|
1.Дене шынықтыру
(жетекшінің жоспары бойынша)
3.Көркем әдебиет
Мақсаты: «Қолғап» ертегісімен таныстыру.
Міндеттері:
-кейіпкерлердің әрекеттерін бағалай алуға, ертегінің мазмұнын олардың атауымен салыстыруға үйрету.
-ертегінің мазмұнын ретімен, дауыс интонациясын дұрыс айтуға дағдыландыру.
-достыққа, өзгелерге көмектесе білуге, өзімшіл болмауға тәрбиелеу арқылы сүйіспеншілік құндылығынын мәнін ашу.
2.Музыка
жетекшінің жоспары бойынша
|
1.Дене шынықтыру
(жетекшінің жоспары бойынша)
.Сөйлеуді дамыту
Мақсаты: Балабақша туралы әңгіме құрастыру.
Міндеттері:
Зейін қойып тыңдай білуге дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету.
Дыбыстық артикуляциясын нақтылау және бекітуге дағдыландыру.
Балабақшаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу
.Мүсіндеу
Мақсаты: Балаларға балабақша ауласындағы өсімдіктерді бейнелету.
Міндеті:
-Балаларды көлемді пішіндер мен қарапайым композицияларды мүсіндеуге қызығушылығын арттыру.
- Түрлі пішіндегі және көлемдегі таныс заттарды өзіне тән ерекшеліктерін
|
1.ҚМҰҚ
Мақсаты: Әртүрлі түстен, өлшемнен тұратын заттардың жиынтығы туралы түсініктерді қалыптастыру
-заттардың жұптық салыстыру негізінде тең немесе тең емес екенін анықтай білуді үйрету.
-. тең және тең емес ұғымдары туралы білімдерін дамыту.
-Әдептілікке, тыныштықты ойлануға,төзімділікке тәрбиелеу барысында тыныштық құндылығынын мәнін ашу
|
.Дене шынықтыру
(жетекшінің жоспары бойынша)
. Жаратылыстану
Мақсаты: Балабақша ауласындағы өсімдіктерді,ағаштар мен гүлдер мен таныстыру.
Міндеттері:
-Ағаштардың мен гүлдердіңтүрлерін, бөліктерінтауып,атайбілугеүйрету. (түймедақ, бақ-бақ гүлі,қарандыз, қызғалдақ)
-Ағаштарға күтім жасаудың қарапайым әдістерінқалыптастыру.
-Табиғатқа деген сүйіспеншілікке құндылығынын мәнін ашу арқылы тәрбиелеу
2.Сурет салу
Мақсаты:Балабақша ауласындағы гүлдерді бейнелеу.
Міндеттері:
-үлгі бойынша дөңгелек пішін арқылы гүлдерді салу техникасын үйрету.
-элементтердің реттілігін,арасындағы қашықтықты сақтауды дамыту.
-балаларды өзара достыққа,сыйластыққа, тірі тіршілікке қамқорлық жасауға тәрбиелеу
3. «Magic English»
(жетекшінің жоспары бойынша)
|
Қоршаған ортамен таныстыру
Мақсаты: Балабақша туралы білімдерін жетілдіру.
- Балабақша,топ атауын, өзінің жасын, толық аты-жөнін, ата- анасының, отбасы мүшелерінің аты-жөнін үйден балабақшаға дейінгі жолды анықтау арқылы білімдерін жетілдіру.
-Балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы,ата-анасына алғыс айтуға,достарына сыйластықпен қарауға дағдыландыру.
-Балабақшада достармен жақсы қарым қатынас орнату арқылы сүіспеншілік құндылығынын мәнін ашу арқылы тәрбиелеу.
Орыс тілі
«Игрушки. Кто работает в детском саду».
3. «Super Dancer»
(жетекшінің жоспары бойынша)
|
Серуен
|
Күнді бақылау
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру: күнің қысқаруы, түннің ұзаруы түсінік беру.
Бақылау: Серуен алдыңда балалардың көңіл – күй көтере отырып, бүгін күн ашық, бірақ күн ыстық емес, жаздағыдай қатты қыздырмайды.
Тәрбиеші күннің ауысып, орналасқан жерін байқатады; (күндіз және кешкілікте) күннің шығуын, батуын бақылау; күн сәулесінің терезеге түсуі бойынша күннің орналасуын белгілеу.
