Күні: 14.11.17
Тобы: ересек топ
Білім беру саласы: Қатынас
Бөлімі: Қазақ тілі.
Тақырыбы: Дене мүшелері
Мақсаты: Білімділік: тақырып бойынша жаңа сөз үйрету. Дамытушылық: ойлау шапшандығын дамыту. Қазақ тілін білуге қызығушылықтарын арттыру. Тәрбиелік: тазалыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік құралдар: қуыршақ, суретті сөздіктер
Биллингвалдық компанент: дене мүшелері-части тела, бас-голова, қол – рука, аяқ-нога, мұрын-нос, шаш-волосы, құлақ-ши
1.Сәлеметсіңдер ме, балалар!
Шаттық шеңберін құру.
Қуан, шаттан, алақай,
Қуанатын күн келді!
Күліп шықты күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн!
2. Сұрақ-жауап
Шарты: балаларға сұрақ қою, балалар оған жауап береді. Тақтадағы суреттерді көрсетіп, өткен тақырыпты естеріне түсіру.
-Мынау не?
-Сен не киесің?
3. Жаңа сөздермен таныстыру.
Балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа қуыршақ келіпті. Қуыршақпен амандасамыз.
-Қуыршақ бүгін бізбен бірге ойнайды.
4. «Не көріп тұрсың?» д/о
-Қуыршақтың дене мүшесімен танысамыз.
-Мынау басы.
-Мынау қолы.
-Мынау аяғы.
Дыбыстық жаттығу
-өз-өз-өз –мынау көз
-ын-ын-ын-мұрын
-ол-ол-ол-екі қол......
5. Сергіту сәті.
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Керіліп, созылып;
Беті-қолын жуады.
. «Сақ бол» ойыны
Шарты: мұғалім дене мүшелерін атайды, балалар оны дұрыс көрсету керек.
7. «Мұрын, мұрын, мұрын...» д/о
Мұрын, мұрын, мұрын-бас
Мұрын, мұрын, мұрын-қол
Мұрын-мұрын, мұрын-аяқ...
Қуыршақпен қоштасу
Балаларды мадақтау. Сау болыңдар!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: дене мүшелерінің қазақша аталуын біліп, оларды дұры айтып үйренеді.
Қандай түсініктерді игерді: мұғалімнің сөзін түсініп, тапсырманы жылдам орындау дағдысын дамытады.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: дене мүшелері: бас, қол, аяқ сөздерінің аудармасын, оны дұрыс көрсете біледі.
Достарыңызбен бөлісу: |