Сәлемдесу
Психологиялық дайындық (бейнежазба « Бәрі өз қолыңда»)
Қызығушылығын ояту Құрманғазының күйі «Сарыарқа» дыбысталады.
Әдебиет мұғалімі : Бүгін бізде ерекше сабақ .Мына тыңдап отырған күйлеріңіз сіздерге таныс па ? Күйдің аты қандай, авторы кім? Бұл –Құрманғазының «Сарыарқа» күйі. Бұл күйдің тегіннен- тегін орындалып жатпағанын сезіп отырған шығарсыздар Біздің бүгінгі сабағымыз Сарыарқа жеріне байланысты. слайд1
Арқаның көз жіберсем алабына:
Сарыарқа сары дария қиыры жоқ,
Кез болсын қандай қыран талады да,
Ішінде сары дария көз тоқтатар,
Көкшетау- Сарыарқаның аралы да,- деп жырлаған екен Мағжан бабамыз. (күй тоқтайды). Сабағымыздың тақырыбы «Сарыарқа- Баяндай батырлар мекені» , себебі бүгінгі сабақта әдебиет және география пәндері бойынша білімдерімізді толықтырамыз.Алдарыңыздағы «білім сандығы» сабақтың соңында бүгінгі алған білімге толу керек. Ендеше сабағымыз Сарыарқа жерінде болған батыр Баян оқиғасына қатысты болмақ.слад 2
География мұғалімі: Сарыарқа ежелден даңқы шыққан шежірелі өлке. Сарыарқа – Қазақстанның ірі физикалық – географиялық
және табиғи – тарихи аймақтың бірі. Сонымен қатар физикалық гео
графиялық аудандастыру жөнінен 9 аймақтың біріне кіреді. Бұл жер туралы аңыз да аз емес .Мысалы: Өте ертеде қазақтар далада көшіп-қонып жүргенде, таудың бір шыңында бір тау бүркіт өмір сүреді.Ол сұлтандардың жағымсыз қылықтарына қырағы көзбен қарап отырады екен.Сұлтандар осы бүркітті өлтірейін десе оқтары тимейді екен. Кейбіреулері ұясына шығайын десе шыға алмапты.Бұл жұмбақ жер қалай аталған? Кокшетау тауы Оқжетпес шыңы.слайд 3-9
География мұғалімі: «бүгінгі сабақтың тақырыбы «Сарыарқа-Баяндай батырлар мекені деп аталады», олай болса балалар сіздер
Сабақта нені меңгеруіміз керек деп ойлайсыңдар?» деген ба-
ғыттаушы сұрақпен әдебиет пәні мұғалімі сабақтың мақсатын
ашады.
География пән мұғалімі:
«Сандар сөйлейді» тапсырмасы арқылы Сарыарқа өлкесіндегі таулар аты анықталып топқа бөлінеді
1565м- Қызыларай
618 м – Елшібай
1133 м- Ұлытау
|