Қимылды ойын: «Қоңыздар»
Ойын сылдырмақпен немесе әуен ырғағының белгісімен өткізіледі. «Қоңыздар ұшты» деген белгімен балалар тұрады, сілкінеді. «Қоңыздар қонды» деген белгімен балалар отырады.
Еңбек: құмсалғышты жапырақтардан тазарту.
Дербес ойындар: әр бала өзін қызықтыратын ойындар ойнайды.
|
Серуен
|
Ағаштарды бақылау
Мақсаты: күзгі табиғат құбылыстарымен таныстыру, күзгі ағаштарға назарларын аудару. Күзгі ағаштардың ерекшелігімен таныстыру. Сұрақ – жауап арқылы сөздік қорларын, ой –өрісін дамыту. Табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, адамгершілік сезімге тәрбиелеу.
Қозғалмалы ойын: «Өз жұбынды тап»
Мақсаты:Балаларды ойынның шартын бұзбай ойнауға, белгі бойынша мәтіннің сөзіне сай қимыл қозғалыс жасауға дағдыландыру, зейіндерін, байқағыштарын, жүгіру мен жүру дағдыларын дамыту
|
Тұманды бақылау
Мақсаты: Тірі және өлі табиғат түсінік беріп; табиғат құбылысы тұманды бақылау. Қоршаған ортаның әдемілігін сезініп түсінуге үйрету, күздің алуан түрлілігін көруге үйрету.
-Тұман деген не? (қатты тұман басқанда, айналаға желім төгілгендей түк көрінбейді; заттар бәрiнен алыс, олардың тек мөлшері байқалады.) Тәрбиеші тұман ол –табиғаттың бір құбылысы екендігін айтады, күн шыға бастағанда тұман азая бастайды, ал күн жылына бастағанда туман жоқ болып кетеді, ол ауа-райының өзгеруінен пайда болатын құбылыс.
Ойын: «Күн мен түн»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін дамыту.
|
Шықты бақылау
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылысы шықпен таныстыру.
Бақылау: Неге шөп дымқыл? Бұл дымқылдық қайдан келді деп ойлайсындар?Бұл қандай құбылыс? (Шық) Ол қалай пайда болды? ( күн ұясына батқаннан кейін жер, шөп, жапырақтар суып шық пайда болады.
Жұмбақ:
Мөлдiреген жүзiмдi,
Ұстап едiм, езiлдi. (Шық)
Таңертең бар, кешке жоқ
Кеш түгелі түсте жоқ
Мен әдемі моншақпын
Ірі емеспін, ұсақпын,
Мойнына ешкім таға
|
Күзгі аспанды, бұлтты бақылау
Мақсаты: Өлі табиғат аспан туралы түсінік беру; аспанның әсемдігін бақылауды қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін дамыту, аспанның ашықтығы туралы білімдерін жетілдіру.Бұлт туралы түсінік беру.
Аспанның түсі күзде қалай өзгереді? (аспан кеңейген сияқты, жақсы көрінеді, жоғарғы жағы қою күлгін, ал шеттері ақшыл).
Түнде және күндіз аспанда не пайда болады? (Аспан ашық: күндіз – Күн, кешке – ай және жұлдыздар)
-Айтыңдаршы, кешкі аспанның әдемілігі туралы. Күн батар кезінде аспанның неше түсі болады? Кешке үйге кіргенде түнгі аспанда қандай өзгерістерді байқайсыңдар?
-Түндегі аспан туралы не білесіңдер?
Қозғалмалы ойын: «Орамал тастау».
|
Күнді бақылау
Мақсаты: Балаларды табиғат құбылыстарымен таныстыру: күнің қысқаруы, түннің ұзаруы түсінік беру.
Бақылау: Серуен алдыңда балалардың көңіл – күй көтере отырып, бүгін күн ашық, бірақ күн ыстық емес, жаздағыдай қатты қыздырмайды.
Тәрбиеші күннің ауысып, орналасқан жерін байқатады; (күндіз және кешкілікте) күннің шығуын, батуын бақылау; күн сәулесінің терезеге түсуі бойынша күннің орналасуын белгілеу.
Ойын: «Күн мен түн»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын ояту, ой-өрісін дамыту.
|