Күні: 12 желтоқсан 2015 жыл
Тақырыбы: Абай-дана,Абай-дара қазақта!
Мақсаты: Оқушыларға биыл Абай атамыздың 170 жыл екенін естеріне
сала отырып ,өмірі мен шығармашылығына байланысты әдеби-кеш ұйымдастыру; Абай өлеңдерін терең меңгеріп, мәнерлеп айту; сахнада өздерін еркін сезініп, ойларын толық жеткізіп, әдеби тұрғыдан нақышына келтіріп сөйлеуге баулу, ынталандыру; Абай шығармашылығындағы өнер тақырыбын , өмір кезеңдерін оқыту, шығармаларын әңгімелеу; Абай шығармаларын оқыта отырып оқушыларды ізденімпаздыққа, ұлтын сүюге, патриоттыққа баулу.
Көрнекілігі: Сахнаны безендіруге арналған қажетті құралдар, көрініске қажетті жабдықтар, ақын- жазушылардың пікірлері жазылған қабырға газеттері т.б
Әдісі: әдеби – сазды қойылым
Барысы:
1-ж. Шам-шырағы қазақтың –ұлы Абай,
Бағдарымсың бет түзер Құбыладай!
Ана тілдің арқасы, ұғып келем,
Желілерін ойыңның үзіп алмай.
2-ж.Талант таудың ұшпағы -ұлы Абай,
Таңдан, әлем, қазақтың ұлы қандай!
Әр тасыңнан бастау-ап, өлең-бұлақ,
Сыбдыр қаққан балбөбек тілі балдай.
1-ж. Қазақтың рухани кемеңгері,ойшылы,білім мен бостандық жолындағы
қажымас күрескері - Абай бұл күндері бүкіл адамзатқа ортақ тұлғаға айналып отыр.
2-ж. «Қазақтың бас ақыны -Абай Құнанбаев.Онан асқан бұрынғы-соңғы
заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған...» , - деп жазған Ахаң.
1-ж. Қазақтың бас ақыны- Абайға арналған «Абай-дана, Абай -дара қазақта!» атты әдеби-сазды кешке қош келдіңіздер!
2-ж. Өлең сүйер,өнер сүйер, көпшілік қауым! Өлмейтін артына сөз қалдырған кемеңгер Абай Құнанбаевқа - 170 жыл толып отыр. Абай атамыздың мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отырған әдеби кешіміз -Абай рухына арналмақ.
1-ж. Ұлы Абай 1845жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданына қарасты Шыңғыстау бауырындағы Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген
2-ж.Абайдың арғы атасы- Ырғызбай да, атасы- Өскенбай да өз кезінің атақты адамдары,Тобықты руының билеушілері болған.
1-ж Жас шағында Абай тәрбиені жұмсақ мінезді, мейірімді шешесі Ұлжан мен кәрі әжесі Зереден алады. Ол жас кезінен өлең-жыр, әңгімеге әуес болып, әжесі мен анасы айтқан ертегі-аңыздарды құмартып тыңдап өседі.
Көрініс «Абай мен әкесі» Тамашалайық.
Сахнада Абай жазу жазып отыр. Әкесі Құнанбай шығады.
Құнанбай: Орайы келгенде айтармын деп жүр едім. Сенің басыңнан 3 түрлі мін көремін. Соны тыңда!
Абай : Айтыңыз әке.
Құнанбай:
Ең әуелі арзан мен қымбаттың парқын айырмайсың. Өзіңдегі барыңды арзан ұстайсың, бұлдай білмейсің. Көп күлкіге, болымсыз ермекке
асылыңды шашасың. Жайдақсың! Жайдақ суды ит те, құс та жалайды.
Екінші – дос пен қасты сараптамайсың? Досқа досша, қасқа қасша қырың жоқ. Жұрт бастайтын адам ондай болмайды. Басыңа ел үйірілмейді.
Үшінші- орысшылсың. Солай қарай ден қойып барасың. Дін, мұсылман жат санамайтынын ескермейсің!
Абай:
Қолында құралы бар бірен- саранға ғана тиетін шыңыраудағы судан қойшы-қолаң, жарлы-жақыбайдың бәріне бірдей пайдасы тиетін жайдақ су артық деп білемін.
Екіншіңізге айтарым, бұрын қазақ бір қора қой сияқты болған. Бір қор қойды бір қойшы шәйт десе үркітіп, айт десе шәлдеткен. Бертін келе, түйе сияқты болды, жанына тас тастап шәйт десе ғана басын бұрады. Ал, қазір біздің заманымызда халық жылқы сияқты, мұны ақ қар, көк мұзда етегін төсек, жеңін жастық қылған жылқышы ғана баға алады. Оқып білген, басшы адам ғана баға алады.
Орысшылсың дейсіз, егер әке өнер өндіруден қашсақ бұл надандық, жақсылық емес. Мен, мен өнерде ғана орысшылмын.
1-ж. Абай өзінің алғыр, дарындылығының арқасында,кітапты көп оқып өз бетінше көп ізденеді. Соның нәтижесінде шығыстың классик ақындары Низами,Сағди, Хафиз,Науаи,Физули шығармаларын қызыға оқиды. Басқа да әдеби мұралармен,қисса, дастан, ертегілермен осы кезде танысады.
2-ж.Зерек Абай медресе бағдарламасындағы діни біліммен ғана шектеліп қалмай, араб,парсы,түрік тілдерін игеру нәтижесінде шығыс классиктерінің шығармаларын оқып үйренеді.
1-ж Әке үміті мен тәрбиесі босқа кетпей,ел билеу ісіне ерте іліккен Абай 12 жыл болыс, 6 жыл би болып қызмет атқарады.Ал, Абайдың поэзиясына көркемдік әлеміне үңілген сайын, адам жаны тебіреніп,сезім көкжиегі кеңейіп,бар болмысы сөзбен айтып жеткізе алмайтындай ләззат алады.
2-ж. Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ойы мен идеясынан адамгершілікке тән қасиеттерді бойына дарыта алмаған ,адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды білеміз.
Осыған орай, Абайдың өлеңдеріне кезек берейік. Ортада сынып оқушылары .
1-ж. Академик Зәки Ахметов Абай ақындығының теңдесі жоқ екендігін, сонымен бірге аса дарынды сазгер болғанын, көптеген әдемі,әсерлі әндер шығарғандығын айтқан.
2-ж. Құлақтан кіріп бойды алар
Жақсы әнмен тәтті күй
Көңілге түрлі ой салар
Әнді сүйсең ,менше сүй ,-деп Абай атамыз айтқандай Жақсығали Нұрила мен Каримова Лаураның орындауында «Желсіз түнде жарық ай» әні.
1-ж. Абайдың келесі бір топ өлеңдер шоғыры табиғат лирикасына арналады. Олар: «Жазғытұры», «Қыс», «Күз». Абайдың жыл мезгілдеріне арналған осы өлеңдерінен қазақ өмірінің тіршілігі суреттеледі.
2-ж. Табиғат аясында сол табиғаттың ауа-райына үндесе тіршілік ететін халықтың ұлттық ерекшелігі бейнеленген.Тағы да бір топ өлеңдеріне кезек берсек.(Азамат,Лаура,Мирас, Айкөркем)
1-ж.Абай шығармашылығындағы елеулі орын алатын бір сала-
оның поэмалары.Олар : «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі». Абай өзінің поэмаларында да,өлеңдеріндегі секілді әлеуметтік –адамгершілік идеяларын көтерді.
2-ж.Абай өмірінің соңында жазылған туындысы «қарасөздер » деп аталады.Қара сөздер-ккөркем әңгіме емес,алайда оларды даналық сөздер,мақала,ғылымдық,философиялық шолулар деп қарастыруға болады.Абайдың жалпы қарасөздерінің саны-45. Абайдың қарасөздеріне кезек берейік.
1-ж. Әннің де естісі бар,есері бар
Тыңдаушының құлағын кесері бар.
Ақылдының сөзіндей ойлы күйді,
Тыңдағанда көңілдің өсері бар.
2-ж. Жаманға «жар» деген-ақ ,ән көрінер,
Жақсы ән білсе, айтуға кім ерінер
Жарамды әнді тыңдасаң, жаның еріп
Жабырқаған көңілің көтерілер,-деп бізде осы жерде ән салып жіберсек қайтеді,Расул,ә?!
1ж- Айтсақ,айтайық. Абайдың әні «Көзімнің қарасы» орындайтындар Бағыт Аружан мен Ермек Айкөркем.
2-ж. Би «Қара жорға» ортаға бишілерімізді шақырамыз!
2-ж.Барша қазақ баласы Абайды тануға,білуге,Абаймен мақтануға тиіс. Ұлы ақын өз халқын өркендеген,өскен,еркін халық ретінде көруді арман еткен. Сол Абай аңсаған арманына жетіп отырмыз.
1-ж. Олай болса, жүрегі қазақ деп соққан қазақ жұрты Абайдың өлеңдерін бойтұмарындай сақтап жүруі тиіс.Артына өлмейтін мұра қалдырған ұлы Абай данышпанымыздың 170 жылдығына арналған әдеби-сазды кешіміз аяқталды.Көңіл қойып,тыңдағандарыңыз үшін көп-көп рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |