Күні: Тақырыбы: А. С. Пушкин



Дата17.06.2018
өлшемі20,15 Kb.
#43135
түріСабақ

Пән: әдебиет, 7-сынып

Күні:

Тақырыбы:

А.С.Пушкин «Ескерткіш»

Мақсаты:

А.С.Пушкин өмірі мен шығармашылығы туралы білім алу, «Ескерткіш» өлеңінің мазмұнын ашу, идеясын анықтау.

Күтілетін нәтиже:

  1. А.С.Пушкин өмірін қазақ ақындарының өмірімен салыстыра біледі.

  2. Шығармаларын талдайды.

  3. «Ескерткіш» өлеңінің идеясын ашып, қорытынды жасайды.

Керекті жабдықтар:

Ғаламтор желілері, портрет, қосымша оқулықтар (энциклопедия, ақынның шығармалары), слайд, плакат, маркер, фломастер, ұялы телефон

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Оқушылармен амандасу, түгелдеу.

Психологиялық дайындық. Өз аттары бойынша жақсы сөздер айтады. Мысалы: Мейіргүл мейірімдімін деген сияқты. Ақынның шығармаларын атап, оқушыларды топқа бөлу. Топтардың атауы:

І топ: «Бақшасарай фонтаны»

ІІ топ: «Капитан қызы»

ІІІ топ: «Кавказ тұтқыны»

2 минут


Үй тапсырмасын «Серпілген сауал» әдісі бойынша М.Қабанбаевтың «Бауыр» әңгімесін сұраймын. Мына бағытта жоғары және төмен дәрежелі сұрақтар қойылады:

  1. Інісін іздеп тапқан балалар үйі Манапқа қандай әсер қалдырды?

  2. Қалидың тәлім-тәрбиесі қандай? Ол немен әуестенеді? Нені армандайды?

  3. Көптен көріспеген ағалы-інілі екеуінің алғашқы кездесу сәті сендерге қалай әсер етті? Көрісулерінің салқындығы неде деп ойлайсыңдар?

  4. Манаптың ел жайында, әкесінің қазасы туралы айтқан әңгімесінде қандай салт сөз болады?

  5. Ағалы-інілі екеуінің түбінде түсінісетіндігіне сенесіңдер ме?

  6. Сендер Манаптың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

  7. Осындай жағдайлар өмірде кездесе ме? Өмірмен байланыстыра отырып, әр түрлі мысалдармен дәлелдеп беріңдерші. 5 минут




Мұғаліммен амандасады, кезекші мәлімет береді.

Оқушылар жақсы сөздер айтады.

Топқа бөлінеді.

Топ ішінен бір оқушы келесі топқа серіппелі допты сұрақ қою арқылы лақтырады,екінші топ сұраққа жауап береді, сосын келесі топтан сұрақ келеді, қарсы топ жауап береді. Топ мүшелері сұрақтарға жауап береді.



Тұсаукесер

3 топқа «Топтық зерттеу» әдісі бойынша тапсырмалар беріледі. Олар ғаламтордан мәліметтер іздеп, тапқандарымен бөліседі.

І топ. Балалық шағы.

ІІ топ. Шығармалары.

ІІІ топ. Қазақ әдебиетімен байланысы.

Қосымша слайд көрсетіледі. 10мин.



Ғаламтордан мәліметтер алып, өз білгендерін топ мүшелерімен, басқа оқушылармен бөліседі.

Негізгі бөлім

Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп оқып,сұрақ-жауап әдісі бойынша мәртебесі төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар қойылады. Сұрақтар: 1. Ақын қандай ескерткіш орнатты? 2. Неліктен «Ескерткіш» деп өлеңін атады? Сіз мұны қалай түсіндірер едіңіз? 4. Өлеңдегі басты идея қандай? Қандай сөйлемдер\сөздер арқылы дәлелдейсіңдер? 5. Егер де сен ақын болсаң, өлеңді қалай жазар едің?

І топ. Венн диаграммасы арқылы «Ескерткіш» өлеңін Қ.Аманжоловтың «Өзім туралы» өлеңімен салыстыру.

ІІ топ. Өлеңді құрамына, тілдік ерекшеліктеріне қарай талдау.

ІІІ топ. РАФТ 15 минут

Өлеңмен танысады, талдайды, ой бөліседі, сұрақтарға жауап береді.

Топ болып жұмыстанады, өлеңді салыстырады, талдайды, хат жазады немесе ой толғау.



Қорытынды

Постер қорғау: «Ескерткіш орнату». Әр топ өз қалаулары бойынша өлеңмен, сөзбен, суретпен «ескерткіш орнатады». Әрбір топ келесі топтың постерін критерий арқылы бағалайды.

Критерий арқылы бағалау:



  1. Тақырып мазмұнының толық ашылуы – 3 балл

  2. Түр–тұлғасының толық сипатталуы – 2 балл

  3. Сөздердің анық, бояудың қанық болуы – 1 балл

10 минут

Әр топ мүшесі жеке жұмыстанады, сосын өз ойын топпен бөліседі, постерге жазып, қорғайды.

Үйге тапсырма

  1. А.С.Пушкиннің «Ескерткіш» өлеңін жаттау.

  2. «Пушкинді қазақша сөйлеткен» деген тақырыпта шығарма жазу.

Кері байланыс орнату. 3 мин

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.
Кері байланыс орнатады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет