Клиникалық жағдай
Қыз бала П., 35 жастағы, гипертониялық типті вегетативті дистония синдромымен ауыратын әйелден туылған. Екінші жүктіліктен, үшінші триместрі анемия және орта ауырлықтағы гестозбен өткен. 42 аптасында туылған. Босану кезінде босанудың екіншілік әлсіздігі дамыған, окситоцинмен стимуляция жасалған. Босанудың бірінші кезеңі – 15 сағат, екінші – 45 минут, сусыз кезең – 12 сағат, қағанақ суы мекониалы. Плацента көптеген петрификаттармен. Туылған кездегі дене салмағы 2950 г, бойы 50 см, бас айналымы 35 см, кеуде айналымы – 33 см. Апгар шкаласы бойынша 1-минуттың соңында – 3 балл.
Алғашқы реанимациялық шара жүргізілгеннен кейін жағдайы ауыр, ыңқылдайды, дауысы әлсіз, қағанақ суымен құсу байқалады. Бұлшықет гипотониясы, гипорефлексия. Тері қабаттары бозғылт, дистальды цианоз. Жылуды нашар сақтайды. Қабырға аралығының, диафрагманың, бұғана ойығының бұлшықеттерінің қатысуымен ауыр тыныс алады, ТЖ 1 минутта 80 ретке дейін. Кеуде қаңқасының оң жағы тыныс алу актісінде қалыңқы. Перкуторлы : оң жақ жауырын астында өкпелік дыбыс қысқарған, сол жақта қораптық дыбыс. Аускультацияда: оң жақта әлсіз тыныс фонында орта және ұсақ көпіршікті сырылдар естіледі , сол жақта тыныс пуэридьді, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ минутына 168 рет. Іші аздап кебіңкі, пальпацияланады. Бауыр қабырға доғасынан 2 см шығыңқы, көкбауыр пальпацияланбайды.
Қанның қышқылдық-негіздік жағдайы: pO2 – 42 мм с/б., pCO2 – 78 мм.с/б., pH – 7,18, ВЕ = -18 ммоль/л, АВ – 8 ммоль/л, SB – 9 ммоль/л, ВВ – 19 ммоль/л.
ТАПСЫРМА:
1. Сіздің диагнозыңыз. Бейімдеуші факторларды атаңыз.
2. Бұл аурудың патогенезі қандай? Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз.
3. ЖӨЖ жүргізуге тән көрсеткіштер, бұл жағдайда сол көрсеткіштер бар ма және қандай? ЖӨЖ жүргізуде қандай асқынулар болуы мүмкін?
4. Алғашқы реанимациялық шаралар жүргізуде неонатологтың тактикасы қандай? Алғашқы реанимациялық шарадан кейін қандай ем жүргізу қажет?
5. Бұл аурудың асқынулары қандай және олар неліктен дамиды?
6. Болжамы қолайлы болған жағдайда балаға профилакткалық екпелерді қалай жүргізу қажет
Жауабы:
Диагноз: Р21.0 Туылу кезіндегі ауыр асфиксия
Бейімдеуші фактор:
гипертониялық типті вегетативті дистония синдромымен ауыратын әйелден туылған;
үшінші триместрі анемия және орта ауырлықтағы гестозбен өткен;
босану кезінде босанудың екіншілік әлсіздігі дамыған, окситоцинмен стимуляция жасалған;
сусыз кезең – 12 сағат , қағанақ суы мекониалы;
плацента көптеген петрификаттармен.
Достарыңызбен бөлісу: |