жел қысымынан жеке бөліктерінің деформациялануынан аздаған ауытқулары (азимуты бойынша) болады.
Визирлік цилиндр қателер –күн сәулесінің тегіс емес түсуінен болатын құбылыс, оның салдарынан визирлік қондырғының бақылынатын осінен жүйелі ауытқу орын алады. Егер цилиндрдің бір бӛлігіне жарық түссе, ал екіншісі көлеңкеде болса, онда оны көлеңкеде жобалағанда жарық бөлігі ғана
көрінеді, ал жарықты жобалағанда қараңғы жағы көрінеді. Бақылау үшін аз фазалы цилиндрлер қолданылады, мысалы, В..Н. Шишкин конструкциясы.
Теодолит пен маркаларды орналастыру. Теодолитті белгіде және штативте орнықты орналастыру – жоғары дәлдікті өлшеулер алудың басты шарттарының бірі.
Температураның теодолитке әсері. Барлық жоғары ділдікті теодолиттер температуралық өзгерістерге өте сезімтал болып келеді. Температура әсерін азайтудың тиімді құралы теодолиттерді термостатирлеу, яғни оны тікелей күн сәулелерінен сақтау.
Геодезиялық тораптарды жоғары дәлдікті өлшеулері бақылауға қолайлы уақытта, яғни визирлік нысаналар көрінісінің тербелісі шамалы, атмосфералық көрінуі және көру жағдайлары жақсы, ал бүйір рефракцияның әсері аз болған кезде жүргізеді. Мұндай жағдайлар таңертең және кешкісін, ауа қабаттында визирлік сәуле биіктігінде изометрияға жақын жағдай болғанда пайда болады. Бақылауға қолайлы уақыт ұзақтығы ауа температурасына, бұлттылыққа визирлік сәуле биіктігіне байланысты.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет